- •050708- «Мұнай газ ісі» мамандығына арналған
- •1.2 Пән жайлы мәлімет.
- •1.3 Перереквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Қысқаша мәлімдеме.
- •1.6 Тапсырмалар мен графиктердің орындалу кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білімді бағалау
- •2 Модуль бойынша бақылау сұрақтары:
- •1.9 Саясат және өткізілу ережелері
- •1 Модуль бойынша бақылау сұрақтары:
- •2. Белсенді тарату материалының құрамы
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі
- •1.2 Ұңғы айналасындағы қысымдағы қысымды бөлу теңдігінің нәтижесі
- •1.3 Мұнай кен орындарын игеру режимдері.
- •Лекция №2 Мұнай кенішіне әсер етудің техника және технологиясы. Қабат қысымын су айдау арқылы ұстау.
- •2.1 Әсер етудің мақсаты және жолдары.
- •Қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау
- •Жылу арқылы әсер ету
- •2.2. Ќабат ќысымын ±стау ж‰йесін сумен ќамтамасыз ету
- •2.3 Ќабат ќысымын ±стау ‰шін терењ суларын пайдаланудыњ техника- технологиясы.
- •Ќабат ќысымын айдау арќылы ±стау.
- •Кенішке жылу єдісімен єсер ету.
- •Ќабат ішінен жану
- •¦Њѓыныњ т‰п жабдыќтары.
- •¦Њѓыны перфорациалау техникасы
- •М±най ±њѓыларын мењгеру єдістері
- •Қабатты гидравликалық жолмен жару
- •Ұңғының түп аймағын жылумен өңдеу.
- •Орнатылған режимде ұңғыны зерттеу.
- •Зерттелмеген режимдегі ұңғыларды зерттеу.
- •7.1 Көлденең құбырдағы газды қоспаның физикалық процесі.
- •7.2 Қысым балансының теңдеуі
- •7.3 Газдысұйық қоспасының тығыздығы
- •Модуль 2.
- •8.1 Артезиянды фонтандау. Газ энергиясы есебінен фонтандау
- •1 Сурет. Ұңғыны фонтандау кезіндегі схемасы.
- •8.2 Фонтандау шарты.
- •9.2.Фонтанды ұңғыма жұмысын реттеу.
- •9.3.Фонтанды ұңғыманың жұмысы кезінде кезінде болатын қиындықтар және олардың алдын-алу.
- •10.1. Газлифтілі пайдаланудың жалпы принциптері
- •10.2. Газлифт көтергіштерінің конструкциясы
- •10.3. Газлифт ұңғыманы пайдалануға жіберу
- •11.2 Газлифтті клапандар
- •Лекция №12. Ұңғымаларды штангалы ұңғымалық сораптармен пайдалану. Жер үсті және жер асты жабдықтар.
- •Жер үсті жабдықтары
- •12.2 Ұңғыма сағасын жабдықтау
- •Арқанды алқа
- •12.3 Жер асты жабдықтары
- •Лекция №13. Штангалық қондырғының жұмысына әсер ететін жағдайлар. Тереңдік сораптың жұмысы кезінде статикалық және динамикалық жүктемелер.
- •Тереңдік сорап жұмысы кезіндегі статикалық жүктеме
- •13.3 Динамикалық күштер
- •Сорапты штангалардың балансир басына іліну нүктесіндегі максималды жүктемені анықтау
- •Лекция №14. Тербелмелі-станоктың тепе-теңдік принципі. Ұңғыманы қиын жағдайда штангалы сораппен пайдалану?
- •4.2 Күрделі жағдайда ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалану
- •Лекция №15. Штангалық сораптық қондырғымен жабдықталған ұңғымаларды зерттеу. Ұңғыманы батырылмалы ортадан тепкіш электрсораптармен пайдалану.
- •15.3. Боэс ілу терењдігін аныќтау
- •2.3. Практикалыќ (семинарлыќ) сабаќтыњ жоспары
- •2.4. Лабораториялыќ сабаќтардыњ жоспары
- •2.5 Оќытушыныњ н±сќауымен студенттіњ µзіндік ж±мысы шењберінде сабаќтар жоспары (со¤ж)
- •2.7. Тест сұрақтары
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
Сорапты штангалардың балансир басына іліну нүктесіндегі максималды жүктемені анықтау
Штангалардың іліну нүктесіндегі максималды күшті анықтау үшін, айдап шығару режиміне байланысты әр түрлі формулаларды қолданылады.
