- •1.Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқаруға түсініңтеме беріңіз.
- •2.Жоба және жобаларды басқаруға анықтама беріңіз. Жобаның ерекше белгілерін жазыңыз. Жобаларды басқару функцияларын атаңыз.
- •3.Ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару қызметінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •4.Жобаның өмірлік айналымына анықтама беріңіз және фазалары мен сатыларын ашып ашып жазыңыз. Программалық өнімнің өмірлік айналымын сипаттаңыз.
- •5.Жоба қатысушыларын атаңыз және әрқайсысына анықтама беріңіз. Жобаларды басқару объектісі мен субъектісін түсіндіріңіз.
- •6.Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •8.Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Жобаның жоспарын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
- •9.Жобаның жоспарын құру және талдау әдістемесін түсіндіріңіз.
- •11.Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымына сипаттама беріңіз. Жауапкершілік матрицасын құруға мысал келтіріңіз.
- •10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелердің және программалық жабдықтардың жобасын құруды жоспарлауды түсіндіріңіз.
- •Жобаның мақсат ағашы
- •12.Жұмыстардың декомпозициясының құрылымын сипаттаңыз. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын ашып жазыңыз.
- •13.Жобаның күнтізбелік жоспарының анықтамасы. Желілік жобалар және жобадағы бір есепті желілік жобалау көмегімен жазып көрсетіңіз.
- •14.Жоба ресурстары анықтамасын беріңіз. Ресурстарды бөлу туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •15.Басқару құны анықтамасын беріңіз.Өмірлік айналым кезеңіндегі басқару құнының құрылымын ашып жазыңыз.
- •16.Жоба сапасын басқару анықтамасын беріңіз және ақпараттық жүйелердің сапасын қамтамасыз ету шараларына тоқталыңыз.
- •17.Тәуекелдік ұғымы және түрлеріне тоқталыңыз. Тәуекелдікті басқару және талдауды сипаттаңыз.
- •18.Сапаны сандық бағалау тұрғысынан сипаттаңыз. Парето диаграммасы анықтамасын беріңіз және диаграммадағы сандық көрсеткіштердің формуласын жазыңыз.
- •19.Жобадағы коммуникацияларды басқаруды ашып жазыңыз.
- •20.Жобаның орындалуын бақылауға тоқталыңыз. Бақылаудың түрлерін атаңыз.
- •21.Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдарына тоқталыңыз. Жобаға қатысушылар анықтамасын беріңіз.
- •22.Тәуекелдікті анықтаңыз және алдын ала жобалауға түсініктеме беріңіз. Тәуекелдік және анықталмағандық туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •23.Жобаларды басқаруға арналған программалық жабдықтауларды бекіту рәсімдеріне тоқталыңыз.
- •24.Жобалық топты басқаруды түсіндіріңіз. Кадрларды стратегиялық басқарудың басты қағидаларын атаңыз және ашып жазыңыз.
- •25.Бақылаудың мақсаты мен тағайындалуы. Бақылаудың түрлеріне тоқталыңыз. Бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды анықтаңыз.
- •26.Конфигурациялық басқарудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Конфигурация объектілерінің идентификациясын түсіндіріңіз.
- •27.Жобаның күнтізбелік жоспары жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •28.Ақпараттық жүйелерді өңдеу жобаларын түсіндіріңіз.
- •29.Жобадағы сапаны жоспарлау әдістері мен жабдықтарын сипаттаңыз.
- •30.Программалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
16.Жоба сапасын басқару анықтамасын беріңіз және ақпараттық жүйелердің сапасын қамтамасыз ету шараларына тоқталыңыз.
Сапа - бұл нақты қойылған функционалдық талаптар және олардың сипаттамаларына, өңдеуді бiрмәндi құжаттайтын стандарттарға, сонымен бiрге құрылған жабдықтарда жобаланатын қосымша сипаттамаларға сәйкестiк.
