Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
918 Кб
Скачать
☆

Жэс қиындықтары мен жетістіктері

Қазақ АКСР егістігінің ауданы 1924 ж. 2,1 млн. гектардан 1928 г. 4 млн. гектарға өсті, шамамен 1913 ж. деңгейге жетті (4,4 млн. га).

Мал саны 1924-1928 жж. 24,8 млн. бастан 41 млн. басқа дейін өсті (1922 ж. ол 12,2 млн. басқа дейін қысқарды). Ауыл мен деревняның 3/4 1928 ж. орта шаруалар құрады. Кулак-бай шаруашылықтарының саны артты (6,6%-дан 14,8% дейін).

Халық шаруашылығының қазақ кеңесі сегіз трестті біріктірді. Сонымен қатар, одақтық маңызға ие тресттер қызмет етті - «Ембімұнай», «Алтайполиметалл», «Атбас­цветмет». Басшылықтың бұйрықтық стилі қалыптасты.

Республиканың түсті металлургиясының басты ауданы Кенді Алтай болды. 1923 ж. жалпыодақтық қорғасын өндірісінің 40% берген, Риддер қорғасын зауыты мерзімінен бұрын іске қосылды. Қарсақбай комбинатында 1927 ж. мыс өндірісі басталды.

Жәрмеңкелік сауда жанданды: Қояндыда және Баянаулда (Семей губерниясы),

Қазақ акср құрамында қазақ жерлерінің бірігуі

Орынбор – КАКСР бірінші астанасы (1920-1924 жж.).

КАКСР құрамына мынадай облыстар кірді: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Мыңғышлақ уезі, Каспийдің арғы жағындағы Адай болыстары, Астрахань губерниясының бір бөлігі, Бөкей ордасы.

1924 ж. Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелей бөлу жүргізілді. Пантюркизм мен панисламизмді әлсірету үшін, Түркістан АКСР жойылды. Өзбек және Түркмен, кейінне – Қырғыз және Тәжік республикалары құрылды. Ортақ Қазақ республикасында қазақ жерлерін біріктіру аяқталды. Республиканың территориясы 1/3 артты, 2,7 млн. км² құрады, ал халқы - 1 млн. 468 мың адамға артты. ҚазАКСР халқының жалпы саны 5 млн. 230 мың адам. Қазақтар Қазақстан халқының (1926 жылға) 61,3 % құрады.

Бақылау сұрақтары:

1. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ұлттық зиялыларының ролі.

2. ЖЭС мәнісі мен оның себептері.

Тақырып 4.3.: Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан.

Қазақстанның индустриализациясына бетбұрыс

Индустриализация 1925 ж. желтоқсанында ВКП(б) XIV съез­інде жарияланды.

Қазақстандағы индустриализацияның қиындықтары: 1) республиканың шаруашылығын қалпына келтіру аяқталмаған болатын, өндіріс тек әскери кезеңге дейінгі деңгейге 61 % жетті; 2) жер қойнаулары әлі зерттелмеген болатын; 3) байланыс құралдары мен көлік нашар дамыды. территорияның 1000 км -1 км ж/д.; 4) шағын санды жұмыс класы; 5) ұлттық инженерлік-техникалық зиялылардың болмауы.

Индустриализацияның міндеттері: 1) техникалық-экономикалық артта қалушылықты жеңу; 2) ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын, ең алдымен машина жасауды дамыту; 3) теміржолдар мен байланыс құралдарын салу; 4) қазақ жұмыс класын және техникалық зиялыларды қалыптастыру.

Социализмнің деформациялары Қазақстанда «Кіші Қазан» идеясының авторы, Ф.И. Го­лощекиннің әрекетімен байланысты болды.

«Кіші Қазан» бағыты Қазақстанда өндіруші өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын өңдеу бойынша шағын және орта кәсіпорындарды құруды көздеді.

Өнеркәсіптік шикізат көздеріне жақындату, өлке экономикасының отаршыл құрылымын қайта қарау қажеттілігі идеясын ұстанып, «Кіші Қазан» бағытына қарсы С.Садвака­сов, Ж.Мынбаев шықты.