Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prikaz_439_kaz.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Экология негіздері

 

Мақсаты: тірі және өлі табиғат нысандарына оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту.

Міндеттері:

1. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы білімдерін кеңейту.

2. Табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсінік беру.

3. Қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

4. Табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдениеті

Өзін-өзі тану, табиғаттағы өз орнын білуге талпынысын қолдау. Өзіне, өзінің мүмкіншіліктері мен күшіне сенуіне жағдай жасау. Белсенділігін арттыру, өзін бағалауға дағдыландыру.

Табиғат, ондағы адамның рөлі, табиғатты қорғаудағы адамдардың әрекеттері, өзінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы

Өз-өзіне қызмет етуі мен тірі табиғат бұрышындағы, балабақша ауласындағы, еңбек түрлерін атқару барысында ересектермен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату талпыныстарын қолдау.

Күнделікті өмірде айналасындағы адамдарға қамқорлық жасау дағдыларын меңгертуді жалғастыру.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін танып-білуге сүйіспеншілігін арттыру, оларды сақтауға, қорғауға талпыныстарын қолдау.

Табиғат әлеміне жылы сезімін тәрбиелеу, оны аялауға, күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Өсімдіктер мен жануарлар адамның қамқорлығына зәру екендігін ұғындыру.

Ересектер мен құрдастарының табиғатқа жасаған теріс қылықтарын көре білуге, содан нәтиже шығаруға тәрбиелеу.

 

 

Көркем әдебиет

 

Мақсаты: балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындылары арқылы баланың эмоционалдық ортасын дамыту.

Міндеттері:

1. Әдеби шығармалар арқылы өзара қарым-қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстыру.

2. Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен өзін-өзі ұстауын талқылауға, өз көзқарасын білдіруге тәрбиелей отырып әдебиетке қызығушылығын ояту.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдениеті

Адами сезімдер мен қарым-қатынастар әлемінен сыр шертетін ертегілер мен әдеби шығармаларды тыңдауға, ондағы оқиғалардың дамуын бақылауға, мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің қылықтарын бағалап, өзінің қарым-қатынасын білдіруге тәрбиелеу. Сол арқылы мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету.

Балабақшада, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстауға баулуды жалғастыру.

Көркем әдебиет шығармаларындағы жағымды өнегелерге қарап өзінің тәртібін реттеуге үйрету.

Шығарма кейіпкерінің басқаларға жасаған қамқорлығын көрсету арқылы балаға әсер қалдыру.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы

Балаларға ойдан шығарылған кейіпкерлері мен олардың ішкі жан-дүниесіне жан ашуға үйрету. Өзінің және басқалардың эмоционалдық күйлері және шығу себептері арасындағы байланыстарын адамдардың сезімі мен қарым-қатынастарын білдіретін көркем әдебиеттерді қолдана отырып, табуға ынталандыру.

Қазақ және басқа да халықтардың ертегілері мен әдеби шығармаларының мазмұны арқылы ер (күшті, батыл, ер-батыр, қамқор) және әйел (мейірімді, нәзік, сұлу, ару) адамдардың қылықтарының ерекшеліктерін бағалауға үйрету.

Құрдастарымен және ересектермен бірлескен іс-әрекет барысында қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету. Досына қамқорлық жасап, қолдан келгенше көмектесуге үйрету.

Балалардың бір-бірімен дау-жанжалдар барысында «келісу» және осы дау-жанжалдың шешу «татуласу» тәсілдерін іскерліктерін қалыптастыру.

Ойындарда рөлдік диалогтерді балалардың аша білуіне, қарым-қатынастарда сыпайылықты сақтау (сөзді бөлмеу, мұқият тыңдау, келісу) іскерліктеріне мүмкіндіктер туғызу.

Ересектерді құрметтеуге, кішілерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әдеби кейіпкерліктердің өзін-өзі ұстауы мен қылықтарын талдауы мен бағалауы негізінде мейірімді, қайырымды және басқа да игі қасиеттерді бойына сіңіруіне үйрету.

Тұлға аралық қатынастарының адамгершілік қағидаларымен және әлеуметтік ортадағы өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Сыпайылықтың қарапайым дағдыларына (амандасау қоштасу, кешірім сұрау және өзінің көмегін ұсына білу) тәрбиелеу. Қарым-қатынас негізінде туындайтын әр түрлі жағдайларды (жақсы мен жаманның, солай еткім келеді және осылай істеу қажет, неліктен осылай болды) түсінуге мүмкіндік туғызу.

Ертегілер мен әдеби шығармалар кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау және оларға өзінің қатынасын білдіру іскерліктерін қалыптастыру.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]