- •Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығы
- •Мазмұны
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
- •Түсіндірме жазба
- •1 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
- •Меркелер мен ойын-сауықтар
- •Екі жастан бастап үш жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •1 Жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Таным» білім беру саласы
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі (тәрбиешінің қалауы бойынша)
- •«Шығармашылық» білім беру саласы Музыкалық репертуар
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары «Денсаулық» білім беру саласы
- •«Таным» білім беру саласы
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:
- •Тәрбиешінің таңдауы бойынша ұсынылған көркем әдебиет Шығармалары
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •1. Түсіндірме жазба
- •3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білім беру саласы
- •Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты
- •12 Сағатқа шамаланған
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білем беру саласы
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •II сәбилер тобы
- •Суретшілердің суреттер көшірмесінің үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар үлгісі
- •Сурет салу тақырыптарының үлгісі
- •Қосымша
- •Жапсыру бойынша тақырыптар үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар) суретшілердің суреттер көшірмесінің тізім үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Сурет салу тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Жапсыру бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен тіл дамыту жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Сауат ашу және жазу негіздері
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология
- •Қоршаған ортамен танысу
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Сурет салу
- •Мүсіндеу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Экология
- •Мерекелер және ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қимылды ойындар тізімінің үлгісі
- •Ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар
- •Қазақстан, Ресей және тмд елдері жазушыларының әңгімелері
- •Әңгімелеуге арнал ған шығармалар
- •Жаттауға арналған шығармалар
- •Сурет салу сабағының тақырып үлгісі
- •Жапсыру сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Мүсіндеу сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Балаларды өнермен таныстыру
- •Музыкаға ұсынылған репертуарлар Музыка тыңдау
- •Ән салу
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
- •Музыкалық - дидактикалық ойын
Мүсіндеу
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда мүсіндеудің көмегімен бейнелердің пішіні мен мазмұны бойынша байқағыштығы мен эстетикалық қабылдауын, қиялын, бейнелеудің тақырыбы мен тәсілдерін іріктеудегі дербестігін, бастамашылығын, тапқырлығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып үйлесімін, құрылуын, қозғалысын бейнелеу;
- мүсіндеудің тәсілдері мен пластикалық түрлері арасындағы байланыстарды құрып, балаларға заттардың түрін талдауға үйрету;
- заттардың пішіндері, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары, кеңістіктегі орналасуы, өзіне тән белгілері туралы түсініктерін анықтау;
- өз еріктері бойынша заттарды мүсіндеуге, оларды бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуге үйрету, баланың шытармашылық белсенділігін, қиялын, зейінін, байқағыштығын дамыту.
Мазмұны:
Заттық мүсіндеу
Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.
Бір кездері өздері бақылаған заттарды бейнелеуге, заттарды түрлі қалыптарда мүсіндеу, бейненің жеке ерекшеліктерін өздері таба білуге, заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын саңтауға үйрету.
Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.
Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге үйрету. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Адамның тік қалпын жасауға, бөліктердің салыстырмалы шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін арнайы кескіштің көмегімен тегістеуді үйрету.
Ермексаз бен балшықтың бүтін бөліктерінен ленталық тәсілмен ыдыстарды мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Пішіннің сыртқы жағын тегістеуге, бұйымдардың сыртын ылғал шүберектің көмегімен тазалауға, заттарды мықты етіп жасауға үйрету.
Өз бетінше тақырыптарды ойлап табу және ойын жүзеге асыру іскерліктерін дамыту. Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Балаларға пластикалық тәсілдермен мүсіндеуге үйрету (балшықтың үлкен бөлігінен созып алу).
Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.
Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Сәндік мүсіндеу
Балаларды халық шеберлігінен шыққан ойыншықтармен таныстырып, оларды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну (рельеф, илеу, кескіштер арқылы жону, қыру).
Балаларды халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, халықтық керамика мәнерінде ыдыс (тостағандар, табақшалар, құмандар, т.б.) жасауға үйрету, сыртын теп-тегіс етіп, күрделі рельефпен безендіріп, әшекейлеу («Оюланған кесе», «Тостаған», «Тегене», «Торсық», «Табақ» және т.б.) Түбі мен қабырғасына лента тәрізді пластиналарды орналастырып, бір-біріне іші-сыртын бекіту арқылы ыдыстар жасауды үйрету.
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәнді мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Декоративті пластиналарды мүсіндеуге, жұмыстарында әртүрлі құралдарды қолдануға үйрету.
Сюжетті мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістері мен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян үлкен, ал көжек кішкентай). Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету, сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін (мұрын, ауыз, көз) жасай білу, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе білу
Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу. Балаларға таныс күнделікті өмірде балабақша мен үйде, қыдыру мен саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады.
Қоршаған өмір, ертегілер мен әңгімелердің, халық әндерінің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасауды үйретуді жалғастыру, сюжеттерді өз бетінше ойластырып, мүсіндеуде іске асыруға үйрету.
