Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 теория.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

13.Жобаның күнтізбелік жоспарының анықтамасы. Желілік жобалар және жобадағы бір есепті желілік жобалау көмегімен жазып көрсетіңіз.

Жоба мерзімін басқару –жобаның әр есебі үшін уақыт шекарасын анықтау немесе басқаша айтқанда, күнтізбелік жоспарды оңтайландыру және бір қалыпқа келтіру. Күнтізбелік жоспар – бұл басталу және аяқталу күні көрсетілген жобаның барлық жұмыстарының тізімі. Күнтізбелік жоспарды құру қадамдары: алдымен жоба жұмыстарын декомпозициялау құрылымы (WBS) қалыптастырылады, яғни жобаны этаптар мен есептердің иерархиялық ағашы түрінде беру;содан кейін құрастырушылар командасының мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаның әр есебі үшін орындалу мерзімі қойылады.Жұмыстарды декомпозициялау құрылымы (WBS-work breakdown structure)- бұл күнтізбелік жоспар бойынша және шығындарды бақылау бойынша есеп берулердегі есептерді ұйымдастыруда қолданылатын иерархиялық құрылым. Фаза (фаза, phase) – бұл байланысқан есептер тобы, олардың аяқталуы жобаның маңызды бөлігінің орындалуын білдіреді. Есеп (жұмыс, task) – басы және соңы бар жұмыстар. Жоба жоспары есептерден тұрады. Күнтізбелік жоспарды құру: MS Project программасында есептер тізімін және жұмыстарды декомпозициялау құрылымын құру:Есептердің орындалу ұзақтығын және еңбек шығынын бағалау;Есептерді орындауда жұмсалатын уақытты анықтау үшін еңбек шығындылық немесе ұзақтық мәні енгізіледі. Байланыстыру (Linking) – жобадағы есептер арасындағы тәуелділікті орнату. Қолданушы есептерді байланыстыру үшін олардың басталу және аяқталу күндері арасындағы байланысты анықтайды . Алдыңғы есеп(Predecessor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталуы немесе аяқталуы тиіс есеп. Кейінгі есеп (Successor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталмайтын немесе аяқталмайтын есеп. Есептер арасындағы байланыстар типтері:АБ (аяқталуы- басталуы),ББ (басталуы- басталуы), АА (аяқталуы - аяқталуы), БА (басталуы - аяқталуы).Гантт диаграммасы күнтізбелік жоспарды көрсету болып табылады. Henry Laurence Gantt (1861-1919) – американдық инженер, ғылыми ұйымның теоретигі. Ленталық диаграммаларды ойлап тапты, бұл диаграммалар кейіннен әйгілі болды. Веха (Milestone) – жобадағы маңызды оқиғаны көрсететін тірек нүктесі және жобаның орындалу барысын бақылау үшін қолданылады.

Желілік жобалар. Жоспар желілік график түрінде бейнеленеді. Желілік график екі ерекшеленген төбесі бар бағытталған граф түрінде беріледі. Граф төбелері жоспар пункттеріне сәйкес оқиға, ал қабырғалары – жұмыс болып табылады. Сонымен, желілік диаграмма (желі, желі графы, PERT диаграммасы) – жоба жұмыстарының және олардың байланыстарының графиктік бейнеленуі.

Желілік жоспарлау әдістері- жоба ұзақтығын минимумға дейін қысқарту мақсатында қолданылатын әдістер. Олар сыни жолдар әдісіне (СЖӘ) және бағалау мен жоспарларды қайта қарау PERT (Program Evaluation and Review Technique) әдісіне негізделеді. Алғашқы әдіс 1956 жылы «Дюпон» фирмасының зауыттарын модернизациялау бойынша жұмыстар кешенінің жоспар-графигін құру үшін жасалған. Сонымен, сыни жол (Critical path) – күнтізбелік жоспарға сай мерзімде жобаны аяқтау үшін орындалатын жоспарланған есептер жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]