Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛОР экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
36 Кб
Скачать
☆

13 Билет

  • Мұрын аралығының гематомасы мен абцесі көбінде сыртқы мұрын жарақаттары себеп болады. Гематома этиол: жарақат, инфек, гемопатиялар (гемофилия, тробоцитопения); Абцесс этиол: жарақат, гематомасыз-мұрын кіреберісі фурункулының абцесске айналуы, балалардың септикалық жағдайында метастаз беру. Клиника гематома: мурын аймагында ауырыну, мұрынмен дем алудың прогрессивті қиындауы, бас ауру; Абцесс: интоксикация, бас ауру, мұрын аймағының ауырсынуы, дем алу қиынд, сыртқы мұрын ісігі нәтижесінде мұрын деформациясы, тері гиперемиясы,мурынды пальпациялаганда ауырсыну, мурыннын шырышты кабыгынын ісінуі байкалады.. Қарауда: егер м.ұшын саусақпен жоғары көтерсе, м.далдасының екі жағынан да сілемейлі қабығы қызарған іркілдек домалақ ісікті көруге болады. Асқынуы: менингит, кавернозды синустың тромбозы, ми абцесі.

Д-а: анамнез, науқастың жалпы жағдайы, сыртқы мұрынды қарау, риноскопия, пункция, қанды бөліністі сору;

Емі. Пункция жасай отырып, жиналған сүйықтықты сору, пеницилин жіберу. Қатты іріңдеп м.шеміршегі еріп кету қаупі туғанда операция. М.ішінен м.далдасының екі жағынан тік тіледі, тесіліп кетпес үшін әр жерден кеседі. Тілген жерлерге стерильді дәке тілшелерін қойып бір тәуліктен кейін ауыстырып отырады. Кең спектірлі Антибиотик беріледі.

2) Көмей диффтериясы. Нағыз круп – бұл көмейдің шырышты қабығының фиброзды қабынуы,козд-дифтерия не Леффлер таяқшасы, көбінде 2-4 жастағы балалар ауырады. Клиникасы 3 сатыдан өтеді:1-ші сатысында – ауру біртіндеп басталады, белгілері айқын емес. 2-ші сатысында – афония, дыбыссыз жөтел, ентікпе, тыныс алу бұзылады. Баланың түсі бозарады, көп терлейді де,еріндері көгеріп, тамыр соғу ырғағы бұзылады.Бірнеше сағаттан 1-2 күнге созылады. 3-ші кезеңде белгілер күшейіп, тұншығу үдей түседі, науқас есеңгіреп, әлсізденіп, ұйқысы келеді. Цианоз, Чейн- Стокс дем алуы пайда болады. Д-а: Тікелей емес не тікелей ларингоскопия кезінде көмей саңылуында қалың күлгін-сұрғылт түсті өңездер болады,олар қиындықпен алынады және алғаннан кейін орны қанайды. Микробиялогиялық зерттеулер кезінде қоздырғышын, яғни диффтерия таяқшасын аңықтаймыз.Диф д-а: жалған круппен жүргізіледі. Нағыз круп тек диффтерия кезінде, дыбыс байламдарының қабынуы ғана болып келсе, ал жалған круп қалған барлық ОРЗ ауруларында кездеседі. Бұл кезде дыбыс байламдары аумағы ғана емес, көмейдің шырышты қабаты, төмен тіпті трахея мен бронқа дейін қабынады. Емі: науқасты оңашалау, диффтерияға қарсы сарысу жіберіп инфек ауруханаға жатқызу. Сарысуды –антитоксинді бұлшықетке жібереді, ол тек қанда бос айналып жүрген токсинді байланыстырады, бірақ таяқшаны өлтірмейді. Жеңіл түрінде Бездетка әдісі бойынша ең аз мөлшерде 3-5 мың ЕД, ауыр жайылған түрінде 10-20 мың ЕД дейін өсіреміз. Бұл мөлшерді әрбір 8-14 сағ сайын әбден өңездер жоқ болғанға шейін қайталау керек. Тамақ күтімі жақсы болу керек, науқасқа антибиотиктер, аскорбин қышқылы, вит В,Р, қақырық түсіретін дәрілер беріледі. Науқастың көмей қуысы тарылып тұншққан кезде кеңірдекті тесіп тыныс түтігін орнатады(трахеостомия),кейде пластмасса түтігімен интубация жасайды.