Практикада штанганың іліну нүктесіндегі максималды күшті есептеудің статикалық әдісі, кеңінен таралған, бұл кезде тек штанга және сұйықтың ауырлық күштерінің статикалық күштері және штанга іліну нүктесіндегі максималды мәні бойынша инерция күштері енгізіледі, яғни
Рmax = PCT + Pi (27)
Жоғары жүрістің максималды жүктеме үшін, белгілі есептеу формулалары әр түрлі жазылады, бұл негізінен инерциялық күшті бағалау тәсіліне байланысты (сұйықтың инерциясы ескеріледі немесе ескерілмейді), бірақ бәрінің есептеу нәтижелері шамамен бірдей.
Статикалық және динамикалық күштерді ескергенде және штанга бағанасы дірілдеуінен пайда болатын күштерді ескергенде, штанга іліну нүктесіндегі максималды күш мынаған тең болады:
Pmax = Pст + Pі + Pв (28)
Жалпы түрде барлық есептеу формулаларын мына түрге келтіруге болады:
Pmax = Pж + Pшт (в + m) (29)
мұндағы в = (р1 - р) / р1
m = jmax / g = Sn2 / 1440 – динамикалық фактор
p1 – штанга материалының тығыздығы;
p – сұйық тығыздығы;
S – штанга іліну нүктесі жүрісінің ұзындығы;
n – тербеліс саны.
Негізгі.: 1. [373-382], 3. [586-587], 1. [362-373], 3. [608-643]
Бақылау сұрақтары:
ШҰС теориялық жіберуі қалай анықталады ?
ШҰС жіберу коэффициенті дегеніміз не ?
Жіберу коэффициентіне әсер ететін тұрақты факторлар қандай ?
Жіберу коэффициентіне әсер ететін айнымалы факторлар қандай ?
Статикалық жүктеме қалай анықталады ?
Динамикалық жүктеме қалай анықталады ?
Штанга сатылы бағанасының ұзаруы қалай анықталады ?
Лекция №14. Тербелмелі-станоктың тепе-теңдік принципі. Ұңғыманы қиын жағдайда штангалы сораппен пайдалану?
Өткен тарауда сораптық штанганың балансир басына іліну нүктесіндегі максималды күш анықталған.
Жоғары жүріс кезінде балансир басына түсетін негізгі күш – сұйық бағанасы мен штанга салмағына тең (Рж + Ршт)
Балансир басының төмен жүрісі кезінде, күш тек штангалар салмағына тең болады, себебі айдау клапаны ашылады да, сұйық бағанасынан түсетін салмақ құбырға беріледі. Бұл электроқозғалтқыштың бірқалыпсыз жұмыс жасауына әкеледі.
Кривошиптің айналуының бірінші жартысы үшін (жоғары жүріс), қозғалтқыш (Pш+Pж)S=W1 тең жұмыс жасайды.
Кривошиптің айналуының екінші жартысы үшін (төменгі жүріс), қозғалтқыш ешқандай жұмыс жасамайды, керісінше ол электроэнерияны желіге генерирлеуі мүмкін, өйткені штанганың ауырлық күші әсерінен трансмиссия жүйесіндегі балансир арқылы қозғалтқыш айналып, желіге PшS=W тең энергияны беретін еді. Бұл энергия теріс және кривошиптің толық айналысы үшін мына қосындыға тең жұмыс жасайды:
W1 +W2 = (Pш + Pж) S – Pш S = Pж S
Электроқозғалтқышқа түсетін жүктеменің біркелкі еместігін жою үшін, тербелмелі-станокты сәйкес теңестіру арқылы мүмкін.
Штанганың ауырлық күші Рш балансирдің жоғары жүрісі және төменгі жүрісі кезінде әсер ететіндіктен, ең болмағанда штанга салмағына тең қарсысалмақтарды орнату қажет. Бұл кезде штангалар теңестіріледі, және қозғалтқыш жоғары жүріс кезінде пайдалы (оң) жұмыс жасайды PшS=W1, ал төмен жүріс кезінде нольдік жұмыс жасайды.
Электроқозғалтқышқа түсетін жүктемелер кривошип валындағы айналу моменті жүрістің екі жартысы үшін тұрақты болған шартта тұрақты болады. Жұмыстың жоғары жүріс және төменгі жүрісі үшін теңдігі, тек мына жағдайда ғана іске асады, егер жүрістің бірінші жартысы үшін (=0-1800 штанга іліну нүктесінің жоғары жүрісі) шатунда созылу күші пайда болады, ал жүрістің екінші жартысы үшін (=3600-1800 штанга іліну нүктесінің төменгі жүрісі) шатунда сығылу күші Тс пайда болады. Бұл екі күші абсолюттік шамасы бойынша тең болу керек. Көрсетліген шартты бұзбай орындаған кезде, электроқозғалтқыш бірқалыпты жұмыс жасайды.
10-сурет. Тербелмелі-станоктың кинематикалық сұлбасы.
Жоғары және төменгі жүріс кезінде, әсер ететін барлық күштердің жұмыс теңдеуін құрамыз. Жұмыс оң (пайдалы) болып саналады, егер күш бағыты қозғалыс бағытымен сәйкес келсе.
