Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
персонал шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

34. Ұйым персоналының жұмыс нәтижесін бағалаудың мақсаты.

Персоналды бағалау- ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін ұйымдастыра білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды анқытайтын процесс.Әр персаналды жеке бағалаудың мәселесі – төмендегі қызметтерді дұрыс шешу:

  • Марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау

  • Басқару

  • Персоналды дамыту

  • Қызметкерді тиімді пайдалану

  • Еңбек мотивациясы

Бағалау рәсімдерін бағытына қарай бірнеше түрге бөлуге бөлады.

  1. бағалайтын объект бойынша:

  • іс - әркеті

  • мақсатқа жету, нәтиженің саны мен сапасы, жеке бастың қосқан үлесі және бөлім мен ұйымның жалпы нәтижесіне қосқан үлесі

  • жұмыскерлрдің жеке басына тән қасиеттің болуы.

  1. мәліметтеріне қарай бағаланатын көздер:

  • іс қағаздары

  • кадрлармен әңгімелесі нәтижесі

  • жалпы және арнайы дайындалған тестердің нәтижесі

  • пікірталасқа қатысудың нәтижесі

  • өндірістік тапсырманың орындалуы жайлы есеп беру немесе қиын жағдайларда көрсеткен мінезі.

  1. белгілі бір көзден алынған мәліметтер арқылы бағалау рәсімерін жүзеге асыру.

  2. ең жақсы немесе нашар көрсеткіштерді бағалау және таңдауға сәйкес қолданылатын критерийлер бойынша.

  3. субъектілер бойынша

  4. контингентті қамту дәрежесі бойынша

  5. мерзімі бойынша.

Компанияларды персоналды бағалау жүйесі қолданылады, ол персоналдың қызметін жан-жақты және объективті бағалау мен оның тиімділігін басқару үшін мынадай екі компонентке бағытталған:

1. Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objective) –қызметкер қол жеткізген мақсаттардың дәрежесі мен сапасын тоқсан сайын бағалау жүйесі. Бағалау нәтижелері бойынша сараланған рейтингтер мен коэффициенттер көрсеткіші бойынша сыйлықақы төленеді.

2. Құзыреттерді бағалау (Competency Assessment) – анағұрлым қолайлы әдіспен мақсатқа қол жеткізу үшін белгілі бір индикаторлар бойынша қызметкердің жұмыс кезіндегі мінез-құлқын жыл сайын бағалау жүйесі. Нәтижелері бойынша қызметкердің одан әрі кәсіби дамуы бойынша шешімдер қабылданады (кадрлық резервке тіркеу, оқуға жіберу, лауазымын көтеру және т.с.с.)

35. Персоналды жүйелі түрде, үнемі бағалаудың артықшылықтарын ашып көрсетіңіз.

Персоналды бағалау- ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін ұйымдастыра білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды анқытайтын процесс.

Әр персаналды жеке бағалаудың мәселесі – төмендегі қызметтерді дұрыс шешу:

  • Марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау

  • Басқару

  • Персоналды дамыту

  • Қызметкерді тиімді пайдалану

  • Еңбек мотивациясы

Артықшылықтарына тоқталып кетсек,

Компания үшін бағалаудың тиімді жақтары:

  1. Жұмыстың нәтижесін, компания персоналының біліктілігінің деңгейін анықтау.

  2. Кадрларды іріктеп, кадрлық резерв жасауға мүмкіндік алу

  3. Персонал дамуының мақсатты жоспарын жасау

  4. Персоналды мотивациялау

  5. Корпоративтік мәдениетті құру

  6. Ұйымдық даму

Бағалаудың жұмысшы үшін тиімді жактары:

  1. Тігінен немесе көлденең әр жұмысшының орны мен рөлін анықтау

  2. Жалақының көлеміне байланысты қойылған мақсаттың анықтылығы, оның сәтті орындалуы

  3. Басшы мен жұмысшы арасындағы кері байланыс

  4. Жүйе тиімді жұмыс жасаған жағдайда жетістіктерге көңіл бөлу

  5. Профессионалды және мансаптың өсуіне мүмкіндік беру.

Қызметшілерді оқыту барысында алған білімдері мен машықтарын қолдануын талдау, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің персоналды оқыту және дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге қатысты жұмысы туралы мәліметтер алу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту сапасын анықтау мақсатында оқытудың мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі бағыттарына сәйкестеу, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен қанағаттану, оқыту және оны ұйымдастыру барысымен қанағаттану индекстеріне сәйкес айқындалады .

Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін –кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерлерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциялын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек .