Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
918 Кб
Скачать
☆

3 Бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан

Тақырып 3.1 Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы

Оқу материалының мазмұны

Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ұлы жұт жылдары». Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі. Қазақтың халық батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және олардың ерліктері. Жауға қарсылық көрсетудегі Абылхайыр ханның ролі. Аңырақай шайқасы және оның маңызы. Қазақтардың жоңғарлармен күрестегі елеулі жеңістері.

Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуы. Қазақ жүздеріне қатысты патшалық Ресейдің саясаты. А.И.Тевкелев елшілігі. XVIII ғасырдың 40-шы жылдарын басындағы Кіші және Орта жүздегі жағдай.

Абылай хандығы. Патшалық Ресей мен Цинь империясына қатысты Абылай хан саясатының мәнісі. Абылай хан қазақ жерлерін біріктіру үшін күресуші, мемлекеттік және саяси қайраткер ретінде.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі мен «Ұлы жұт жылдары», қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының аттары мен әрекеттері, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуы, Қазақстан үшін осы үрдістің салдары; қазақ тарихындағы Абылай хан тұлғасы.

Арнайы:

- Қазақстанның Ресейге қосыла бастау салдарының тәуелсіз талдауын жүргізу; Абылай ханның саяси әрекетіне баға беру; тақырып бойынша дербес қорытынды жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі мен «Ұлы жұт жылдары», қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының аттары мен әрекеттерін, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуын, Қазақстан үшін осы үрдістің салдарын; қазақ тарихындағы Абылай хан тұлғасын білу керек.

  • Қазақстанның Ресейге қосыла бастау салдарының тәуелсіз талдауын жүргізуді; Абылай ханның саяси әрекетіне баға беруді; тақырып бойынша дербес қорытынды жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.2 XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Оқу материалының мазмұны

XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуы. Экономиканың негізгі салалары. Қазақстандағы ішкі қайшылықтардың ушығуы. Кіші жүзде Абылхайыр ханның қазасы. Кіші жүздегі жер мәселесі. Аграралық мәследегі патшалықтың отарлау саясаты.

1822ж. «Сібір қырғыздары туралы жарлық». Орта жүздегі хан билігін жою және басқарудағы өзгерістер. 1824ж. «Орынбор қырғыздары туралы жарлық».

Кіші жүзде хан билігін жою. Реформа бойынша әкімшілік бөлініс. Сот реформасы. Патша отарлау саясатының күшеюі. Хан билігін жоюдың салдары.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- адамдардың басқа этникалық топтарының мәдениетін, тілін, дінін және дәстүрлерін құрметтеу мен оқып білу.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуы, аграрлық мәселедегі патша өкіметінің отарлау саясаты, 1822-24 жылдардағы отарлау реформаларының мәнісі.

Арнайы:

- қарастырылатын материалда бастыны ажырату, құжат көздерін талдау нәтижесінде дербес қорытындылар жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуын, аграрлық мәселедегі патша өкіметінің отарлау саясатын, 1822-24 жылдардағы отарлау реформаларының мәнісін білу керек.

  • қарастырылатын материалда бастыны ажыратуды, құжат көздерін талдау нәтижесінде дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.3 Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кіші жүздегі 1783-1797жж. көтеріліс

Оқу материалының мазмұны

Ұлт-азаттық күрестің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Батыр Сырым Датұлының жетекшілігімен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1793жж.). көтерілістің басты себептері. Жер мәселесінің ушығуы. Сырым Датұлы және хан ортасы. Нұралы ханды хан билігінен шеттету. Игельстром реформасының құлдырауы. Сырым батырдың Есім ханмен күресі, ханды өлтіру. Көтерілістің жеңілісі табуының себептері мен оның маңызы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беру, қазақ халқының тарихында көтерілістердің ипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • Сырым Датұлы басқарған қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

  • 1783-1797 жж. ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.4 Отарлау саясатына қарсы қахақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Бөкей Ордасындағы 1836-38жж. көтеріліс