Балансирдің артқы иығында, балансир тірегінен С қашықтықта жүк G орнатамыз, оның шамасын анықтау қажет.
Штанганың жоғары жүрісі кезінде барлық күштер жұмысының қосындысы келесіге тең:
P1 S + Tp 2r + Gh = 0 (1)
мұндағы: Р1 = Рж + Рш – жоғары жүріс кезіндегі жүктеме;
Тр – шатундағы созылу күші.
Штанганың төменгі жүрісі кезінде барлық күштер жұмысының қосындысы
P2 S + Tp 2r - Gh = 0 (2)
мұндағы: Р2 = Рш – төменгі жүріс кезіндегі жүктеме;
Тс – шатундағы сығылу күші.
теңдеуден Тр анықтаймыз.
Tp = (P1 S - Gh)/2r (3)
теңдеуден Тс анықтаймыз.
Tc = (-P2 S + Gh) / 2r (4)
Электроқозғалтқыштың теңестіру шарты бойынша, шатундағы созылу және сығылу күштері тең болу керек, яғни
Tp = Tc , онда (3) және (4) ескергенде
P1 S – Gh = - P2 S + Gh (5)
(5) формуладан G табамыз.
(6) формуладан шығатыны, тең иықты балансир үшін (а=b) , егер G жүкті шатунның балансирмен қосылған нүктесінде орнатсақ, онда G контржүктің салмағы, штанга салмағы Рш қосу сұйық бағанасы салмағының жартысына (Рж /2) тең болу керек.
(6) формула тербелмелі-станоктың теңестірілу принципін түсіндіреді.
(6) формуланы шығару кезінде, тербелмелі-станок бөлшектерінің: шатун, кривошип, жоғарғы траверса, балансирдің өзінің теңестірілмеген бөлігі т.б. салмағы ескерілмейді.
Мысалы, екі шатун және көлденең траверсаның салмағы контр жүк сияқты әсер етеді.
Егер олардың жалпы салмағы G тең болса, онда ешқандай қосымша жүк теңестіру үшін қажет бомайтыны анық.
Теңестіруге қажетті G жүкті, тек А нүктесінде ғана емес – траверса мен балансирдің қосылу нүктесі, сонымен бірге В нүктесінде - шатун мен кривошиптің қосылу нүктесінде де шоғырландыру мүмкін. Сонымен қатар, теңестіруші жүкті – рычаг ұзындығының қатынастары сәйкестігін ескере отырып, кривошип бойымен орын ауыстыруға болады.
Жүкті айналу осінен R қашықтықта, кривошип жалғасында орналастыру жағдайында, контржүк салмағын r/R есе азайту қажет және ол мынаған тең:
Осылай, тербелмелі-станоктың теңестірілуін, қажетті контржүкті балансирдің артқы иығында немесе кривошипті орналастыру арқылы қамтамасыз етеді. Сол үшін, балансирлі, кривошипті және аралас теңестіруді ажыратады.
Балансирлі теңестіру - жүк көтерімділігі аз тербелмелі-станокта қолданылады.
Кривошипті теңестіру – жүк көтерімділігі үлкен тербелмелі-станокта қолданылады.
Аралас теңестіру – жүк көтерімділігі орташа тербелмелі-станокта қолданылады.
Балансирлі контржүктер шойын пластиналар түрінде жасалады, олар балансирдің артқы иығына ілінеді.
Кривошипті контржүктер жартылай сопақ шойын құйма-пластиналар түрінде жасалады, олар кривошипке бекітіледі.
Тербелмелі-станокты теңестіру үшін, тербелмелі-станоктың куәлік сипаттамасындағы номограммалар қолданылады.
Бірақ, контржүк салмағын және оның кривошипте немесе балансирде бекіту орнын, форма немесе номограмма көмегімен, есептеу жолмен анықтау - әрқашан тербелмелі-станоктың жақсы теңестірілуін қамтамасыз ете алмайды.
Бұл тербелмелі-станок түйіндерде пайда болатын күштердің барлығын, сонымен қатар, тербелменің (качалка) түйіндерінің тозу дәрежесін, жалпы қондырғының ПӘК-і теоретикалық ескеру мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Бұлар теоретикалық формулада ескерілмейді, бірақ тербелмелі-станоктың теңестірілуіне елеулі әсерін тигізеді.
Соңғы теңестіру – балансир басының жоғары және төмен жүріс кезінде, электроқозғалтқыш тұтынатын токты реттеу көмегімен іске асады. Электроқозғалтқышты қоректендіретін электржелісіне қосылған амперметр тілі, жоғары және төмен жүріс кезінде бірдей максималды өлшеулер беруі қажет.
