Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prikaz_439_kaz.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Көркем әдебиет

 

Мақсаты: қазақ және басқа да халықтардың ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларына эмоционалдық ықыластылығын дамыту.

Міндеттері:

1. Халық ауыз әдебиеті мен Қазақстан және басқа да елдердің балалар әдебиеті арқылы адами қарым-қатынас әлемімен таныстыру.

2. Балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі болса, мінез-құлқы да соншалықты әртүрлі болатындығы туралы түсінік беру. Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету.

3. Ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын бағалауға тәрбиелеу.

Мазмұны:

Қоршаған әлем туралы, адами сезімдер мен қарым-қатынастар туралы түсініктерін кеңейту.

Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың күнделікті өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіруге үйрету.

Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру.

Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға, оларды сахналауға қатысуға ықыластарын арттырып, қолдау көрсету.

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарым-қатынастың ауызша және ауызша емес түрлерін игеру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Жақсылық, өзара көмек, достық туралы түсінік беру.

2. Қазақстан Республикасында тұратын халықтар мен қазақ халқының стилінде ересектермен және құрдастарымен жайдары әңгімелесе білу дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Ересектердің аты-жөнін сыпайы түрде атап, «Сіз» деп айтуға (апай, ағай, аға, көке, апа), амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайлық дағдыларын қалыптастыру.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста «көмектесуіңізді өтінемін», «менімен ойнашы» сөздерін қолдануға үйрету.

Адамдармен қарым-қатынаста ұлты мен тіліне қарамастан қайырымды әрі жайдары қарым-қатынас жасау керектігін үйрету.

Түрлі ұлт өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау.

 

 

«Таным» білім беру саласы

 

Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған ортамен таныстыру.

 

 

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

 

Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру.

2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру.

3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:

Сан мен санау

Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.

Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.

Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.

«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйрету.

Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету.

Көлем

Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.

Геометриялық пішін

Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата білуін жетілдіру.

Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.

Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.

Кеңістікті бағдарлау

Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен).

Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.

Уақытты бағдарлау:

Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.

Ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]