- •1.Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқаруға түсініңтеме беріңіз.
- •2.Жоба және жобаларды басқаруға анықтама беріңіз. Жобаның ерекше белгілерін жазыңыз. Жобаларды басқару функцияларын атаңыз.
- •3.Ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару қызметінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •4.Жобаның өмірлік айналымына анықтама беріңіз және фазалары мен сатыларын ашып ашып жазыңыз. Программалық өнімнің өмірлік айналымын сипаттаңыз.
- •5.Жоба қатысушыларын атаңыз және әрқайсысына анықтама беріңіз. Жобаларды басқару объектісі мен субъектісін түсіндіріңіз.
- •6.Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •8.Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Жобаның жоспарын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
- •9.Жобаның жоспарын құру және талдау әдістемесін түсіндіріңіз.
- •11.Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымына сипаттама беріңіз. Жауапкершілік матрицасын құруға мысал келтіріңіз.
- •10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелердің және программалық жабдықтардың жобасын құруды жоспарлауды түсіндіріңіз.
- •Жобаның мақсат ағашы
- •12.Жұмыстардың декомпозициясының құрылымын сипаттаңыз. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын ашып жазыңыз.
- •13.Жобаның күнтізбелік жоспарының анықтамасы. Желілік жобалар және жобадағы бір есепті желілік жобалау көмегімен жазып көрсетіңіз.
- •14.Жоба ресурстары анықтамасын беріңіз. Ресурстарды бөлу туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •15.Басқару құны анықтамасын беріңіз.Өмірлік айналым кезеңіндегі басқару құнының құрылымын ашып жазыңыз.
- •16.Жоба сапасын басқару анықтамасын беріңіз және ақпараттық жүйелердің сапасын қамтамасыз ету шараларына тоқталыңыз.
- •17.Тәуекелдік ұғымы және түрлеріне тоқталыңыз. Тәуекелдікті басқару және талдауды сипаттаңыз.
- •18.Сапаны сандық бағалау тұрғысынан сипаттаңыз. Парето диаграммасы анықтамасын беріңіз және диаграммадағы сандық көрсеткіштердің формуласын жазыңыз.
- •19.Жобадағы коммуникацияларды басқаруды ашып жазыңыз.
- •20.Жобаның орындалуын бақылауға тоқталыңыз. Бақылаудың түрлерін атаңыз.
- •21.Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдарына тоқталыңыз. Жобаға қатысушылар анықтамасын беріңіз.
- •22.Тәуекелдікті анықтаңыз және алдын ала жобалауға түсініктеме беріңіз. Тәуекелдік және анықталмағандық туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •23.Жобаларды басқаруға арналған программалық жабдықтауларды бекіту рәсімдеріне тоқталыңыз.
- •24.Жобалық топты басқаруды түсіндіріңіз. Кадрларды стратегиялық басқарудың басты қағидаларын атаңыз және ашып жазыңыз.
- •25.Бақылаудың мақсаты мен тағайындалуы. Бақылаудың түрлеріне тоқталыңыз. Бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды анықтаңыз.
- •26.Конфигурациялық басқарудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Конфигурация объектілерінің идентификациясын түсіндіріңіз.
- •27.Жобаның күнтізбелік жоспары жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •28.Ақпараттық жүйелерді өңдеу жобаларын түсіндіріңіз.
- •29.Жобадағы сапаны жоспарлау әдістері мен жабдықтарын сипаттаңыз.
- •30.Программалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
6.Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері жайлы толық мағлұмат беріңіз.
Пәндік саланы басқару– қызметтің маңызды түрі. Басқаруға қатыстылар: уақыт (бекітілген мерзімде жобаны орындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды және операциялардың құрамы мен олардың өзара байланысын, операциялардың ұзақтығының бағасын, күнтізбелік кестені құру мен оны басқаруды анықтайды), құн (жоба бюджетін бекітуді қанағаттандыруға қажетті үдерістерді сипаттайды), сапа (жоба мақсатын қанағатандыруға бағытталған іс-шаралардың мазмұнын береді), қызметкер (адамдардың қызметін қолдану үдерістерін сипаттайды), тәуекелдік (тәуекелдікке идентификация, талдау жасау және оны тану үдерістерін сипаттайды ), ақпараттық байланыс және т.б. Жобаны басқару үдерістері.
