- •1.Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқаруға түсініңтеме беріңіз.
- •2.Жоба және жобаларды басқаруға анықтама беріңіз. Жобаның ерекше белгілерін жазыңыз. Жобаларды басқару функцияларын атаңыз.
- •3.Ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару қызметінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •4.Жобаның өмірлік айналымына анықтама беріңіз және фазалары мен сатыларын ашып ашып жазыңыз. Программалық өнімнің өмірлік айналымын сипаттаңыз.
- •5.Жоба қатысушыларын атаңыз және әрқайсысына анықтама беріңіз. Жобаларды басқару объектісі мен субъектісін түсіндіріңіз.
- •6.Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •8.Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Жобаның жоспарын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
- •9.Жобаның жоспарын құру және талдау әдістемесін түсіндіріңіз.
- •11.Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымына сипаттама беріңіз. Жауапкершілік матрицасын құруға мысал келтіріңіз.
- •10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелердің және программалық жабдықтардың жобасын құруды жоспарлауды түсіндіріңіз.
- •Жобаның мақсат ағашы
- •12.Жұмыстардың декомпозициясының құрылымын сипаттаңыз. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын ашып жазыңыз.
- •13.Жобаның күнтізбелік жоспарының анықтамасы. Желілік жобалар және жобадағы бір есепті желілік жобалау көмегімен жазып көрсетіңіз.
- •14.Жоба ресурстары анықтамасын беріңіз. Ресурстарды бөлу туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •15.Басқару құны анықтамасын беріңіз.Өмірлік айналым кезеңіндегі басқару құнының құрылымын ашып жазыңыз.
- •16.Жоба сапасын басқару анықтамасын беріңіз және ақпараттық жүйелердің сапасын қамтамасыз ету шараларына тоқталыңыз.
- •17.Тәуекелдік ұғымы және түрлеріне тоқталыңыз. Тәуекелдікті басқару және талдауды сипаттаңыз.
- •18.Сапаны сандық бағалау тұрғысынан сипаттаңыз. Парето диаграммасы анықтамасын беріңіз және диаграммадағы сандық көрсеткіштердің формуласын жазыңыз.
- •19.Жобадағы коммуникацияларды басқаруды ашып жазыңыз.
- •20.Жобаның орындалуын бақылауға тоқталыңыз. Бақылаудың түрлерін атаңыз.
- •21.Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдарына тоқталыңыз. Жобаға қатысушылар анықтамасын беріңіз.
- •22.Тәуекелдікті анықтаңыз және алдын ала жобалауға түсініктеме беріңіз. Тәуекелдік және анықталмағандық туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •23.Жобаларды басқаруға арналған программалық жабдықтауларды бекіту рәсімдеріне тоқталыңыз.
- •24.Жобалық топты басқаруды түсіндіріңіз. Кадрларды стратегиялық басқарудың басты қағидаларын атаңыз және ашып жазыңыз.
- •25.Бақылаудың мақсаты мен тағайындалуы. Бақылаудың түрлеріне тоқталыңыз. Бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды анықтаңыз.
- •26.Конфигурациялық басқарудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Конфигурация объектілерінің идентификациясын түсіндіріңіз.
- •27.Жобаның күнтізбелік жоспары жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •28.Ақпараттық жүйелерді өңдеу жобаларын түсіндіріңіз.
- •29.Жобадағы сапаны жоспарлау әдістері мен жабдықтарын сипаттаңыз.
- •30.Программалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
2.Жоба және жобаларды басқаруға анықтама беріңіз. Жобаның ерекше белгілерін жазыңыз. Жобаларды басқару функцияларын атаңыз.