Оқу материалының мазмұны

1836-38жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс. Бөкей хандығының құрылуы, ішкі және сыртқы жағдай. Хан Жәңгір. Көтерілісті ұйымдастырушылар: қолбасшы Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің себептері мен негізгі ошақтары. Тастөбедегі, Ақбұлақтағы шайқастар. Жеңіліс себептері. Көтерілістің маңызы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәулсіз баға беру, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • Исатай Тайманов мен Махамбет Өтемісовтың басшылығымен қазақ халқының ұлт-азаттық үкресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

  • 1836-1838 жж. ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.5 Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кенесары хан көтерілісі

Оқу материалының мазмұны

1837-1847жж. Кенесары хан жетекшілігіндегі ұлт-азаттық көтеріліс. Кенесары Қасымов тұлғасы. Көтеріліс алғышарттары мен басталуы, оның ауқымдығы. Билеуші топтардың арасындағы қайшылықтар. Кенесары – дипломат, саясаткер, қолбасшы. Кенесары хандығының құрылуы. Патша өкіметінің жазалау әрекеттері. Кенесары ханның қоқанд басшыларына қарсы күресі. Жетісуға шегіндеу. Қырғыз жерлерін басу. Кенесары қазасы. Көтерілістің жңілуі мен маңызы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәулсіз баға беру, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • Кенесары Қасымовтың басшылығымен қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

  • 1837-1847 жж. Ұлт-азаттық қозғалысқа тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.6 Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Жанқожа мен Есет Көтібарұлы батырларының жетекшілігімен болған көтеріліс

Оқу материалының мазмұны

Жанқожа батырдың жетекшілігімен Сырдария қазақтарының көтерілісі. Сырдария аймағындағы жағдай. Жанқожа батыр. Орыстардың Хиуа хандығына жорығы. Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы күрес.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

Арнайы:

- осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысқа тәулсіз баға беру, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипаты мен маңызын анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • Жанқожа мен Есет Көтібарұлының басшылығымен қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін, мәселелері мен қорытындыларын білу керек.

  • Жанқожа мен Есет Көтібарұлының ұлт-азаттық қозғалысына тәуелсіз баға беруді, қазақ халқының тарихындағы көтерілістердің сипатын және маңызын анықтауды меңгеру керек.

Тақырып 3.7 XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары

Оқу материалының мазмұны

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный (Алматы) қаласының салынуы. 50-60жж. орыс-қоқан қатынастары. Орыс әскерлерінің қоқанд қамалдарын басуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары. Патша өкіметінің отарлау саясаты және соның Қазақстанда тереңдеуінің себептері.

1867-1868жж. реформа. Реформаны өткізу мен дайындау қажеттілігі. Әкімшілік-территориалды басқарудағы отарлау элементтерінің күшеюі. Генерал-губернаторлықтар. Реформалардың отаршылдық мәнісі. Жергілікті ақсүйектер, билер ролінің әлсіреуі. Жергілікті халықтың құнарлы жерлерін жаппай тартып алудың етек жаюы. Торғай, Орал облыстарында және Маңғыстаудағы көтеріліс.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы; 1867-68жж. реформаның мәнісі, оның себептері мен маңызы, XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі, 1869 және 1891 жылғы реформалар.

Арнайы:

- осы кезеңдегі хронология мен оқиғалылықта бағдарлану, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасау;

- себеп-салдарлы байланыстарда дербес бағдарлану;

- берілген тақырып бойынша библиографиялық материалды қарастыру, тақырыпқа дербес талдау жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын; 1867-68жж. реформаның мәнісін, оның себептері мен маңызын, XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірін білу керек.

  • бұл кезеңнің шежірелігі мен оқиғалылығында бағдарлануды, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.8 XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары

Оқу материалының мазмұны

Қазақстандағы капитализмнің алғышарттары, ерекшеліктері мен даму барысы. Шаруалардың қазақ жеріне қоныстануы. Өнеркәсіптің негізгі салалары. Теміржолдар салу. Несие-банктік жүйе. Сауда, жәрмеңкелер, қалалар. Аймақ халқы.

XIX ғасырдың аяғындағы әлеуметтік-саяси жағдай. Түркістан аймағы (1886) мен далалақы өлкелерді (1891) басқару туралы өкім. Реформалардың негізгі қағидалары. Қазақстан Ресей империясының бөлігі ретінде. Сот өндірісіндегі өзгерістер. Билер билігінің жойылуы. Ұйғырлар мен дұнғандардың Жетісуға қоныстандырылуы.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

  • Қазақстанның XIX ғасырдың аяғында әлеуметтік-саяси жағдайы, 1869 және 1891 жылғы реформалар.

