- •Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығы
- •Мазмұны
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
- •Түсіндірме жазба
- •1 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
- •Меркелер мен ойын-сауықтар
- •Екі жастан бастап үш жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •1 Жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Таным» білім беру саласы
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі (тәрбиешінің қалауы бойынша)
- •«Шығармашылық» білім беру саласы Музыкалық репертуар
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары «Денсаулық» білім беру саласы
- •«Таным» білім беру саласы
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:
- •Тәрбиешінің таңдауы бойынша ұсынылған көркем әдебиет Шығармалары
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •1. Түсіндірме жазба
- •3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білім беру саласы
- •Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты
- •12 Сағатқа шамаланған
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білем беру саласы
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •II сәбилер тобы
- •Суретшілердің суреттер көшірмесінің үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар үлгісі
- •Сурет салу тақырыптарының үлгісі
- •Қосымша
- •Жапсыру бойынша тақырыптар үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар) суретшілердің суреттер көшірмесінің тізім үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Сурет салу тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Жапсыру бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен тіл дамыту жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Сауат ашу және жазу негіздері
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология
- •Қоршаған ортамен танысу
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Сурет салу
- •Мүсіндеу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Экология
- •Мерекелер және ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қимылды ойындар тізімінің үлгісі
- •Ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар
- •Қазақстан, Ресей және тмд елдері жазушыларының әңгімелері
- •Әңгімелеуге арнал ған шығармалар
- •Жаттауға арналған шығармалар
- •Сурет салу сабағының тақырып үлгісі
- •Жапсыру сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Мүсіндеу сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Балаларды өнермен таныстыру
- •Музыкаға ұсынылған репертуарлар Музыка тыңдау
- •Ән салу
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
- •Музыкалық - дидактикалық ойын
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуді дамыту, қоршаған ортамен байланыс құралы ретінде тілдік реакциялардың барлық түрлерін, белсенді сөйлеуді қалыптастыру
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Тіл дамыту
Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуін, баланың бастамашылық және жауап бере білу тілін дамыту.
Міндеттері
1. Тілдік еліктеу қабілеттілігін және сөйлеу тілін дамыту. Бала тілін дамытуда барлық режимдік және тұрмыстық жағдайларды қолдану.
2. Сөздік қорды толықтыруға, тілдің грамматикалық жақтарын және дауыс сазы мен дыбыстауды жетілдіруге мүмкіндіктер туғызу.
Мазмұны:
Алғашқы жарты жылдықтың маңызды міндеті ересектердің тілін түсінуді дамыту болып табылады. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады.
1 жас - 1 жас 6 ай
Тілді түсінуді дамыту
Заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен балалардың сөздік қорын молайту. Балалар өзінің, жақын туыстарының аты-жөнін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің атауларын білуі тиіс.
Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру.
Балалардың күнделікті орындайтын (ұйықтауға жат, отыр - қазір киініп, серуенге шығамыз және т.б.), сонымен қатар сабақтар мен ойын процестеріндегі (домалат, шеш, ки, аш, жап, т.б.) іс-әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.
Тәрбиеші өз қимыл-әрекеттерін, ойыншықтарды балаға көрсете отырып, қарапайым тіркестерді түсінуге балаларды үйретеді.
Баланы жай сөйлеммен білдірілген өтініштерді түсініп, орындауға үйрету («Айжанға қуыршақты берші. Шыныаяқ әкеліп берші»).
Тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін, бір-екі көріністен тұратын ойыншықтармен, қуыршақтармен шағын қойылымдардың қарапайым сюжеттерін балаларға түсіндіре білу. Тұтас сөйлем мағынасын көрнекіліктермен, іс-әрекеттермен толықтыра отырып, түсінуге үйрету. Бейнеленіп отырған оқиға барысын қадағалай білуді дамыту. Сахналауда көлік түрлерін (машина, арба), тұрмыста жиі қолданылатын ыдыс-аяқ, жиһаз, киімдерді қолдану, 2-3 ойыншық заттарды көрсетіп, атын атау.
Баланың (1 жас 6 айға қарай) тілдерді түсінуіне, көрсетіліммен бекітілмеген алғышарт жасау. Ересектердің өтінішімен заттарды таба білуге, тақырыптық суреттегі бейнелерді, 1 жас 3 айдан кейін заттың қимылын көрсететін суреттерді тани білуге үйрету.
Айтарлықтай белгілері бойынша заттарды іріктеуге, тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету (тілдерді түсінуін жалпылау).
