Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Наркоздық заттарға және этил спиртіне рецептті безендірудің жалпы принциптерін білу және рецепттерді құрастыру, соның ішінде стоматология практикасында.

2. Наркоздық заттардың және этил спиртінің фармакокинетикасы және фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын білу.

3. Наркоздық заттардың және этил спиртінің ағзаның жеке дара ерекшеліктеріне, ауырудың түріне және препараттың сипаттамасына байланысты мөлшерлеу тәртіптерін және принциптерін, енгізу жолдарын білу, соның ішінде стоматологияда.

4. Наркоздық заттардың және этил спиртінің қасиеттерін негізге ала отырып, оларды қолдану мүмкіндіктерін білу, соның ішінде стоматология практикасында.

5. Наркоздық заттарды және этил спиртін қолдануға негізгі көрсетулерді, қарсы көрсетулерді білу, жанама әсерлерін білу, олардың алдын алу.

6. Наркоздық заттарды және этил спиртін жұптастыру мүмкіндіктерін, жанама әсерлерін білу.

Операционалды компетенция:

1. Наркоздық заттарға және этил спиртіне рецептте жазу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бірреттік, тәуліктік мөлшерлерін есептеу дағдысын қалыптастыру.

3.Осы топқа жататын препараттардың жанама әсерлерін тани білу, олардың алдын алу

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлесуді игеру.

2. Даулы жағыдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым қатынасқа әсер етуді белсендіру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлану, еркін түрде пікірталас жүргізе білу.

Құқықтық компетенция:

  1. Құқықтық білімді және дағдыны қалыптастыру: дәрілік заттарды дұрыс жазуды және медициналық құрал жабдықтарды сақтауды, жіберуді реттейтін ҚР негізгі заңды актілерін білу

Өзін жетілдіру және үздіксіз білім алу:

1. Қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияларды қолдану, ақпарат жинау және оларды өзбетімен өңдеу және талдау жасау.

2.СӨЖ дың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, эссе, тесттк тапсырмаларды, презентацияларды құрастыру).

Хронометраж

Сабақтың ұзақтылығы 3 сағат (150 мин.)

  1. Ұйымдастыру бөлімі - 3 мин.

  2. Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 10 мин.

  3. Студенттердің өзіндік жұмысы - 72 мин.

  4. Студенттердің оқытушымен бірігіп өзіндік жұмысы - 30 мин.

  5. Білімнің соңғы деңгейін бағалау - 29 мин.

  6. Білімді жалпы бағалау - 3 мин.

  7. Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар - 3 мин.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Медиаторлар –ОЖЖ модуляторлары.

2. Наркозға арналған заттардың жіктелуі. Мүмкін болатын әсер ету механизмі.

3. Наркоз жағыдайының жалпы сипаттамасы. Наркоздық әсер кеңдігі жайлы түсінік.

4. Эфир наркозының сипаттамасы.

5. Ингаляциялық наркоз үшін кеңінен қолданатын заттардың әсерін салыстырмалы бағалау.

6. Ингаляциялық емес наркоз үшін қолданатын заттар, олардың әсер ету ерекшеліктері. Кеңінен қолданатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

7. Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттарды қолдануға көрсетулер, асқынулар, стоматологияда қолдану мүмкіндігі.

8. Этил спиртінің жергілікті және резорбтивті әсерлері, улану, көмек көлемі, созылмалы алкоголизмді емдеу.

4.Оқыту тәсілдері: тақырыптың негізгі сұрақтары туралы әнгімелесу, дискуссия, аз топтармен жұмыс істеу, жағдайларды құрастыру, кейс-стадия, тесттік тапсырмаларды, жағыдайлық есептерді, кроссвордтарды, сканвордтарды шешу, иллюстративті материалдармен жұмыс істеу.