Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

3 Блок.

Ғаламдық экологиялық мәселелер. Қышқылды жауындар.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

«Өміртіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

№3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

« Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Зальцман М.Д._________

«_____»______________2013ж.

№___ Хаттама

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. В.И. Вернадский қандай ғылыми бағыттың авторы:

А) Жерде тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясының;

Б) табиғи сұрыпталу теориясының;

В) биосфера туралы ілімнің;

Г) "минимум" ережесінің;

Д) толеранттық заңының.

2. Экология қандай пәндердің қатарына жатады:

1. жалпы био-географиялық пәндер;

2. экономикалық пәндер;

3. қоғамдық пәндер;

4. техникалық пәндер;

5. адами (гуманитарлық) пәндер.

3. Экологияның міндеттерінің бірі:

1. азаматтардың экологиялық дүниетанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

2. жердегі магниттік дауылдардың шығу төркіні жайында түсінік қалыптастыру;

3. салауатты өмір салты туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;

4. тірі ағзалардың эволюциясы туралы түсініктерді қалыптастыру;

5. теңіз деңгейінің көтерілуі мен лықсып қайта шегінуіне айдың әсері туралы түсініктерді қалыптастыру.

4. "Биосфера" терминiн алғаш енгiзген ғалым:

1. А.Тенсли;

2. Ю.Либих;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Зюсс;

5. В.Сукачев

5. Берілген организмдер жұптарының қайсына бәсекелестік қарым-қатынас тән:

1. талшықты инфузориялар - термиттер;

2. тиін-бұлан;

3. бұқпа шаян - актиния;

4. түлкі - қасқыр;

5. бұршақ тұқымдас өсімдіктер - азотфиксациялаушы бактериялар.

6. Гетеротрофты организмдер тіршілік процесі барысында:

1. өздері, жарық энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық заттардан органикалық зат түзеді (фотосинтез);

2. дайын органикалық заттарды пайдаланады;

3. тек бейорганикалық заттармен ғана қоректенеді (мысалы, СО2, Н2О);

4. тек жылу энергиясын ғана пайдаланады;

5. тек электр энергиясын ғана пайдаланады.

7. Табиғи ортаның биотикалық факторларына не жатады?

1. жердің теңіз деңгейінен биіктігі;

2. топырақ қабатының қышқылдығы;

3. сулық экожүйенің тереңдігі;

4. сулық экожүйенің температуралық режимі;

5. тундра экожүйесіндегі сүтқоректілер.

8. Аутэкология мына мәселелерді зерттейді:

1. жеке бір организмнің қоршаған ортамен қарым қатынасын;

2. қауымдастықтың түрлік құрамының өзгеруін;

3. экожүйенің дамуындағы сукцессиялық өзгерістерді;

4. экожүйенің өнімділігін;

5. экожүйелердің адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде өзгеруін.

9. Ауа ылғалдылығы қандай фактор мысалы бола алады:

1. фитогендік;

2. климаттық;

3. микробогендік;

4. биотикалық;

5. антропогендік.

10. Популяцияның максималды туылымы дегеніміз, бұл:

1. белгілі бір уақыт аралығындағы популяция санының өсуі;

2. нақтылы сыртқы орта жағдайында бір жылда дүниге келген төлдердің саны;

3. әрбір аналықтың репродуктивтік кезең бойында берген төлдерінің орташа саны;

4. бір жылғы төлдердің ішіндегі ұрпақ беру жасына жеткендерінің үлесі;

5. қоршаған ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында барлық аналықтан беретiн төлдерiнiң саны.

11. Жануарлар дүниесі экологиялық-экономикалық тұрғыдан қарастырғанда қандай табиғи ресурстарға жатады:

1. сарқылмайтын;

2. салыстырмалы түрде қалпына келетін;

3. сарқылмайтын және қалпына келмейтін;

4. қалпына келмейтін;

5. сарқылатын.

12. Адамның саналы еңбегі біздің планетамыздың дамуының басты (анықтаушы) факторына айналатын Биосфераның даму сатысы қалай деп аталады?

1. техносфера;

2. антропосфера;

3. витасфера;

4. ноосфера;

5. экосфера.

13. Биоценоз ненің құрамдас бөлігі:

1. автомибильдерден шығатын газдардың;

2. жердің озон қабатының;

3. химия өндірісінің;

4. экожүйенің;

5. минералдық тыңайтқыштардың.

14. Биосфера деп біз:

1. жердің сұйық күйдегі қабықшасын (гидросфераны) атаймыз;

2. жердің қатты күйдегі қабықшасын (литосфераны) атаймыз;

3. жердің барлық экожүйелерінің жиынтығын атаймыз;

4. құрлықтық экожүйелердің жиынтығын атаймыз;

5. сулық экожүйелердің жиынтығын атаймыз.

15. Биологиялық ырғақтар дегеніміз, бұл:

1. биологиялық процестердің циклды тербелістері;

2. зиянкестер мен паразиттердің санының оқтын-оқтын қауырт көбейіп кетуі;

3. тірі организмдердегі биохимиялық реакциялардық өту жылдамдығы;

4. кейбір организмдердің дыбысқа (мысала, музыкаға) жауап қайтару қабілеті;

5. таулы жерлерде өсімдік жамылғысының вертикаль бағытта белгілі бір заңдылық бойынша өзгеруі.

16. Өсімідік жапырақтарында күн сәулесінің әсерімен қандай процесс жүреді:

1. мутациялар;

2. тыныс алу;

3. органикалық заттардық ыдырауы;

4. ақуыздардың синтезі;

5. фотосинтез

17. Соңғы санақ деректеріне сәйкес жер шарындағы халықтың қазіргі саны:

1. 15 млрд;

2. 10 млрд;

3. 6,5 млрд;

4. 1 млрд;

5. 500 млрд.

18. Бастапқы экологиялық сукцессия қандай жерлерде болады:

1. бұрында органикалық заттар болған жерлерде;

2. топырақ түзілу процесі жаңадан басталған жерлерде,

3. құнарлы топырақ қабаты бар жерлерде;

4. қылқанжапырақты ағаштар өскен жерлерде;

5. жылдың көпшілік бөлігінде жауын-шашындар түсетін жерлерде

19. Топырақ микроорганизмдері үшін энергия көзі болып табылады:

1. шөгінді қалдықтар

2. топырақ ылғалдылығы;

3. топырақ минералдары;

4. топырақтың коллоидты фракциясы;

5. өлі органикалық заттар.

20. "Экология" ғылымы нені зерттейді:

1. организмдердің бір-бірімен және өздерінің тіршілік ету ортасымен байланыстарын;

2. жердегі эволюциялық процестің негізгі бағыттарын;

3. биологиялық жүйелердің өзін-өзі жаңғырту процестерін;

4. организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің негізгі заңдылықтарын;

5. тірі организмдердің мінез-құлқын және таралуын.

2 блок. Тапсырмалар.

Қазандық мұржасының қатты заттардың, күлдің максималды концентрациясының қуаттылығы М= г/с, биіктігі Н - м, жылдамдығы V1= м3/с, газды-ауалы қоспа мен сыртқы температуралар айырмасы ΔТ= . Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан. Жергілікті аймақтың рельефі биіктігі 50 м 1 км тең. Тазалау қондырғылары жоқ. Коэффициент мәндері m=1 және n=1.

Нәтижелер бойынша қорытынды жасаңыз.

3 блок.

Биосфера және В.И. Вернадскийдің биосфера - ноосфералық концепциясы. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

«Өміртіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

№4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

« Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Зальцман М.Д._________

«_____»______________2013ж.

№___ Хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]