Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
персонал шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

43. Аккордық енбекақының мәнін ашыңыз, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Аккордтық жалақы (италиянша accordo — келісім шарт) — фирмалар мен кәсіпорындарда қызметкерлер мен жұмысшыларға кесімді еңбекақы төлеудің бір түрі. Көлемі алдын-ала келісіледі, ал төлемақы келісімде көрсетілген көлемдегі толық біткен жұмысқа ғана төленеді. Әдетте үстеме жалақы төлеу тапсырыс беруші жұмысын тез арада орындату үшін көтеріңкітарифпен ақы төлеуге дайын болған кезде ғана қолданылады.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлергееңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеушаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Аккордтық еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты табылады.

44. Тарифтік еңбекақының мәнін ашыңыз, оның негізгі элементтері қандай?

Тарифтік жүйе –қызметкерлердің деференциалды еңбекақыны қамтамасыз ететін норматитердің жиынтығы. Еңбекақының деференциалдығы келесі критерийлерге байланысты:

  • жұмыстың күрделілігіне;

  • еңбек жағдайына;

  • еңбек қарқындылығына;

  • жұмыстың жауапкершілігіне және мазмұндылығына;

  • табиғи климаттық жағдайына.

Тарифтік еңбекақы жүйесінің негізгі элементтері келесідей:

-ЕТКС

-тарифтік ставка

-тарифтік сетка

-аудандық коэффициенттер.

ЕТКС –бір мемлекеттің барлық жұмысшыларының және қызметкерлерінің жүйеленген тізімі. әрбір кәсіпке қатысты разрядтың саны және калификация сипаттамасы көрсетілген.

Тарифтік ставка – уақыт бірлігіне (саған, күн, ай, квартал) байланысты ақы төлеу.

Тарифтік жүйе нормативтерінің жиынтығы ретінде келесі элементтерден тұрады:

жұмыстардың және жұмысшылардың кәсіптерінің тарифтік квалификациялық анықтамалары;

жұмысшылардың тарифтік стакалары;

жұмысшылардың тарифтік кестелері;

басшылардың, қызметкерлердің лауазымдық квалификациялық анықтамалары;

тарифтік ставкаға, окладтарға қосымша және үстеме төлемдер.