Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

№ 2 Сабақ

  1. Тақырыбы: Афферентті иннервацияға әеср ететін заттар.

2. Мақсаты: тиісті патологиялық жағдайларда,сонымен қатар стоматология практикасында препараттарды таңдауды қамтамасыз ету үшін жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы туралы түсініктерді қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

  1. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттарға жіктелуін қалыптастыру.

  2. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық негіздерін қалыптастыру.

  3. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттардың қолдану әдістерін және дәрілік қалыптарын таңдаудың жалпы принциптерін қалыптастыру.

  4. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттардың фармакологиялық қасиеттері бойынша топтарын анықтау принциптерін қалыптастыру.

  5. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттардың негізгі қолданыуын және қолданылмауын қалыптастыру.

  6. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттардың жанама әсерлерін тану принциптерін қалыптастыру және оларды тоқтату.

Операционалды компетенция:

  1. Жергілікті анестетиктердің, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы заттарға рецепт жаза білу.

  2. Дәрілік заттың бір реттік мөлшерін есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік сөйлей білу.

2. Даулы жағдайлардың алдын алу және оны шеше білу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакологияның мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

4. Сабақтың хронометражы

Сабақтың ұзақтылығы 3 сағат (150 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  • Білімнің алғашқы деңгейін бағалау-10 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы -72 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -30 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру -29 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау -3 мин

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

      1. Жергілікті анестетиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

      2. Жергілікті анестетиктердің қолданылуы, негізгі жанама әсерлері.

      3. Қармаушы, қаптаушы және сорып алушы заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі.

      4. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

      5. Қармаушы, қаптаушы және сорып алушы заттардың жанама әсерлері.

      6. Қолдануға көрсетулері.

6. Оқытудың түрлері: ауызша сұрау, сөз талас жүргізу, кіші топтарда жұмыстар жүргізу, жетекші оқулық бойынша жағдайлық есептерді шығару және тапсырмаларды орындау, кестелерді, сызбаларды, суреттерді талдау, тест тапсырмаларын орындау, берілген рецептуралық жазбаларға нәтижелеу.

7. Әдебиет:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. Мемлекеттік тілдігі аудармасы –Алматы, 2009. 640 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: ГЭОТАР-Мед, 2008. Б. 189-208, 513-523.

  3. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005. Б. 129-136, 331-333.

  4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. – М.: Новая волна, 2007. т 1. – Б.

  5. Фармакология /под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: ГЭОТАР-Мед, 2004. Б. 192-206.

  6. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. Б. 31-99.

  7. Фармакология (учебное пособие) / Под ред. И.В. Марковой, В.Н. Саляева. М.: Медицина, 1988. С. 54-60, 212-216.

  8. Оқу құралы.

Бағдарламалық препараттар: тетракаин (дикаин), бензокаин (анестезин), пиромекаин, прокаин (новокаин), ксикаин (лидокаин), артикаин (ультракаин), тримекаин, бупивакаин, танин, қабығының қайнатпасы, висмуттың негізгі нитраты, өсімдік тектес қармаушы заттар, крахмал шырышы, магний трисиликаты, алюминий гидроокисі, зығыр дәні, белсендірілген көмір, ақ саз.

Рецепт жазатын препараттар: инфильтрациялық анестезияға арналған новокаин ертіндісі, инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияға арналған лидокаин ертіндісі, танин (ауызды шаюға арналған ертінді), белсендірілген көмір.

Бақылау: келесі компетенция бойынша бағаланады: когнитивті, операциональды

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау-әңгімелесу.

  2. Жағдайлық есептерді шешу және тест тапсырмаларын орындау