Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 теория.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

26.Конфигурациялық басқарудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Конфигурация объектілерінің идентификациясын түсіндіріңіз.

Конфигурациялық басқару мәселелері жүйенің басқа элементтеріне де қатысты. Оның компоненттеріне үнемі өзгеріс енгізіліп отырады, себебі жұмыс барысында оның барлық қатысушылары тәжірибе жинақтай береді. Өзгерістер тек жүйені құру кезінде ғана болмайды, сонымен қатар оны пайдаға асыру мен сүйемелдеу кезінде де болып отырады. Өзгерістерді енгізудің қарапайымдылығын және жеңіл қабылдануын, олардың мақұлдануын қамтамасыз ету маңызды, сонымен қатар осы қызметтерді іске асырумен байланысты шығындарды азайту да маңызды. Осы есептерді шешу үшін конфигурациялық басқару қолданылады. Өзара байланысқан элементтер жиынтығы жобаның орындалу үдерісіндегі ақпаратты құрайды, ал жүйенің конфигурациясы – бұл осы үдерістегі ақпаратты сүйемелдеу. Конфигурация элементтері: құжаттар, программалар, деректер, құру ортасының элементтері. Программаны құрудың алға жылжуы бойынша конфигурацияның элементтерінің санының шамасы мейлінше тез өсіп отырады, себебі әр элемент басқа элементтің пайда болуына әсер етеді. Конфигурацияның элементтеріне өзгерістер енгізу кезінде оның жаңа нұсқалары пайда болады. Конфигурациялық басқару өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін арналған. Программаға өзгерістерді енгізуді бақылау – программалық жабдықтаудың конфигурациялық басқаруының басты есебі.

Конфигурациялық басқару – өмірлік айналымның барлық кезеңдерінде орындалатын қызмет. Конфигурация элементтері конфигурациялық басқарудың рәсіміне бағынады. Рәсімі: сәйкестендіру әдістері, өмірлік айналымның барлық кезеңдерінде конфигурацияның элементтерін сақтау және өзгертулерді ұйымдастыру. Рәсімі жүйеленген болуы тиіс, ал осы рәсіміды қолдану қатаң сақталынады және үнемі бақыланады. Конфигурациялық басқару бойынша қызметтер өнімнің конфигурациясын басқару жоспарында беріледі. ISO12207 (1995 жыл) стандартына сәйкес конфигурациялық басқару программалық жабдықтардың өмірлік айналымын қолдайды және мына қызмет түрлерінен тұрады: программалық жабдықтардың элементтерінің конфигурациялық сәйкестендірілуі; программалық жабдықтардың өзгерісін конфигурациялық бақылау; конфигурациялық статусын есепке алу; нұсқалардың шығуын және жеткізілімдерді басқару.Негізі: жоба қаралғаннан және тексерілгеннен кейін кейінгі модификацияның негізі бола алады.

Конфигурация объектілерін идентификациялау. Конфигурация элементі – деректер, техникалық, программалық жабдықтардың немесе құжаттардың жиынтығы, жобаны құру үдерісі кезінде құрылады және конфигурациялық басқару үдерістерінің бірегей мән-мағынасы ретінде қарастырылады. Конфигурация объектілерінің идентификациясы объектілер арасындағы қатынасты ескеруі тиіс. Объект құрама объектінің бір бөлігі ретінде берілуі мүмкін. Part of қатынасы– объектілер иерархиясын біріктіреді.

27.Жобаның күнтізбелік жоспары жайлы толық мағлұмат беріңіз.

Жоба мерзімін басқару –жобаның әр есебі үшін уақыт шекарасын анықтау немесе басқаша айтқанда, күнтізбелік жоспарды оңтайландыру және бір қалыпқа келтіру. Күнтізбелік жоспар – бұл басталу және аяқталу күні көрсетілген жобаның барлық жұмыстарының тізімі. Күнтізбелік жоспарды құру қадамдары: алдымен жоба жұмыстарын декомпозициялау құрылымы (WBS) қалыптастырылады, яғни жобаны этаптар мен есептердің иерархиялық ағашы түрінде беру;содан кейін құрастырушылар командасының мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаның әр есебі үшін орындалу мерзімі қойылады.Жұмыстарды декомпозициялау құрылымы (WBS-work breakdown structure)- бұл күнтізбелік жоспар бойынша және шығындарды бақылау бойынша есеп берулердегі есептерді ұйымдастыруда қолданылатын иерархиялық құрылым. Фаза (фаза, phase) – бұл байланысқан есептер тобы, олардың аяқталуы жобаның маңызды бөлігінің орындалуын білдіреді. Есеп (жұмыс, task) – басы және соңы бар жұмыстар. Жоба жоспары есептерден тұрады. Күнтізбелік жоспарды құру: MS Project программасында есептер тізімін және жұмыстарды декомпозициялау құрылымын құру:Есептердің орындалу ұзақтығын және еңбек шығынын бағалау;Есептерді орындауда жұмсалатын уақытты анықтау үшін еңбек шығындылық немесе ұзақтық мәні енгізіледі. Байланыстыру (Linking) – жобадағы есептер арасындағы тәуелділікті орнату. Қолданушы есептерді байланыстыру үшін олардың басталу және аяқталу күндері арасындағы байланысты анықтайды . Алдыңғы есеп(Predecessor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталуы немесе аяқталуы тиіс есеп. Кейінгі есеп (Successor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталмайтын немесе аяқталмайтын есеп. Есептер арасындағы байланыстар типтері:АБ (аяқталуы- басталуы),ББ (басталуы- басталуы), АА (аяқталуы - аяқталуы), БА (басталуы - аяқталуы).Гантт диаграммасы күнтізбелік жоспарды көрсету болып табылады. Henry Laurence Gantt (1861-1919) – американдық инженер, ғылыми ұйымның теоретигі. Ленталық диаграммаларды ойлап тапты, бұл диаграммалар кейіннен әйгілі болды. Веха (Milestone) – жобадағы маңызды оқиғаны көрсететін тірек нүктесі және жобаның орындалу барысын бақылау үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]