Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prikaz_439_kaz.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

«Шығармашылық» білім беру саласы

 

Мақсаты: өнер туындысына сезіммен қарайтын, бейнелеу өнері саласының қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегі түрлері арқылы жүзеге асады:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет салу;

- музыка.

 

 

Мүсіндеу

 

Мақсаты: балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Техникалық дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру.

2. Шығармашылық іс-әрекет процесіне, көркем шығармалар мен халық шығармашылығына эмоционалдық қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету.

Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру.

Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету.

Кейбір заттарды, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге үйрету: азық-түліктер (бауырсақтар, печеньелер, кәмпиттер, шұжықтар), ыдыс-аяқтар (кесе, шыны аяқтар, табақтар, тәрелкелер), ойыншықтар (доп, көжек), жануарлар (кірпі, тышқан, мысық), ертегі кейіпкерлері («Бауырсақ», «Мысықтар ойнайды»).

Жануарларды мүсіндеу тәсілдерін көрсету.

Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіруге үйрету.

 

 

Жапсыру

 

Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету.

2. Жапсыру техникасы дағдылары мен ептіліктерін дамыту.

Мазмұны:

Балаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге үйрету.

Ересектер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесу.

Заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру заңдылықтарын көрсету (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау).

Әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйрету.

Қылқаламға желімді ұқыпты жағып алу, клеенканың үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамыту.

Қағаздың ерекшеліктерін нақтылау: жыртылады, бүктеледі, умаждалады.

 

 

Сурет салу

 

Мақсаты: сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Ұлттық ойыншықтармен және сәндік қолданбалы өнер туындыларымен, заттар мен өнер туындыларының эстетикалық сипаттарымен таныстыру.

2. Қарапайым заттарды, қоршаған болмыстағы құбылыстар мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.

Мазмұны:

Қоршаған ортаның, қазақ және басқа да халықтардың өнер туындыларының, тұрмыстық заттары мен ұлттық ойыншықтардың әсемдігіне эмоционалдық пікірін дамыту.

Түрлі бағыттарда түзу сызықтар (ленталар, жолдар) жүргізу және олары қиыстыру (шарбақтар мен сатылар) іскерліктерін дамыту.

Балаларды ертегі кейіпкерлерін, қарапайым табиғат құбылыстарын, жануарларды, ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды, кейбір азық-түлік өнімдерді, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге тұжырымдау.

Дөңгелек пішінді заттарды салуға үйрету (ауа шарлары, аспанда қалқып жүрген бұлттар).

Төртбұрыш пішінді заттарды бейнелеуге үйрету (орамалдар, дастарқан, кілем, текемет, сырмақ, жалаушалар, сулықтар), оларды дөңгелек пішіндермен үйлестіру (арба, вагон, машина).

Жануарларды салудың қарапайым түрлерін көрсету (екі-үш бөлім).

Техникалық дағдылары мен іскерліктерін дамыту қарындашпен бояу, бояумен бір бағытта бояу). Заттар мен құбылыстардың бейнелерін беру барысында түрлі бағыттағы қол буыны қимылдарын дамыту.

Қазақ ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету: «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» және дымковтық әшекейлеулер «Нүктелер», «Жапырақтар», «Қиылысатын жолақшалар».

Кез-келген ою-өрнекті пішіндерін, элементтерінің бірізділігін, олардың арақашықтығын ескеріп кеңістікте орналастырудың заңдылығын көрсету.

Балаларды дәстүрден тыс сурет салу үлгілеріне үйрету (саусақпен, алақанмен, мөртаңбалармен, таяқшамен, сорғышпен, губкамен және т.б.).

Балаларды қарындаш пен қылқаламды дұрыс ұстауға, бояумен (гуашьпен) ұқыпты қолдануға, негізгі түстермен және олардың реңктерімен таныстыруды жалғастыру.

 

 

Музыка

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар мен ойыншықтардың дауыстарын естуге үйрету;

2. Би қимылдары мен музыкалық ойын әрекеттерін орындауға ынталандыру.

Мазмұны:

Музыка тыңдау

Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу.

Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ, т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.

Ән айту

Таза дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды ән айтуға үйрету (қатты-жай). Түрлі сипаттағы әндерді орындауда қолдану.

Табиғи дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.

Музыканың түрлі бөлімдерін атамай ажырата білуін дамыту (басы, қайырмасы, т.б.).

Музыкалық-ыргақтық қимылдар

Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың музыкаларымен қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.

Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу іскерліктерін дамыту.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]