- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей геологиялық барлау колледжі
- •0704000 – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтарына арналған
- •Базалық (тірек) конспектілері
- •Семей қ.
- •Мазмұны
- •I бөлім Көне замандағы Қазақстан
- •II бөлім Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •3 Бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
- •4 Бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан.
- •5 Бөлім Тәуелсіз Қазақстан
- •Орта палеолит (мустье, б.З.Д. 140-40 мың жыл)
- •Жоғары палеолит (б.З.Д. 40-12 мың жыл)
- •Неолит (б.З.Д. 5 мың- 3 мың жыл)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қола ғасыры (б.З.Д. II -I мың.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Үйсіндер
- •Қангүйлер (Қаңлылар)
- •Ғұндар (Хунну)
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •Түрік қағанаты (552- 603жж.)
- •Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.)
- •Тюркеш қағанаты (700-756 жж.)
- •Қағанаттардың шаруашылығы
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оғыз мемлекеті (IX - XI ғғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты (IX - XI ғғ. Басы)
- •Қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың шаруашылығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қараханидтер мемлекеті (942-1210 жж.)
- •Қыпшақ хандығы (XI ғ. Басы-1219 ж.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Наймандар мен керейлер мемлекеті (XII ғ.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Моңғол шапқыншылығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан Моңғол империясының құрамында
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Моғолстан (1346-1514 жж.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428-146жж.)
- •Ноғай Ордасы ( XIV-xVl ғғ. Аяғы)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Ресей империясының құрнамындағы Қазақстан.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
- •Қозғалыстың Торғайдағы орталығы
- •Саяси партиялар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кеңестер билігінің Қазақстанда орнауы
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Бөлім. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан.
- •Партизан соғысы
- •Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
- •Қазақ акср құрылуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •Аштыққа қарсы күрес
- •Жэс қиындықтары мен жетістіктері
- •Қазақ акср құрамында қазақ жерлерінің бірігуі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстанның индустриализациясына бетбұрыс
- •Индустриализацияны жүзеге асыру
- •Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктері
- •Индустриализацияны жүзеге асырудағы жұмысшы кластың ролі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 4.4.: Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан.
- •Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
- •Жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар мен керстьяндардың наразылығы
- •Ересек адамдардың сауатсыздығын жою (ликбез)
- •Халықтық білім беру
- •Кәсіптік білім беру мен Қазақстан зиялыларының қалыптасуы
- •Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Гитлерлік фашизмнің әскери жоспарлары
- •Қазақстан экономикасын әскери қалыпқа қайта құру
- •Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтар
- •Ленинград үшін шайқастағы қазақстандықтар
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар
- •Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаппай тың игеру
- •Қазақстан халқының саны мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер
- •Қоғамның саяси және рухани өмірі
- •Халық өмірінің деңгейі: қырлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Бөлім. Тәуелсіз Қазақстан. Тақырып 5.1.: Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
Индустриализацияны жүзеге асыру
1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралінің құрылысы басталды.
Жол 1931 ж. қаңтарынан тұрақты пайдалануға берілді. Әскери кезеңге дейінгі бесжылдықтар ішінде Қазақ КСР Қарағанды шахталары, Ембі мұнайкәсіптері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған тау-кен металлургия комбинаттары, Кенді Алтайда және Ащысайда полиметтал кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және гидроэлектрстанциялары тұрғызылды.
Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналды.
Өндіруші және химиялық өнеркәсіптің дәстүрлі салалары басым дамыды. Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындары болмады.
Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктері
Шикізат көздері жедел қарқынмен игерілді, зауыттар мен фабрикалар соңғы өнім шығармады. Мұнай, мыс, қорғасын, сирек металдар Қазақстаннан шығарылды. Жұмысшылардың білікті кадрлары, инженерлік-техникалық жұмысшылар шеттен әкелінді.
Индустриализацияны жүзеге асырудағы жұмысшы кластың ролі
Бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда мемлекеттік жоспарды орындаудың социалистік жарысы етек жайды. 1930 ж. басында республикада 10 мыңнан астам екпінді болды. Мәскеудің, Ленингрдатың фабрикалары мен зауыттарына, Донбасс шахталарына, Бакудың мұнай кәсіптеріне өндірістік оқытуға жүздеген қазақ жұмысшылары жолданды.