Топтық жұмыстарды орындауға үйрету.
Музыка
Мақсаты: ұлттық музыкаға сүйіспеншілігі мен тұрақты қызығушылықтарына, ән айту мен билеудің шығармашылық элементтерін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, музыкалық шығарманың түрі мен мәнерлілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Қазақстан композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру;
- ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату;
- вокалды және аспапты музыкаға қызығушылығын арттыру, музыканың сипатын, музыкалық мәнерлілік құралдарын, олар туралы пікір айту дағдыларын дамыту;
- балаларды әнді еркін, жеңіл дауыспен, бірқалыпты мәнерлі айтуға үйрету;
- музыкалық шығарманың сипатына қимылдың үйлесімділігін музыкалық мәнерліліктің едәуір ашық құралдары арқылы үйрету және кеңістік пен уақытты бағдарлай білу іскерлігін дамыту.
Мазмұны:
Музыка тыңдау
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Музыка сипатын бейненің мазмұнымен, ондағы көрсетілген көңіл күйді байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелейтін тәсіл ретінде музыкалық өнердің шығармаларымен таныстыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды музыканың дыбысталуын тыңдауға, кейбір музыкалық пішіндер мен мәнерліліктің құралдарын ажыратуға үйрету. Жаңа шығармаларды өздеріне таныс шығармаларымен салыстыру іскерліктерін дамыту, өзінің өмірлік тәжірибелерін қолдану. Қазақтың ұлттық аспабының өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстырып, жалпы сезімдік мәнерін ғана емес, сонымен қатар, мәнерлі дауыс ырғағын ажырату.
Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын «Күй» жанрымен таныстыру, күйші-композитор: Құрманғазы, қобызшы Қорқыт, күйшілер Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығаев, Ықылас Дүкенов шығармашылығымен таныстыру.
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақтың халық әндері мен би музыкаларының үздік үлгілерін тыңдауға тәрбиелеу.
Ән айту
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту, музыкаға сәйкес түрлі қимылдарды орындау. Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрену. Қазақ халқының музыкасын әндерде қабылдау.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
Жаттығулар
Музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгерту, марш сипатын анық ырғақтық жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, қозғалысты музыкамен сәйкестендіріл жартылай отыруларды («серіппені») анық, ырғақты орындау, қимылдарды музыкамен келістіріп, бөлшек адымды би қимылын меңгерту. Шапалақтаумен ырғақтық қимылдарды орындау, түрлі бағыттарда секіріп қозғалу іскерліктерін бекіту, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Қазақтың би қимылдарының элементтерін орындау. Қазақтың «Бетеге» биінің элементтерімен таныстару, қол, аяқ және бас қимылдарымен жұмысты жалғастыру, ауыспалы адымды жетілдіру, қазақ және орыс ұлттық билерінің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар мен қол ұстасып шеңбер бойында айтылатын әндер
Әуеннің осы немесе басқа вариациясының сипатына сәйкес негізгі қозғалыстардың (жүру, жүгіру) түрлерін өзгерте отырып қозғалу, музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру, шашыраңқы қалыптан шеңберге жылдам ауысып кеңістікте еркін қозғалу, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндер мен таныс би қимылдарын орындау (жеңіл секірулер, дененің бұрылысы, серіппелі отырулар). Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес жалаушалармен немесе ленталармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып кеңістікте еркін бағдарлау: үш шеңбер, үлкен шеңбер. Сюжетті ойындарды сахналау.
Билер
Қазақ биінің қимылдарын үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Музыкалық фразаларға қозғалыс бағытын жеңіл және әдемі ауыстыра отырып қозғалу, қазақ биінің қозғалыстарын үйренуді жалғастыру, мәнерлі орындау дағдыларын жетілдіру. Би бейнелерін қолдана отырып әндерді сахналау, би қимылдарын бере білу.
Би шығармашылығы
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Металлофонда, ықыласына қарай басқа да аспаптарда ойнау тәсілдерін меңгеру, триола, кларнет және сыбызғыда ойнау барысында дұрыс тыныс алуын сақтау, аккордеон мен баянда ойнауда ыңғайлы аппликатураны табу, тарелкелер мен үшбұрыштың дыбысталуын бәсеңдету, дабыл мен барабанда, кастаньетты, маракасты, асатаяқты сілкіп ойнау барысында қолды дұрыс ұстау әдістерін меңгеру, аспаптардың аттарын біліп, олардың үндемдерін тану.
Жеңіл әуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау аспаптарында анық және тәртіппен ойнау. Ересектердің аккордеонда орындауындағы лирикалық, байсалды әуендерді тыңдау, олардың аттарын білу, қайта тыңдау барысында тану. Әуеннің ырғақтық бейнесін металлофонда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Жеңіл эуендерді кіші ансамбльмен уақытында қосылып, ырғақтық бейнесін анық беру. Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу.