Арнайы:

- осы кезеңдегі хронология мен оқиғалылықта бағдарлану, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасау;

- себеп-салдарлы байланыстарда дербес бағдарлану;

- берілген тақырып бойынша библиографиялық материалды қарастыру, тақырыпқа дербес талдау жасау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын және оның салдарын; 1869, 1891 жылғы реформаның мәнісін, оның себептері мен маңызын, XIX ғасырдың соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірін білу керек.

  • бұл кезеңнің шежірелігі мен оқиғалылығында бағдарлануды, тақырып бойынша дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

Тақырып 3.9 XX ғасырдың басындағы Қазақстан

Оқу материалының мазмұны

Қоныстандыру саясатының жаңа кезеңі. Реформа салдарынан шаруалардың жаппай қоныстануының басталуы. Экономика және қоғамдық өмір. Қазақ жерлерін тартып алудың басымдауы.

XX ғасырдың басындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы. Ұлт-азаттық күрестің өрлеуі. Жұмысшылар қозғалысы. Әлеуметтік-демократиялық және большивистік топтардың қалыптасуы. Ауылдағы ереуілдер мен аграрлық толқулар.

Ұлт-азаттық қозғалыстың өршуі. Ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси әрекеті: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалары. Қазақ тіліндегі баспа ісінің басталуы. Қазақ саяси баспасөзі.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы экономика мен қоғамдық өмір, қоныстандыру саясатының жаңа кезеңі; қазақтардың самодержавиеге қарсы ұлт-азаттық қоозғалысы, 1905-05жж. Революциядағы ұлттық интеллигенцияның ролі; 1916 жылғы көтеріліс күшінің себептері, сипаты мен қозғалысы;

Арнайы:

  • XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірді сипаттау, XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан партияларының іс-әрекеті мен саяси құбылыстарға баға беру, осы кезең бойынша баспа көздерін талдау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өмірін, көші-қон саясатының жаңа кезеңін;

  • самодержавиеге қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын, 1905-08жж төңкерістегі ұлт зиялыларының ролін білу керек.

  • ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттауды, ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан партияларының іс-әрекеті мен саяси құбылыстарға баға беруді, берілген кезең бойынша баспа көздерін талдауды меңгеру керек.

Тақырып 3.10 XX ғасырдың басындағы Қазақстан. 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс. 1917ж. ақпан төңкерісі және оның Қазақстанға ықпалы

Оқу материалының мазмұны

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты мен қозғаушы күштері. Хан билігін қалпына келтіру. Көтерілістің Торғай және Жетісудағы ошақтары. А.Иманов. Көтерілістің жеңілу себептері және оның тарихи маңызы.

Ақпан төңкерісі және Қазақстанда саяси партиялардың құрылуы. Қазақстанда Уақытша үкімет органдарының және Кеңестердің құрылуы. Қазақстандағы Уақытша үкіметтің саясаты. Саяси партиялар мен ағымдар. «Алаш», «Үш жүз», «Шураи-исламия», «Шураи-Улемия» партияларының және жастар ұйымдарының құрылуы. «Алаш» партиясының съездері мен бағдарламаларының жобасы. Эсерлер, кадеттер, социал-демократтардың іс-әрекеті.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бөлім барысында тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;

- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- 1916 жылғы көтерілістің себептері, сипаты мен күшінің қозғалысы;

- 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің себептері мен оның Қазақстанға ықпалы.

Арнайы:

  • XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірді сипаттау, XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан партияларының іс-әрекеті мен саяси құбылыстарға баға беру, осы кезең бойынша баспа көздерін талдау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • 1916 жылғы көтерілістің себептері мен сипатын, оның барысы мен маңызын;

  • көтерілістің шежіресін және көтерілістің көшбасшыларын білу керек.

  • құжаттардың және баспа көздерінің негізінде көтерілісті сипаттауды;

  • XIX ғасырдағы алдыңғы көтеріліспен сәйкестік жүргізуді меңгеру керек.