Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
персонал шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

15.Персонал маркетингі ұғымының мәнін анықтаңыз және оның негізгі талаптарын сипаттаңыз.

Персонал маркетингі - бұл ұйымды ұзақ мерзімде адам ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық ic-әрекеттің түpi.

Персонал маркетингі - персоналды басқару саласындағы өндірістік маркетинг функциясының ұлғаюы және кeлeci базистік негіздерді қамтиды:

- маркетинг нарыққа бағытталған басқарудың негізгі қағидасы ретінде;

- маркетинг басқарушылық шешімдерді іздеудің жүйелендірілген әдісі ретінде;

- маркетинг өз ұйымының бәсекелік артықшылығына жету құралы ретінде;

- персонал маркетингі жұмыс орнын ұйымға сатылатын өнім ретінде сипаттайды.

Қaзipгi шетелдік ұйымдарда персонал маркетингі мәселелерінің мазмұны мен құрамын түсіну үшін екі негізгі қағиданы беліп қарастыру қажет.

Бірінші қағида персонал маркетингі түсіндірмесін кең мағынада қарастыруды көздейді. Персонал маркетингі түсінігі адам ресурстарын басқару стратегиясы мен белгілі бір философия ретінде беріледі. Бұл жерде персонал ұйымның ішкі және сыртқы клиенттері мағынасы ретінде қарастырылады, шын мәнінде бұл кәсіпорынды меншікті қызметкерлеріне «сатуы». Мұндай маркетингтің мақсаты еңбек етудің тиімділігін жоғарылатуға септігін тигізетін барынша қолайлы еңбек жағдайларын жасау жолымен кадрлық ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады.

Екінші қағида персонал түсіндірмесін қысқа мағынада талқылауды ұйғарады - бұл кәсіпорынның кадрлық ресурстарға деген қажеттіліктерін анықтап, оны қанағаттандыруға бағытталған пер­соналды басқару қызметінің ерекше функциясы.

Персонал саласындағы маркетингтік ic-әрекет персонал мар­кетингі жоспарының қалыптастыру мен орындаудың өзара байланысты кезеңдер кешені ретінде беріледі.

Персонал маркетингінің мазмұнын анықтайтын сыртқы факторларға келесілер жатады:

- жалпы экономикалық жағдай және салалық іс-әрекетінің халі;

- кәсіпорын мен салалардағы технология деңгейі;

- еңбек заңдарының талаптары;

- қоғамдық өндірістік қарым-қатынастың өзгешілігіне тән әлеуметтік қажеттіліктердің және ұйым қызметкерлері мотивациясының ерекшіліктері;

- бәсекелес ұйымның кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеп, дербес кадрлық саясаттың стратегиясын жасау.

Персонал маркетингінің ішкі факторлары:

- ұйым мақсаттары;

- қаржылық ресурстар;

- кадрлық қажеттіліктерді қанағаттандыру көздері: шеттен кадр «сатып алу» немесе іштен өз кадрларын «өcipy».

Сыртқы және ішкі ортаны талдау нәтижесінде ұйымның персоналды басқару саласындағы басым және әлсіз жақтары, сонымен 6ipгe ұйымда бар мүмкіндіктер және қауіп-қатерді болдырмау жолдары анықталады.

16. Персоналды жинақтау үдерісінің мәнін ашып көрсетіңіз

Жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады:

  • Бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау;

  • Үміткерлерді іріктеп алу;

  • Үміткерлерді сұрыптап алу;

  • Жұмысқа қабылдау.

Жұмысқа үміткерлерді жинақтау процесін жеңілдету үшін лауазымды нұсқаудан басқа берілген жұмысты тиянақты рындау үшін керек болатн талаптардың сипаттамасы көрсетілген іс-қағаздар болуға тиісті:

  • Мамандық картасы;

  • Біліктілік картасы.

Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандыұ картасы төмендегідей мамандықтың сипаттамасынан тұрады:

  • Жалпы білім

  • Арнайы білім

  • Шет тілін білуі

  • Компьютерде жұмыс істей алуы ж.т.б.

Жеке басының басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуметін анықтау үшін біліктілік картасын жасайды. Біліктілік – адамның жеке басының сипаттамасы. Оның белгілі бір функцияны орындау қажеттілігі.

Персоналды жинақтау әдістері мен көздері. Ұйымға жаңа жұмыскерлерді қабылдау қажет болғанда екі мәселе туындайды:

  • әлеуетті жұмыскерлерді қайдан іздеуге болады (көздері)?

  • өтініш берушілерге бос орындар жайында қалай хабарлауға болады (әдістері)?

Персоналды жинақтаудың мүмкін болатын екі көзі бар:

  • Ішкі (кәсіпорын жұмыскерлері арасынан)

  • Сыртқы (кәсіпорын жұмыскерлерінен тыс)

Персоналды ішкі көздерден жинақтау әдісі: - ішкі конкурс; -кәсіпті бітіктіру; - ротация.

Кадрларды жинақтауда – оның мақсатын, үміткердің кәсіби және жеке басының сапаларын, жинақтау тәсілдерін анықтау маңызды.

Кадр бөлімінің мақсаты – үміткелердің арасынан талап етілген нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.