Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. Адамның саналы еңбегі біздің планетамыздың дамуының басты (анықтаушы) факторына айналатын Биосфераның даму сатысы қалай деп аталады?

1. экосфера;

2. антропосфера;

3. витасфера;

4. техносфера;

5. ноосфера.

2. Қауымдастықтың құрамындағы табиғи популяциялардың құрылымы мен санын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. аутэкология;

2. демэкология;

3. геоэкология;

4. синэкология;

5. глобалдық экология.

3. Организмнің тіршілігін шектейтін экологиялық фактор қалай деп аталады?

1. ынталандырушы;

2. қолайлы;

3. оңтайлы;

4. лимиттеуші;

5. эстетикалық.

4. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады:

1. қышқыл жаңбырлар;

2. қоршаған ортаның биологиялық ластануы;

3. сапасы төмен көмірлерді отынға пайдалану;

4. қалдықтардың залалсыздандыруы;

5. атом электр станцияларын салу.

5. Табиғи ортаның абиотикалық факторларына не жатады:

1. атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдығы;

2. шөл экожүйесінің тірі организмдер қауымдастығы;

3. тундра экожүйесіндегі өсімдіктер қауымдастығының құрамы;

4. сулық экожүйедегі фитопланктон;

5. орман экожүйесіндегі қояндардың популяциясы.

6. Детрит деген не?

1. су табанындағы қара балшық;

2. өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтары;

3. топырақ құрамындағы органикалық зат;

4. түпкі тау жынысы;

5. микроорганизмдер.

7. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады:

1. қалалық автокөлік паркінің ұлғаюы;

2. ауылды жерлердегі жолдың нашарлығы;

3. адамзат қоғамындағы туылымның төмендігі;

4. шөлейттену процесстері;

5. атом электр станцияларын салу.

8. Эврибионттарға қандай организмдер жатады:

1. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең;

2. тек атмосфералық қысымға ғана толеранттылық ауқымы кең ;

3. тек судың тұздылығына ғана толеранттылық ауқымы кең;

4. тек азыққа байланысты ғана толеранттылық ауқымы кең;

5. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

9. Жердің тірі организмдер қоныстанған қабықшасы қалай аталады:

1. гидросфера;

2. атмосфера;

3. биосфера;

4. биогеоценоз;

5. тропосфера.

10. Желдің жылдамдығы мен бағыты қандай фактор мысалы бола алады:

1. зоогендік;

2. биотикалық;

3. климаттық;

4. антропогендік;

5. фитогендік.

11. Қазақстан Республикасының территориясында қанша мемлекеттік қорық орналасқан:

1. 100;

2. 1;

3. ерекше қорғалатын территориялар жоқ;

4. 50;

5. 9

12. Қандай түрлер космополит түрлер деп аталады:

1. тек аридті (шөлейтті) жағдайда ғана тіршілік ете алатын түрлер;

2. адам мекенінің маңайынан өте қолайлы жағдайлар тапқан түрлер;

3. барлық құрлықтарды мекендейтін түрлер;

4. орта температурасының қоңырсалқын болуын қалайтын түрлер;

5. биік тауларды мекендейтін түрлер.

13. Жыртқыш-жемтік қарым-қатынасы нені реттейді:

1. популяцияның жыныстық құрылымын;

2. биоценоз өнімділігін;

3. популяцияның жастық құрылымын;

4. популяция санын;

5. экожүйенің энергетикалық балансын.

14. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметі қандай өзгерістерден білінеді:

1. тіршілік ортасының физикалық-химиялық жағдайларының өзгеруінен;

2. магнитіктік дауылдардың қарқынынан;

3. жанартаулардың активтiлiгiнiң өзгеруiнен;

4. атмосферадағы ауа ағындарының бағытының өзгеруінен;

5. күн активтілігінің өзгеруінен.

15. Тіршіліктің атмосферада таралуын қамтамасыз етуші ең маңызды фактор:

1. атмосферада глюкозаның болуы;

2. атмосферада аммиактың болуы;

3. атмосферада көміртегі тотығының (СО) болуы;

4. атмосферада озон қабатының болуы;

5. атмосферада метанның болуы.

16. Гетеротрофты организмдер тіршілік процесі барысында:

1. тек электр энергиясын ғана пайдаланады;

2. өздері, жарық энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық заттардан органикалық зат түзеді (фотосинтез);

3. тек бейорганикалық заттармен ғана қоректенеді (мысалы, СО2, Н2О);

4. тек жылу энергиясын ғана пайдаланады;

5. дайын органикалық заттарды пайдаланады.

17. В.И.Вернадский бойынша ноосфера дегеніміз - бұл:

1. күн жүйесіндегі планеталар жиынтығы;

2. адамның ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде өзгерген биосфера;

3. биогеоценоздардың жиынтығы;

4. тірі организмдердің мекен ететін ортасы;

5. жер геосфераларының жиынтығы.

18. Урбаэкология нені оқытады:

1. биосфералық процестерді;

2. шөл экожүйесін;

3. қала экожүйесiн;

4. тайга экожүйесін;

5. су экожүйесін.

19. қышқыл жаңбырлардың түсуінің нәтижесінде:

1. ортаның рН көрсеткіші күрт жоғарылайды;

2. планетадағы биологиялық әралуандылық артады;

3. фотосинтез процестерінің қарқыны артады;

4. туылым жоғарылайды;

5. топырақ жамылғысы қышқылданады.

20. Өсімдіктердің жер шарындағы ролі қандай:

1. күн энергиясын аккумулияциялау (жинақтау);

2. өлі органикалық заттарды ыдырату;

3. қышқыл жаңбырлардың көзі;

4. озон қабатын ыдырату;

5. радиоактивті ластану көздері.

2 блок. Тапсырмалар.

Қазандық мұржасының қатты заттардың, күлдің максималды концентрациясының қуаттылығы М= г/с, биіктігі Н - м, жылдамдығы V1= м3/с, газды-ауалы қоспа мен сыртқы температуралар айырмасы ΔТ= . Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан. Жергілікті аймақтың рельефі биіктігі 50 м 1 км тең. Тазалау қондырғылары жоқ. Коэффициент мәндері m=1 және n=1.

Нәтижелер бойынша қорытынды жасаңыз.

3 блок.

Тұрақты дамудың концепциясы және индикаторлары.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

«Өміртіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

№9 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

« Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Зальцман М.Д._________

«_____»______________2013ж.

№___ Хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]