Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. Экологиялық өлім-жітім дегеніміз - бұл:

1. организмдердің ортаның нақты жағдайларында опат болуы;

2. организмдердің өздерінің физиологиялық жағдайының нәтижесінде ғана опат болуы;

3. дара организмдердің ең қолайлы (идеалды) жағдайларда опат болуы;

4. организмдердің ортаның экстремалды (төтенше) жағдайларында ғана опат болуы;

5. организмдердiң табиғи апаттар нәтижесiнде қаза болуы.

2. Биологиялық процестер мен құбылыстардың периодты түрде ауытқып отыруы қалай аталады:

1. адаптация;

2. таралу;

3. биологиялық ырғақ;

4. фотосинтез;

5. миграция.

3. Қауымдастықтың ішінде болатын түр аралық бәсекелестікті зерттейтін экологияның бөлімі:

1. геоэкология;

2. аутэкология;

3. глобалдық экология;

4. синэкология;

5. демэкология.

4. Планетаның озон шымылдығын ыдырататын негізгі агенттердің бірі:

1. көміртегі оксидтері;

2. метан;

3. фреондар;

4. ауыр металдар;

5. күкіртті газдар.

5. Төменде келтірілгендердің қайсысы автотрофты организмдерге жатады:

1. құстар;

2. буылтық денелілер (жәндіктер);

3. жасыл өсімдіктер;

4. адам;

5. саңырауқұлақтар.

6. Табиғи ортаның абиотикалық факторлары:

1. құрлықтың экожүйелердегі мүктер мен қыналар;

2. шалғындағы шөптер;

3. топырақ құрамындағы химиялық элементтер;

4. сулық экожүйедегі гидробионттардың популяциялары;

5. жыртқыштар популяциясы.

7. Агроценозды қандай фактордың мысала ретінде қарастыруға болады:

1. геологиялық;

2. топырақтық;

3. климаттық;

4. антропогендік;

5. биотикалық.

8. Тіршіліктің өткен дәуірлердегі және қазіргі кездегі таралу аймағы қалай аталады?

1. техносфера;

2. геосфера;

3. экосфера;

4. ноосфера;

5. биосфера.

9. В.Шелфордтың толеранттық заңының мәні мынада:

1. экологиялық факторлар жиынтығының ішінде қай фактор оптималды мөлшерде болса, тірі организмге сол фактор күштірек әсер етеді;

2. экологиялық фактордың максималды мөлшерінде ғана организм оңтайлы дами алады;

3. экологиялық фактордың минималды мөлшерінде ғана организм оңтайлы дами алады;

4. экологиялық факторлардың максималды және минималды мөлшерлерінде ғана организм организм оңтайлы дами алады;

5. организм экологиялық факторлар мөлшерінің белгілі аралықтарында ғана тіршілік ете алады.

10. Организмге әсер ете алатын қоршаған ортаның тірі компоненті қалай деп аталады:

1. химиялық фактор;

2. абиотикалық фактор;

3. биотикалық фактор;

4. физикалық фактор;

5. қышқылдық фактор.

11. Экологиялық-эконмикалық тұрғыдан алғанда күн радиациясы қандай табиғи ресурстар тобына жатқызылады?

1. қалпына келмейтін;

2. қалпына келетін;

3. сарқылатын (таусылатын);

4. сарқылмайтын (таусылмайтын);

5. салыстырмалы түрде қалпына келетін.

12. Ю.Либих өзінің минимум ережесін қай жылы ұсынды:

1. 1935 ж;

2. 1917 ж;

3. 1992 ж;

4. 1941 ж;

5. 1840 ж.

13. Бастапқы сукцессия - бұл қандай процесс:

1. өзен арнасының өзгеруі;

2. жер бедерінің өзгеруі;

3. қорым тастарда өсiмдiктер қауымдастығының қалыптасуы;

4. тыңайған жерлерде климакстың қауымдастықтың қалыптасуы;

5. зиянкестер популяциясының қауырт көбеюі.

14. Толеранттық дегеніміз:

1. экологиялық факторлардың деңгейінің ауытқуларына организмнің төзімділік шектері;

2. қандай да бір экологиялық фактордың шамадан тыс жоғары болуына организмнің жауап реакциясы;

3. организмнің күнелтуі үшін қажетті факторлардың минималды мөлшері;

4. организмнің өсіп-өркендеуі үшін қажетті оңтайлы жағдайлар;

5. қандай да бір экологиялық фактордың жетіспеушілігіне организмнің жауап реакциясы.

15. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметінің нәтижесінде жердің географиялық қабықшасында пайда болған маңызды өзгеріс:

1. алғашқы мұхит суларының және атмосфераның химиялық құрамы өзгерді;

2. күн энергиясының ағыны күшейді;

3. жанартаулардың саны көбейді;

4. жердің экватариальдық радиусы кішірейді;

5. әлемдік Мұхиттың ауданы өсті.

16. Эврибионттарға қандай организмдер жатады:

1. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең;

2. тек атмосфералық қысымға ғана толеранттылық ауқымы кең ;

3. тек судың тұздылығына ғана толеранттылық ауқымы кең;

4. тек азыққа байланысты ғана толеранттылық ауқымы кең;

5. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

17. Демографиялық жарылыс дегеніміз:

1. қалалалардың өсуі;

2. топырақ жамылғысының күйзеліске ұшырауы;

3. жер халқының экспоненциалды түрде өсуі;

4. ауыл шаруашылығы зиянкестерінің азаюы;

5. жер жанартауларының активтенуі.

18. Жердегі тіршіліктің тұрақтылығы қандай жағдайда сақтала алады:

1. адамның шаруашылық әрекетінің барлық салалары белсенді қызмет істеген жағдайда;

2. биологиялық алуандылық максималды сақталған жағдайда;

3. планетаның жылдық орташа температурасы төмендеген жағдайда;

4. шөлдену процесі қарқынды жүрген жағдайда;

5. атмосфеарадағы СО2 мөлшері артқан жағдайда.

19. Жердің ең үлкен экожүйесі:

1. биосфера;

2. әлемдік мұхит;

3. Кавказ таулары;

4. Сахара шөлі;

5. тундра

20. Қауымдастық құрамындағы турлердің арасындағы бәсекелестік қарым-қатынастарды зерттейтін экологияның бөлімі:

1. демэкология;

2. аутэкология;

3. синэкология;

4. глобалдық экология;

5. геоэкология.

2 блок. Тапсырмалар.

Жонғыш білдектің жұмысы сағатына _____ сағатты құраса, көліктік кәсіпорынның жонғыш білдегінің абразивті металдық шаң тозаңдардың жылдық және максималдық шығының мөлшерін анықтаңыз.Қорытынды жасаңыз.

3 блок.

Жер ресурстарын пайдалану мәселесі

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

«Өміртіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

№7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

« Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Зальцман М.Д._________

«_____»______________2013ж.

№___ Хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]