Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6. Тексеру:

Бағаланатын компетенциялар: практикалық дағды, құқықтық компетенция.

№10 сабақ.

  1. Тақырыбы: «Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттар»

  2. Мақсаты: қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.

  3. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

  1. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

  2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

  3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

  4. Емдеудің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

  5. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың дәрілік қалыптарын таңдау, енгізу жолдары туралы білімді қалыптастыру.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 3 сағат (150 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  • Білімнің бастапқы деңгейін бағалау -10 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы -72 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -30 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру -29 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 3 мин

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабынуға қарсы заттардың жіктелуі.

  2. Стероидты қабынуға қарсы заттар. Глюкокортикостероидтар. Глюкокортикостероидтардың зат алмасуға әсері (көмірсу, ақуыздар, майлар, су-тұз алмасуы).

  3. Глюкокортикостероидтардың негізгі фармакологиялық әсерлері. Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті, шокқа қарсы және антитоксикалық әсерлерінің механизмдері.

  4. Жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, енгізу жолдары, жанама әсерлері.

  5. Жергілікті қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикоидтар. Преднизолонның дифторланған туындыларының (флуметазон және беклометазон) әсер ету және қолдану ерекшеліктері.

  1. Стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚЗ). Жіктелуі. Олардың мүмкін болатын әсер ету механизмдері. Негізгі әсерлері.

  2. СЕҚЗ-дың қабынуға қарсы, қызуды түсіретін және ауру сезімін басатын әсерлерінің айқындылығы бойынша салыстырмалы сипаттамасы.

  3. Аллергияға қарсы заттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі, олардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

  4. Гистаминге қарсы, серотонинге қарсы (ципрогептадин)және брадикининге қарсы (пармидин) препараттар.

  5. Баяу дамитын гиперсезімталдықта қолданылатын препараттар.

  6. Анафилактикалық шокта қолданылатын препараттар (адреномиметиктер, бронхолитиктер, тіндердің зақымдалуын азайтатын заттар).

  7. Мембрана тұрақтандырушы заттар. Әсер ету принципі, қолданылуы, жанама әсерлері.

6. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004-608 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - С 327-331, 418-435, 396-406.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – С 320-327, 399-415, 377-387.

  4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 212-216, 276-287, 231-238 с.

  5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 184-186.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

Бағдарламалық препараттар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты, беклометазон дипропионаты, ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен, индометацин, пироксикам, диклофенак-натрий, напроксен, мелоксикам, нимесулид, целекоксиб, рофекоксиб, кромолин-натрий, кетотифен, димедрол, диазолин, дипразин, ципрогептадин, лоратадин (кларитин), цетиризин, фексофенадин, бета-адреномиметиктер, ксантиндер, пармидин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: преднизолон, индометацин, диклофенак-натрий, мелоксикам, димедрол, лоратадин, кетотифен

8. Бақылау: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.

Өзіндік дайындалуға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1 (1жауап)

Диклофенак натрийдің әсер ету механизмі:

1. ЦОГ-1 тежеу

2. ЦОГ-2

3. Блокирование ЦОГ-1 и ЦОГ-2

4. Блокирование фосфодиэстеразы, ЦОГ-1

5. Блокирование фосфодиэстеразы, ЦОГ-2

Тест №2 (3жауап)

Димедролдың әсерлері:

  1. Қабынуға қарсы

  2. Қызуды түсіретін

  3. Гистаминге қарсы

  4. Ұйықтатқыш

  5. Иммунодепрессивті

Тест №3 (1жауап)

Тоқтату синдромы қандай препаратты қабылдауды тоқтатқанда пайда болуы мүмкін:

  1. Ацетилсалицил қышқылы

  2. Кромолин натрий

  3. Преднизолон

  4. Напроксен

  5. Ибупрофен

Тест №4 (1жауап)