Белсенді сөйлеуді дамыту.
Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Балалардың бастамашылық және жауап беру тілдін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.
1 жас 6 ай-2 жас
Тілді түсінуін дамыту
Сөздік қорларын төменде берілген сөздер есебінен кеңейту:
- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде);
- кейбір жануарлар (мысық, ит, әтеш, тауық, т.б.) мен олардың қимылдары;
- ойыншықтар (көжек, қонжық, балықтар, құстар, т.б.);
- заттардың белгілері (үлкен, кіші, қызыл, көк, сары, жасыл);
- заттардың күйі (таза, кір) мен орындары (мұнда, ана жерде);
- қарым-қатынастардың уақыты (қазір, содан кейін) мен саны (біреу, көп);
- ниет білдірумен (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) байланысты іс-әрекеттер;
- дене күйі (суық, ыстық, дымқыл және т.б.), көмегі, жанашырлық сезімі («Көжек ауырып қалды, емдеу керек» және т.б.);
- жасы мен жынысына қарай айналасындағы адамдар (қыз, ұл, тәте, көке, ата, әже).
Тұрғын үй бөлмелерінің атауын (ауыз үй, ұйықтайтын бөлме, дәретхана және т.б.) және олардың неге арналғаны мен бұл бөлмелерде еркін бағдарлана білуге үйрету.
Балаларға таныс заттарды аты мен түстері бойынша топтастыру (тәрбиешінің көмегімен) іскерліктерін бекіту.
Күрделі таңдау жағдайында сөздік нұсқаулардың көмегімен ойыншық-заттарды іріктеу: пішіні ұқсас (мысалы, текше мен кірпіш, доп пен шар, машина мен арба және т.б.), сонымен қатар, айтылуы ұқсас (мысалы, шыныаяқ пен шәйнек, үстел мен орындық, бас киім мен мойын орағыш және т.б.) таба білуге үйрету.
Балаларды ересектердің айтқанын мұқият тыңдауға, топта мінез-құлық мәдениетінің ережелерін сақтау (болады, болмайды, керек), басқа балалармен қарым-қатынастар (кедергі жасама, көмектес, әрі отыр, ойыншықты бер және т.б.) бойынша нұсқауларды орындауға үйрету.
2-3 әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындауға үйрету (мысалы, сөредегі қонжықты алып, маған кел). Қосымшалары бар сөйлемдерді түсінуге үйрету (Шыныаяқ үстелде тұр. Шыныаяқта сүт бар. Шарды шелекке сал, текшені сөреге қой).
Балаларды (1 жас 7 айдан бастап, 1 жас 9 айға дейін) таныс іс-әрекеттерді бейнелейтін қуыршақтармен және сюжетті ойыншықтармен жағдаяттар ұйымдастыру арқылы (мысық доппен ойнауда, әтеш су ішіп жатыр, т.б.), кейіннен (1 жас 10 айдан бастап 2 жасқа дейін) баланың жеке тәжірибесінен (іс-әрекеттер мен суреттерді көрсетпей) (мерекелер, серуендерде бақылаған балапандар туралы) қарапайым мазмұнды әңгімені түсінуге үйрету.
Баламен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді күй құру, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың айтқандарын орындау, сөздері мен істеріне еліктеу үшін тақпақтар, шумақты өлеңдер қолдану.
Белсенді сөйлеуді дамыту
Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту.
Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету.
Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру.
Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.
Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді.
Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету.
Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету.
1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету.
Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдайын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.
Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» -«Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»).
Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету.
Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде), кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды;
- заттардың белгілері, күйі, орналасқан орнын;
- айналадағы адамдардың жасы мен жынысына сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік және сандық қарым-қатынастарды атауды;
- ересектерді мұқият тыңдау, топта өзін-өзі ұстау немесе басқа балалармен қарым-қатынасы туралы нұсқауларын орындауды;
- екі-үш қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды орындауды;
- сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін түсінуді;
- ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды;
- кейбір есімдіктер (мен, біз, сен, маған) мен үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолдануды;
- 300-ге дейін сөзді;
- заттарды айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды;
- ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды;
- таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап беруді;
- өз өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді;
- дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуі тиіс.
Көркем әдебиет
Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балаларға шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың тыңдауға, түсіне білуге үйрету.
2. Халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді қалыптастыру.
Ең алдымен, тиісті сурет, ойыншық, әрекеттерді көрсете отырып, кейін заттарды көрсетусіз кішігірім, мазмұны қарапайым тақпақ, ертегі, әңгімелерді түсінуді дамыту.
