Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жергілікті әсер ететін коагулянт:

  1. Гепарин

  2. Тромбин

  3. Фибриноген

  4. Стрептокиназа

  5. Ацетилсалицил қышқылы

Тест №2 (1жауап)

Гепариннің антагонисті:

  1. Протамин сульфаты

  2. Викасол

  3. Ацетилсалицил қышқылы

  4. Аминокапрон қышқылы

  5. Тромбин

Тест №3 (1жауап)

Викасол -

  1. Кальций иондарын байланыстырады

  2. Тромбиннің белсенділігін төмендетеді

  3. Протромбиннің тромбинге айналуына кедергі келтіреді

  4. Бауырдағы протромбин синтезін ынталдандырады

  5. Протеолитикалық ферменттерді тежейді

Тест №4

Сәйкестендіріңіз

Препарат

1. Тромбин

2. Ацетилсалицил қышқылы

3. Стрептодеказа

Қолданылуы

а. тромбты еріту үшін

б. тромбоздың алдын алу үшін

в. жергілікті қан кетуді тоқтату үшін

Тест №5 (1жауап)

Неодикумариннің антагонисті:

  1. Ацетилсалицил қышқылы

  2. Аминокапрон қышқылы

  3. Викасол

  4. Пентоксифиллин

  5. Гепарин

Тест №6 (1жауап)

Бауырдағы протромбин синтезін ынталдандыратын препарат:

  1. Гепарин

  2. Ацетилсалицил қышқылы

  3. Неодикумарин

  4. Викасол

  5. Аминокапрон қышқылы

Тест №7 (1жауап)

Фибринолитикалық заттар қолданылады:

  1. Фенилинді артық қолднағанда

  2. Жаңа тромбтарды еріту үшін

  3. Тромб түзілуінің алдын алу үшін

  4. Қан кетуді тоқтату үшін

  5. Гепаринді артық қолданғанда

Тест №8 (1жауап)

Аминокапрон қышқылы:

  1. Тікелей әсер ететін антикоагулянт

  2. Антиагрегант

  3. Фибринолизді тежегіш

  4. Тікелей емес әсер ететін антикоагулянт

  5. Коагулянт

Тест №9 (1жауап) Тромбоксан а 2 синтезін тежейді

  1. Тромбин

  2. Викасол

  3. Неодикумарин

  4. Ацетилсалицил қышқылы

  5. Аминокапрон қышқылы

Тест №10 (1жауап)

Препаратты анықтау: антикоагулянттар тобына жатады, әсері тез дамып, 3-6 сағатқа созылады, кумуляцияланбайды:

  1. Фенилин

  2. Гепарин

  3. Неодикумарин

  4. Варфарин

  5. Фепромарон

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тест №1

2

Тест №2

1

Тест №3

4

Тест №4

1-в, 2-б, 3-а

Тест №5

3

Тест №6

4

Тест №7

2

Тест №8

3

Тест №9

4

Тест №10

2


№12 сабақ.

  1. Тақырыбы: «Гормондық препараттар, олардың синтетикалық аналогтары және антагонистері

  2. Мақсаты. Гормондық препараттар, олардың синтетикалық аналогтары және антагонистерінің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

  1. Гормондық препараттар, олардың синтетикалық аналогтары және антагонистерінің жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

  2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

  3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

  4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

  5. Гормондық препараттар, олардың синтетикалық аналогтары және антагонистерінің дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)