Жобадағы сапаны басқару (ProjectQuelityManagement ) - жобаларды басқару бөлімі, оған талаптарды қанағаттандыратын жоба кепілдігін қамтамасыз етуші қажетті есептер және процедуралар кіреді.
Сапаны басқару құрамына кіреді:сапаны жоспарлау, сапаны қамтамасыз ету, сапаны бақылау. Жобадағы сапамен басқару кезеңдері:сапамен басқарудың тұжырымдасы және инициализациясы; сапаны жоспарлау;сапаны бақылауды ұйымдастыру және іске асыру; күйдi талдау және сапаны қамтамасыз ету.
Сапаны жоспарлау - сапаға қойылатын талаптар және бұл талаптардың орындалуы бойынша әрекеттердің анықталуы. Сондықтан сапаны қамтамасыз ету жоспарының құрамына кіреді: ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарлары; бақылау және сынау шараларын өткiзу рәсімінің сипаттамасы;ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы үлгiсімен сәйкес барлық жұмыстарға арналған тексерiлетiн көрсеткiштердiң тiзiмi.
Сапаны бақылау - жоба бойынша қызметтiң нақты нәтижелерiн зерттеп отыру, стандарттарға және талаптарға сәйкестiктi анықтау. Қойылған рәсімі, ережелер, регламенттер және тағы басқалар қолдануға бақылау. Мұның барлығы арнайы,кең қолданылатын құралдармен әдiстерi- бақылау карталары, тексеру, диаграмма және тағы басқалардықолданумен iске асады.
Жобадағы сапаны жоспарлаудың әдiстері және құралдары Табыс/шығынды талдау. Нәтижелердiң сапасы кез-келген жоба жетiстiгін қамтамасыз етедi. Дегенмен, сапаны жоспарлағанда жобада табыстар және шығындар арасындағы ымыраластықтықты сақтау керек, сапаны қамтамасыз ететін альтернативаның пайда шығыстан асады деген аксиоманы сақтауда тапсырыс берушiні қанағаттандыратын түрін таңдау керек.
Салыстырмалы талдау.Сапаны жоспарлаудың рәсімін жақсарту үшiн бұрын iстелiнген жобалар тәжiрибесін жоспарлаудың нәтижелерiн нақты орындалған жобалардың деректері мен салыстыра отырып есепке алу керек. Мұндай талдау бақылаудың нүктесiн дұрыс анықтап және қолданылатын рәсіміды жетiлдiруге көмектеседi.
Сапаның қамтамасыз етілуі - жобаның iске асырылуы жүрiсiнiң жүйелi тексерілуi, жоспарлы тексерулер, шолулар және тағы басқалар өткiзу.
Ақпараттық жүйе жобасының сапасын басқарумен ұйымдастыру ортақ басқарудың барлық функцияларын қосады - мақсаттар, өкiлеттiктерді анықтау, жауапкершiлiктi үлестiру, бұдан басқа сапаны жоспарлау және сапаны қамтамасыз етудi бақылаудан да.
Жобадағы сапаны басқаруды аяқтау мына процедуралардан тұрады:
жоба нәтижелерінің сапасын қорытынды бағалау;
аяқтауды қабылдау шешімі;
сапа бойынша ескертулер мен талап-тілектер тізімі;
даулы мәселелер мен шиеленістерді шешу;
құжаттар мен архивті дайындау;
сапаны басқару бойынша сабақ алу және алынған тәжірибеге талдау жасау
17.Тәуекелдік ұғымы және түрлеріне тоқталыңыз. Тәуекелдікті басқару және талдауды сипаттаңыз.