Донбасс забойшысы А.Г.Стаханов тың тәжірибесін кең насихаттай бастады. Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев станхандық болды.
Бақылау сұрақтары:
Қазақстанды индустриализациялаудың ерекшеліктері.
Индустриализациялаудың жетістіктері мен қайшылықтары.
Тақырып 4.4.: Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан.
1926 ж. мал саны бойынша республика 1913 ж. деңгейден асты (29,9 млн.), ал 1929 ж. мал басының саны 40,5 млн жетті.
Өлкелік партиялық ұйымның басына тұрып, Ф.И.Голощекин ауылды кеңестендіру атымен кластық күресті ушықтыруға бет бұрды.
Елдің индустриализациясы арзан бидайды шетелге эскпорттаудың есебінен жүрді.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
ВКП(б) ХV съезі 1927 ж. желтоқсанында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бетбұрысын жариялады.
Партияның ЦК ҚазАКСР ұжымдастыруды 1932 ж. көктеміне қарай аяқтауды шешті. 1929 ж. екінші жартысынан республикада ұжымдық шаруашылық қозғалысы қарқынды дамыды. Алғашқы МТС құрыла бастады.
1931 ж. 25 желтоқсанындағы ВКП(б) Казкрайкоммы мен Совнаркомының нұсқауы бойынша отырықшыландыру үрдісін 1933 жылға қарай аяқтау міндеті қойылды. 1928 ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2% ұжымдастырылса, 1930 ж. 3 сәуірінде - 56,4%, ал 1931 ж. қазанында - 65% жетті.
Еріктілік пен қарапайым заңдылық қағидасы барлық жерде бұзылды.
Кулактарды тәркілеу өте ауыр салдарға алып келді. Нұсқауларда жойылатын кулак сарайларының меншікті үлесі барлық щаруашылықтардың 3-5% аспау керектігі көрсетілді. Көптеген аудандарда кулактардың мұндай саны болмады, бірақ кулактарды тәркілеу жоспары кейде бірнеше есе артық орындалды. 1929-1933 жж. аралығында Қазақстан бойынша Бірлескен Мемлекеттік Саяси Басқарманың Уәкілетті өкілінің үштігі (төрағасы Волленберг) 9 805 істі қарастырды және 22 933 тұлғаға қатысты шешім қабылдады, соның ішінен атуға кесілгендер - 3386 адам.
1932 ж. ақпанына қарай Қазақстанда колзозшылар шаруашылығының 87% мен жеке шаруалардың 51,8% толықтай малынан айырылды.
1930-1932 жж. аштық басталды.
1930 жылы аштықтан 313 мың адам, 1931 ж. 755 мың адам қайтыс болды. 1932 ж. 769 мыңнан астам адам қайтыс болды немесе көшіп кетті. Аштықтан, эпидемиялардан және өзге қиыншылықтардан тікелей шығындар 1 млн. 750 мың қазақты немесе ауыл халқының 40% құрады.
Республиканың 6,2 млн. тұрғынынан 1931-1933 жж. Шамамен 2,1 млн. Аштықтан қайтыс болды, соның ішінде байырғы емес халық шығындары 0,4 млн. адамды құрайды. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдан кейін ғана 1969 ж. қалпына келтірілді. Халық апатының ауқымы – геноцид саясатының салдары осындай.
1933 ж. 1 қаңтарында республикада, ұжымдастыру қарсаңындағы 40,5 млн. басқа қарағанда, небәрі 4,5 млн. бас мал болды.
Т.Рысқұлов Сталиннің өзіне жазды. 1933 ж. Наурыздағы хаттардың соңғысы РСФСР Совнаркомының төрағасының орынбасары ретінде, Рысқұлов түрлі жерлер мен дереккөздерден алу мүмкіндігіне ие болған ақпараттың негізінде жазылды. Рысқұлов, жоғары азаматтық ерлігі мен табанды адал адам, орын алған апат жайлы шындықты жариялаудан қорықпады.
Апаттың ауқымы орасан зор болғаны соншалық, 1930-1932 жж. Аштық тарихқа «ұлы жұт» жылдары, қазақ халқының орасан апаты ретінде енді.