Жоба үдерістерден тұрады. Үдеріс — бұл нәтиже беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жобаны басқару теориясында мына үдерістер түрлері бар: басталу (инициация) үдерістері (жобаны орындаудың басында шешім қабылдау); жоспарлау үдерістері (мақсатты және жоба жетістігінің критерийлерін анықтау және оларға жетудің жұмыс сұлбасын жасау);орындалу үдерістері (жоспарды орындау үшін адам және басқа ресурстардың бағыты);басқару және бақылау үдерістері (мониторинг, жұмыс барысының өзгерісі, түзету жұмыстары, оларды келістіру және қолдану); аяқтау үдерістері (жоба немесе фазаның орындалуын қалыптандыру және оларды нақты бір қорытындыға жеткізу).
7.Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелердің жобаларын басқаруға сипаттама беріңіз.
Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару (ПЖЖБ, Американдық стандарт, 1987 жыл) құрамында жоспарлау, ұйымдастыру, мамандарды таңдау, мониторинг жасау, бақылау мен жетекшілік ету үдерістері бар және программалық жабдықтаудың жобасын орындау бойынша жұмыстар ретінде программалық жабдықтаудың жобасын басқаруды анықтайды.
Жобаны басқару мақсаты-бұл ресурстарды тиімді қолдану және программалық өнім мен ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы бойында оларды жеке жұмыстарға үйлестіріп бөлу жолымен оларды жоғалтып алуды болдырмау. Жобаны ұйымдастыруда таңдалған модель негізінде жұмыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру ақпараттық жүйелер жобасын басқару кезіндегі қызметтің негізгі түрлері болып табылады, осы кезде функционалды және матрицалық модельдері қарастырылады. Жеке жұмыстарды орындау кезінде еңбек өнімділігін бағалау үшін қатаң нормативті қордың жоқ болуы, сонымен қатар жобаның негізгі параметрлерін жеткілікті сенімді түрде бағалау қиындықтары ақпараттық жүйелердің программалық жабдықтауларының жобаларын басқару ерекшеліктері болып табылады. Сондықтан программалық өнімнің сипаттамаларын өлшеу үшін өлшемдер жүйесін орнату қажеттілігі, сонымен қатар басқа жобаларды құру жайлы мағлұматтарды үнемі жинау және жүйелендіру мәселесі туындайды. Ақпараттық жүйелердің жобаларын құру кезінде жоба параметрлерінің бағасын үнемі анықтап отыру керек, сондықтан жұмыстарды жоспарлау жүйені құрумен бірге қатар жүргізіліп отырады. Негізінде, өмірлік айналымның келесі фазасы бірнеше бөліктерге бөліп жоспарланады, жуықтап келесі фазаның параметрлері жоспарланады және орнатылады, уақыт өте келе баға нақтырақ бола түседі. Күрделі ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар жобаларын басқару ерекшеліктеріне тәуекелдікті, тәуекелдіктің әр түрлі көздерін жатқызуға болады. Сондықтан жобаны жетістікпен орындауға қауіп төндіретін тәуекелдікті басқаруға ақпараттық жүйелерді құру кезінде аса мән беріледі. Жобаны басқару ақпараттық және программалық өнімдерді құрудың заманауи әдістері мен жабдықтарын таңдауға мүмкіндік береді, олар өмірлік айналымның барлық этаптарында қолданылады және жоба менеджері жабдықтар мен әдістерді таңдауға, оны құрастырушы ұжымның меңгеруіне және оларды практика түрінде қолдануға жауап береді. Бұл техникалық басқару саласы: сапаны басқаруды ұйымдастыру, конфигурацияны басқару, құрылған программалық өнімнің верификациясы мен аттестациясын басқару. Қазіргі кезде жобаны басқару әдістері стандартты басқару әдістеріне жатады. Басқарудың иерархиялық моделімен бірге матрицалық модель де кең түрде қолданыла бастады. Бұл жоба жетекшісіне басқару есептерін бөлімдер бойынша және орындаушыларға бөлуге мүмкіндік береді, яғни есептерді кешендік түрде шешуді қамтамасыз етеді.