Тәуекелдік –жобаның шығысына кері әсер ететін, мүмкін болатын сипаттағы теріс оқиға. Жобаның тәуекелдігі (Р) – жобаның сәтті аяқталуына қауіп төндіретін, күтпеген оқиға. Р жобаға көрсетуі мүмкін оқиға мен әсерді біріктіреді. Р – жобаны өңдеу уақыты мен оның бағасын өзгерту қаупі. Р-ның табиғаты жоба мен оның орындалу ерекшеліктеріне негізделген «сыртқы» және «ішкі» факторлардан туындаған белгісіздікпен байланысты.Тәуекелдікті талдау керек, оны басқару керек, кері жағдайда жобаның уақытында іске аспауы немесе қаржы көлемі немесе функционалды талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін. Тәуекелдікті басқару – негативті тәуекелдік оқиғаларын азайтатын және позитивті оқиғалардың болуын көбейтетін бастамалармен, шешім қабылдау және тәуекелдікті талдаумен байланысты жүйелік үдерістер.Тәуекелдікті басқару және талдау түрлері:Р-ның идентификациясы, Р-ны анықтау және жобалау, Р-ның сандық бағасы,Р-ны басқару және оның мониторингісі.3 пункт жобаға байланысты Р-ны анықтайды; оны ↓-у жолын таңдау немесе оған әсер етуді болдырмау.
Тәуекелдікті идентификациялау. Тәуекелдікті топтау және оның шекарасын анықтағанан кейін, жобаның нақты тәуекелдіктерін идентификациялау үдерісі басталады. Құрушыға анық барлық тәуекелдікті анықтау қажет. Қадамдар:Р-ның түрін анықтау үшін анкета-сауалнамалар жасау;Жинақталған ақпаратты талдау – Р-ның әлдеқайда қауіпті факторларын, сонымен қатар бірнеше тәуекелдіктің пайда болуы мүмкін аймақтар мен жағдайларды анықтау. Сұрақтар әр Р-ға өзіне сәйкес бағалар шкаласымен қауіптілік дәрежесін анықтайтын бірнеше Р-дан тұруы мүмкін. Әр Р-ға құрушы ↓-у дәрежесінің бірнеше нұсқасын қарастырады.
Тәуекелдікті анықтау және алдын ала жобалау.Тәуекелдік Р пайда болғанда оқиғаның болу ықтималдығы мен жобаның бағасының өзгеруін ескере отырып, жоғалту функциясымен сандық байланыста болуы мүмкін. Ықтималдық жалпы жобада немесе оның этаптарында анықталуы мүмкін.
Тәуекелдікті алдын ала жобалау – әр тәуекелдікті орындалу ықтималдығы мен оның аяқталу нәтижесі тұрғысынан бағалау.Жобаның жоспарын құрушы эксперттік баға нәтижесінде 4 келесі түрді анықтайды:Тәуекелдіктің ықтималдығын анықтайтын шкаланы анықтайды;Нәтижелерін анықтайды; Тәуекелдіктің өнімге және жобаға әсерін анықтайды;Тәуекелдікті жобалаудағы жалпы дәлдікті анықтайды;Тәуекелдіктің ықтималдық бағасының шкаласы сандық, сапалық, бульдік түрде анықталуы мүмкін. Тәуекелдіктің сандық бағасы –жалпы жобаның және жеке тәуекелдіктердің сандық кезеңі. Бұл кезеңге Ri (тәуекелдік), Li (тәуекелдік ықтималдығы), Xi (әсері) формасындағы үштік анықталуы керек.Басқарылатын тәуекелдікке жоба үшін анықталу қажет деңгейлер бар:Жобаның құны;Жұмыс істеу графигі;Жобаның сипаттамасы; Шектік деңгей бар.
Р-ны басқару және оның мониторингі.Жинақталған мәліметтердің негізінде тәуекелдікді басқару тізбектілігі құрастырылады. Кадрлардың ағымдылығы жобалық тәуекелдіктің байыпты факторы ретінде қарастырылады. Алдыңғы жобаның анализі негізінде тәуекелдікдің орта ықтималдығы жайлы, оның құрастырудың дәрежесін және бағасын арттыру, мерзімін ұлғайту жайлы сандық мәлімет жинақталған.
