Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
918 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары.

  2. 1867-1868 жж. реформалардың себептері мен маңызы.

Тақырып 3.8: XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақтан – Ресей империясының отары

Ресейде крепостнойлық құқықты жою бойынша 1861 жылғы реформа орыс шаруаларының шығыс аудандарға қоныс аударуына жағдай жасады. Үкімет Ресейдегі аграрлық мәселенің шиеленісуін әлсіретуге және төңкерістік толқуларды әлсіретуге тырысты. XIX ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында Қазақстанға орталық Ресейден шаруалардың қоныс аударылуы басталды. Әсіресе Жетісу облысына қоныс аударушылардың үлкен ағыны бағытталды.

1892 жылдың аяғында транссібір магистралінің құрылысымен байланысты Қазақстанға шаруаларды қарқынды қоныс аудару басталды. Жалпы қоныс аударушылардың ағынын 1871­1897 жылдары шамамен 328 мың адам құрады. Қазақтардың үлес салмағы 73,4% -дан 67,7% дейін азайды.

Ресей экономикасының қазақ ауылына ықпалы отырықшы тіршілік пен егіншіліктің таралуынан көрінді. Негізгі қоныс аударушылар ағыны бағытталған, Қазақстанның солтүстік өлкелерінде егіншілік басым, көшпелі мал шаруашылығы шектеулі болды.

XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан ресей өнеркәсіпшілері өз қаражаттарын Қазақстанға бағыттай бастады. 1865 жылы үкімет Қазақстанның батысындағы Эльтон тұз кәсіптерін жеке жалға алушыларға берді. Бақыншақ, Илецк және Коряков кәсіптері өндірілді.

Ұзындығы бойынша ең үлкен Орынбор-Ташкент темір жолы болды.

Ғасырдың аяғында ірі кәсіпорындар (300-400 адам) пайда болды. Олардың ішінде – Успен кеніші, Қарағанды көмір бассейні, Екібастұз, Риддер.

Мемлекеттік банктің бөлімшелері Оралда (1876), Петропавлда (1881), Семейде (1887), Омскіде (1895), кейінне Верныйда (1912) құрылды.

Петропавлдан мал айдау жолымен Қорғанға және Шадринскке жыл сайын 340 мың ірі қара және 550-600 мың қой мен ешкі айдалды.

80-ші жылдары тек Шығыс Қазақстанда 70 астам жәрмеңке қызмет етті. Ең ірі жәрмеңкелердің бірі Қоянды жәрмеңкесі болды. Қарқара (Жетісу уезінде), Орал облысында Ойыл, Шар-Екатерининская (Семей облысында) айтарлықтай белгілі болды.

ХХ ғасырдың басына қарай қазақ жерінде 19 жаңа қала болды. 1897 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанның ірі қалаларының ішінде: Орал - 36,4 мың адам, Верный - 22,7 мың, Семей - 20,2 мың, Петропавл - 19,6 мың, Жаркент - ­16 мың, Қостанай - 14,2 мың болды.

1851 жылдың 25 шілдесінде Шығыс Түркістанда ресейлік елшілік орталықтар және орыс саудагерлерінің сауда факторияларын ашу бойынша Құлжада келісімге қол қойылды. Қытаймен керуен саудасының кедендік орталықтарының (Троицк, Орынбор, Семей, Өскеменнің кеден орталығы) құқықтары артты. Басты тауар шай болды, жыл сайын шамамен 3 000 пұт сатып алынды.

50-60-шы жылдары саудаға Қапал, Верный жетісу пункттері белсенді араласа бастады.

Қытаймен экономикалық қатынастарда Петропавл мен Семей жетекші роль атқарды. Қытаймен саудада Жетісудағы Қарқара жәрмеңкесі мен Орталық Қазақстандағы атақты Қоянды (Ботовская) жәрмеңкесі ерекше байқалды.

1894 жылдың 30 тамызында сібір теміржолын іске қосу Қазақстан мен Қытайдың саудасын жаңа дәрежеге көтерді.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана және Самарқанд. Облыстардың уездерге бөлінуі сақталды. Өлкені басқарудың орталығы Ташкент қаласы болды.

Түркістан өлкесінде империялық типтегі соттар құрылды, мұсылман халқының істерін қарайтын, соттың төменгі буынын – «халық сотын» құру көзделді. Түрлі уездер мен болыстардың тұрғынгдарына қатысты істерді шешу үшін, сонымен қатар халық соттарының және олардың съездерінің соттыларды жер аудару туралы өтініштерін қарастыру үшін, төтенше сот съездері шақырылды.

1864 жылы шығыс Түркістанда дұнғандар мен ұйғырлардың кең етек алған көтерілісі орын алды. Синьцзяньдегі көтерілісті басқаннан кейін қытай жағы Іле өлкесін Қытайға қайтаруды талап етті.

1881 жылғы Петербург келісім Іле өлкесінің тұрғындарының қытай немесе орыс бодандығын таңдауын көздеді. 45 мыңнан астам ұйғыр мен 5 мыңнан астам дұнған Жетісу өлкесі мен Солтүстік Қырғызстанға көшті.

Ұйғырлар мен дұнғандар егіншілікпен айналысты. Тютюнге (отбасына) 5-10 десятина жер кесілді. Дұнғандар негізінен күріш өсірді. Дұнған отбасыларының көпшілігі бақша өсірумен айналысты. Ұйғырлар сонымен қатар бақша өсірумен, бақшашылықпен айналысты.