Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Тақырыбы: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы».

2. Мақсаты: фармакокинетика және фармакодинамика жалпы заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

1. Фармакокинетиканың жалпы заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру

2. Фармакодинамиканың жалпы заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  1. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  2. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  3. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

3. Хронометраж

4. Сабақтың ұзақтығы 3 сағат (150 мин.)

  • Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

  • Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 72 мин.

  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 45 мин.

  • Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

  • Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

  • Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Фармакология анықтамасы, оның құрамдас бөліктері, мақсаты мен міндеттері, басқа медициналық- -биологиялық пәндер арасында алатын орны. Фармакологияның қысқышы тарихы.

  2. Жалпы фармакология анықтамасы, міндеттері.

  3. Дәрілік заттар фармакокинетикасы, анықтамасы және құрамы.

  4. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.

  5. Әртүрлі енгізу жолдары кезіндегі дәрілік заттардың сіңірілуі. Негізгі сіңірілу механизмдері мен оларға әсер ететін факторлар.

  6. ағзада дәрілік заттардың таралу жолдары және оларға әсер ететін факторлар.

  7. Биологиялық тосқауылдар. Дәрілік заттардың тасымалдануы. Қорға жиналу.

  8. Ағзада дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы (биотрансформация мен метаболизм).

  9. Ағзадан дәрілік заттардың шығу жолдары. Дәрілік заттардың жүйеалды және жүйеден кейінгі элиминациясы.

  10. Фармакокинетиканың негізгі көрсеткіштері. Биожеткіліктілік пен биоэквиваленттілік туралы түсінік.

  11. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

  12. Біріншілік фармакологиялық реакция (әсер), орналасуы мен дәрілік заттардың әсер ету механизмдері. Дәрілік заттардың әсер ету механизмінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонитттер мен антагонисттер туралы түсінік.

  13. Әсер ету түрлері. Фармакотерапия түрлері.

  14. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін негізгі факторлар.

  15. Фармакологиялық әсерлерінің химиялық құрылымы мен физика-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.

  16. Дозалар түрлері. Емдік әсер кеңдігі туралы түсінік.

  17. Қайталап қолдану, дәрілік заттарды жұптастырып қолдану. Дәрілік заттардың әсер ету принциптері. Дәрілік тәуелділікпен күресудің әлеуметтік және медициналық аспектілері.

  18. Дәрілік заттар әсерінің ағза қасиетіне, индивидуалды ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларға, генетикалық факторларға, қоршаған орта факторларының әсеріне тәуелділігі.

  19. Хронофармакология туралы түсінік.

  20. Аллергиялық табиғатты әсерлер мен ағза сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер.

  21. Жасқа байланысты ерекшеліктер.

6. Сабақ беру әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық есептерді және нұсқау бойынша тапсырмаларды шешу, тесттік тапсырмаларды шешу, кіші топтармен жұмыс.