Жоба – бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі. Жоба – бұл нәтиже беретін үдерістер жиынтығы, ал нәтижелер сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша адам ресурстары және қаржылық, материалдық ресурстарға қатысты құн мен уақыт шығындарына, белгілі бір нақты түрмен бекітілген спецификацияларға сәйкес ұйымдастырылады. Жобаның ерекше белгілері: нақты мақсат; ішкі және сыртқы өзара байланыс; жобаның бекітілген басталу және аяқталу мерзімі; шектелген ресурстар; мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы); орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы. Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді: жұмыстың жалпы бағдарламасы, мақсат ағашы, ұйымдастыру құрылымы, штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы, ресурстарды бөлу ағашы, тәуекелдік пен құн ағашы.Жобаны басқару функциялары: жоспарлау, бақылау, талдау, шешімдерді қабылдау, жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу, жүзеге асыруды ұйымдастыру, мониторинг, бағалау, есеп беру, сараптама жүргізу, тексеру және қабылдау, бухгалтерлік есеп, басқару.
Жобаны басқарудың ішкі жүйелеріне кіреді: жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару, уақытты басқару, құнды басқару, сапаны басқару, сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару, ресурстарды бөлуді басқару, адам ресурстарын басқару, тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару. Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері: жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу; жобаның құрылымын айқындау; қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау; орындаушыларды конкурс арқылы таңдау; келісім-шарттарды дайындау және келісімдерге отыру; жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны іске асыру графигін құруға, қажет ресурстарды есептеу; жобаның сметасы мен бюджетін есептеу, тәуекелдікті жоспарлау және ескеру; жобаның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету. Жобаны басқару әдістері: желілік жоспарлау және басқару, күнтізбелік жоспарлау, логистика, стандартты жоспарлау, құрылымдық жоспарлау, ресурстық жоспарлау, имитациялық модельдеу және т.б.
3.Ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару қызметінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
1)Өнімнің және оның өндірістік үдерісінің сипаттамаларын өлшеу. Басқарушыға өндірістің өнімін және оны құру үдерісін түсінуге мүмкіндік береді. Құрастырушылардың еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын анықтаудың тура және қосымша өлшемдері жобаны жоспарлау және жоспардың орындалу барысын бақылау үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Жаңа жобаны бағалау мен жоспарлау мақсаттары үшін бұрынғы жобаларды құру жөніндегі тарихи деректер қажет. Осы деректердің негізінде жұмыстағы келеңсіздіктерді жою, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін анықтау, жаңа өнімнің сапасын бағалау бойынша басқару шешімдерін қабылдау өлшемдері үшін қолданылатын базалық бағыт қалыптасады. Ақпаратты-программалық өнімдерді құру кезінде бұйымның өлшемі мен функционалды қызметіне бағытталған өлшемдер қолданылады. 2)Жобаның еңбек өнімділігін және құнын бағалау.Жобаны тиімді жоспарлау үшін жобаны құрудың еңбек өнімділігін,жоба жұмыстарының орындалу ұзақтығын, орындалу құнын бағалайды. 3) Орындалған жобалар жөніндегі деректерді жинау және талдау. Нәтижелерді талдай және деректерді бір-бірімен салыстыра отырып, жобаның дұрыс бағалануы үшін бірнеше әдістерді қолданады. Әдістердің негіздері:алдымен өнімнің алғашқы өңделмеген нұсқасы анықталады– алғашқы деректер ретінде бұрынғы жобалардың тарихи деректері мен сараптама бағалары қолданылады; жоба бөлімдерге бөлінеді, олардың әрқайсысы жеке-жеке бағаланады – жеке бағалардың негізінде бүкіл жобаның бағасы анықталады.
Көрсеткіштер:
Жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы
Еңбек трудоемкость (жұмыс көлемі)
Жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі)
құны (шығындар мен жоба нәтижесінің қатынасы)
коммерциялық тәуекелдік
өміршеңдік қабілеті
бәсекелестікке қабілеті
қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі
Жобаның орнықты сипаттамалары (қасиеттері):
жаңалығы
заманауилығы
кешенділігі
жүйелілігі
сенімділігі
техникалық жүзеге асуы
пратикалық жарамдылығы және т.б.