Көркем шығарманы тыңдау және оның мазмұнын белсенді сезіну қабілеттерін дамыту. Мәнерлі сөйлеуді түсінуін дамыту: көркем шығарма мазмұнына қатынасын білдіретін сұраулы, мақұлдайтын, лепті ырғақтарды дамытуды жалғастыру. Қайталап оқу барысында мәтіннің сөздерін айтуға үйрету.
Таныс ойындағы өлең жолдарына сәйкес («Қуырмаш», «Санамақ», т.б.) ойын әрекеттеріне үйретуді жалғастыру, оқу немесе әңгімелесу барысында ұлттық шығармалардың, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоционалдығын білдіру.
Бала тәжірибесі көрініс тапқан, балалар көрген жануарлар, тұрмыстық және ойын жағдайлары бейнеленген көркем әдебиет шығармаларын оқу.
Екі жастың соңына қарай балаларға түсінікті табиғат құбылыстары: қар, жаңбыр, жел, шалшық, т.б., адамдар мен жануарлардың қылықтары бейнеленген шағын әңгіме, ертегі, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды түрде пікірлерін білдіруге үйрету. Шығарманы оқу және түсінгенін айту барысында шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық білдіру, пікірлерін білдіру ниеттерін мадақтау. Кітаптағы суреттерді қарастыруға үйрету.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- адамдар мен жануарлардың қылықтары суреттелген, балаларға түсінікті табиғат құбылыстары бейнеленген кішігірім тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды түрде тыңдауды;
- мазмұны қарапайым, қысқа әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді түсінуді;
- халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді;
- мәтінді қайталап оқығанда сөздерді айта алуды;
- өздеріне таныс күлдіргі өлеңдердің мәтініне сәйкес ойын әрекеттерін орындауды;
- шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды, өз пікірін білдіруді, оқиғаға қатысуға ынта білдіруді;
- кітаптағы суреттерді қарауды білуі тиіс.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту негізінде балалардың тілдік қатынас дағдыларын мақсатты түрде дамыту.
Міндеттері:
1. Жақын адамдарды, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтар мен жануарларды білдіретін сөздермен сөздік қорларын молайту.
2. Ересектердің бүкіл топқа, жеке балаға айтылған сөздеріне назар аударуды, түсіне білуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Заттар мен құбылыстардағы ең маңыздыны анықтауға, бақылауға, оларды атап, араларындағы қарым-қатынастарды құруға үйрету.
Баланың өзіне жақын ортада бағдарлауының кеңеюімен байланысты тілін дамыту.
Заттарды, жабдықтарды, ересектер атқаратын кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.
Балалардың белсенді сөздік қорларын кеңейту, таныс сөздерді (айналасындағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстар, іс-әрекетгер, т.б.) айтуға, адамның кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау, т.б.) дұрыс атауға үйрету.
Балаларға таныс кейбір көлік түрлері (автобус, машина, трактор және т.б.) туралы түсінік беру, ойыншық машинаға ұқсастырып, суреттерден таба білуге үйрету. Суреттер мен ойыншықтардан кейбір үй жануарларын тануға және (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапандар және т.б.) атауға ынталандыру; адамдар мен жануарлардың қарым-қатынасын білдіретін көріністерді түсінуге үйрету, көрсету барысында әңгімелей білуге ынталандыру. Жануарлардың ерекшеліктерін қарастыра отырып, ерекше белгілеріне назар аудару: көзі, құлағы, аяқтары, құйрығы және оларды атауға ынталандыру.
Бір жарым жастан асқан балалармен табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атау және кейбір ақпараттарды хабарлау: жаңбыр жауса, жер су болады, серуенге шыға алмайсың; жердегі нәрсені ауызға салуға болмайды - ауырасың, күннің көзі шықса күн жылынады.
Сөздік қорларын толықтыру, көрген-білгендерін атай білуге ынталандыру.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- балалар пассив сөздік қорындағы сөздерді айтуды (қоршаған ортадағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстары мен қызметтері, т.б.);
- адамдардың кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау және т.б.) дұрыс атауды;
- кейбір үй жануарларын (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапан және т.б.) суреттер мен ойыншықтардан танып, аттарын атауды;
- жануарлар мен адамдардың оларға қарым-қатынасын бейнелейтін көріністерді түсінуі;
- жануарлардың айтарлықтай ерекшеліктері мен белгілерін анықтауы және оларды атауды;
- табиғат құбылыстарын атауды білуі тиіс.
