Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 теория.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113 Кб
Скачать
☆

8.Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Жобаның жоспарын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

Жоспарлау – бұл менеджменттің алғашқы функциясы. Программалық өнімді құру жобасын жоспарлаудың жоспарлау түріне қатысты жалпы аспектілері, сонымен бірге тек программалық өнімді құру үдерісіне тиісті арнайы аспектілері бар.

Жобаларды басқару үшін:орындалатын жұмыстардың жаспары құрылады; жоспардың орындалуы бақыланады. Жобаның басталуы және аяқталуы бар.

Жоба – бұл белгілі уақыт мерзімінде нақты нәтижеге және кесімді ақыға және қойылған мақсатқа жету іс-әрекеті. Жоспарларды жоспарланған кезең бойынша бөлуге болады:

  • Стратегиялық. Стратегиялық жоспар ұзақ кезеңді қамтиды.

  • Ағымдық. Ағымдық жоспар ағымдағы орындалатын жобаға жатады.

  • Жедел. Жедел жоспар бірнеше рет құрылуы және бір жоба бойы орындалуы мүмкін.

Жоспарлау – жобаның орындалу кезінде орындалатын тұрақты үдеріс. Жоспарлаудың мәні мақсатты қоя білуден және оған жету үшін әр түрлі тәсілдерден тұрады: жұмыстарды орындау кезінде әр түрлі жабдықтар мен әдістерді қолдану,ресурстарды үйлестіре білу, жоба қатысушыларының жұмысты бірлесе отырып орындауы.

Жоба жоспарының қажеттілігі:жоспар айқын түсінікті қалыптастыруға көмектеседі; жоспар жобаның орындалуы кезіндегі әр адамның рөлін айқындап береді;жоспар жұмыстың әр түрлі бөліктерінің арасындағы барлық өзара байланысты көруге мүмкіндік береді; жоспар – әрбір кезектегі өзгерістердегі санаққа алу нүктесі;жоспардың көмегімен қай кезде мақсатқа жеткендігін, қашан жобаның аяқталғанын көруге болады.

Жоба мақсаты айқын түрде берілуі керек және белгілі бір критерийлерді қанағатандыруы тиіс: нақтылық; шынайылық; өлшемділік; қайшылықсыздық.

Мысалы кез келген бір жобаны жүзеге асырудан бұрын, оған жоспар құрып аламыз. Жоспарсыз жобаның құрылуы ол тиімсіз. Жоспар айқын, нақты, дұрыс жасалуы қажет.

9.Жобаның жоспарын құру және талдау әдістемесін түсіндіріңіз.

Жоспарлауға жалпы бағыттама мына түрде болады: есептер тізімін жасау; жұмыстың орындалу графигін құру; талап етілген ресурстарды бөліп алу; жауапкершіліктерді бөлу; есептер арасындағы тәуелділікті анықтау; есептерге тұлғаларды тағайындау; есептің орындалу мерзімін анықтау; нақты есептермен байланысты тәуекелдікті бағалау; қиын жолдардан шығуды табу; басқарудың инфрақұрылымын құру; шығындарды бағалау.

Жоба жоспарының құрамы: есептер; ресурстар;бағыты.

Есеп – нәтижеге жету үшін жоба көлемінде орындалатын жұмыс. Бақылау ыңғайлы болу үшін жұмыстар фазаларға және топтарға біріктіріледі. Фазалардың жиынтығы өмірлік айналым деп аталады. Жоба жоспары неғұрлым бөлшектенген болса, соғұрлым жоспар нақты болады, әр жоба фазасы аяқталғанда нәтижені талдау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Кей жағдайда келесі фазаға өту ерте болуы мүмкін. Есептер 3 типті болуы мүмкін:нақтыланған ұзақтықпен; нақтыланған еңбек шығынымен; нақты ресурстар көлемімен.

Веха – фазаның соңғы есебі. Әр есеп сипатталады: ұзақтығымен – есеп орындалуы үшін жұмыс уақытының кезеңі; еңбек шығынымен.Байланыстар типтері: аяқталуы – басталуы;басталуы – басталуы;аяқталуы – аяқталуы; басталуы – аяқталуы.

Ресурстар: кадрлар; программалық жабдықтар; ақпараттық жабдықтар;техникалық жабдықтар. Жобада әр қызметкердің өз рөлі бар. Адам ресурстарының тізімін жасау кезінде рөлдік жоспарлау жиі қолданылады, яғни жұмысты орындау үшін мамандардың қажеттілігі анықталады, содан кейін ғана қызметкерлер жұмысқа алынады.

Ресурстар құны – жобада оларды қолдану құны. Екі баға қолданылады:уақыт бойынша бірлік;пайдалану құны.

Тағайындау – нақты есептер мен ресурстар байланысы. Тағайындау жоспардағы ресурстар мен есептерді біріктіреді. Есептің орындалуына жауапты тағайындалады. Жеке есептерге ресурстарды тағайындау арқылы есептердің орындалу мерзімін реттеуге болады.

Жоба үшбұрышы: уақыт; ақша;жұмыс көлемі.Жоба құрамының кез-келгенінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне алып келеді. Үшбұрыштың ішіндегі төртінші элемент – сапа. Кез-келген құрамның өзгеруі сапаға әсер етеді. Жоспарлау кезінде ең бастысы– ресурстар арасындағы жұмыстарды бірдей етіп бөлу.

Құнды жоспарлау әдістері:аналогия бойынша; «төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша- жеке есептердің бастапқы құнын есептеу және олардың қосындысы;«жоғарыдан төменге» қағидасы бойынша- жобаның жалпы құны анықталады, содае кейін жеке есептерге бөлінеді..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]