- •7. Unix way дегеніміз не?
- •8. Unix тарихы.
- •9. Unix-тің түрлері.
- •10. Linux, Linux ядросы, Dos интерфейстері және Windows дегеніміз не?
- •11. Жүйелік ақпаратты көру шаралары(uname, free командалары).
- •12. Linux дистрибутивтері. Ең танымал дистрибутивтер.
- •25. Linux файлдарының түрлері. Қарапайым файлдар. Каталогтар. Орнастыру файлдары.
- •26. Файлдық жүйе бойынша навигация : cd, pushd, popd, pwd.
- •27. Файлды құру, жою және көшіру. Touch, rm, cp командалары.
- •28. Mkdir, rmdir команда каталогтарымен операция жасау.
- •29. Linux файодық жүйесінің ең маңызды каталогтері: /bin каталогтері.
- •30. Linux файодық жүйесінің ең маңызды каталогтері: /boot.
- •11. /Etc/group файлдары..
- •12. /Etc/shadow файлдары..
- •13. /Etc/gshadow файлдары..
- •14. Root тіркеу жазбасы.
- •15. Linux-тегі парольдер .
- •16. Login, su, newgrp командалары.
- •17. Passwd, gpasswd, chage командалары.
- •18. Тіркеу жазбасын құру және жою.
- •7. Linux –тегі тіркеу жазбасының құқықтарын ұйымдастыру. Оқу . Жазу. Орындау .
- •8. Каталогтардың құқықтарының ерекшеліктері .
- •9. Chmod командасының рұқсат құқығын тағайындау.
- •10. Chown командасының рұқсат құқығын тағайындау..
- •11. Chgrp командасының рұқсат құқығын тағайындау..
- •12. Sticky bit.
- •7. Cat, less, head, more, tail, od, tac командаларының мәтіндік ақпаратты экранға шығару
- •8. Man анықтамалық басшылықты көру программасы.
- •9. Шығаруды қайта бағыттау. Stdin, stdout, stderr жайлы түсінік. Каналдар.
- •11. Ақпаратты фильтрлеу. Регулярлы өрнектер . Grep командасы.
- •12. Архивтендіру. Tar және gzip утилиттері.
- •6. Linux-тегі процесстер . Процесстердің идентификаторлары. Демондар.
- •7. Ps командасы.
- •8. Процесстердің рұқсат құқықтары. Нақты және эффективті идентификаторлар. Suid және sgid биттары.
- •9. Процесстерді басқару. Сигналдар.
- •10. Nice, nohup, kill, killall командалары.
- •7. Командалық қабыршақтар жайлы түсінік. Командалық қабыршақтарға шолу жасау.
- •9. Консольдің күрделілігі.Тапсырмалар.Тапсырмаларды басқару.
- •10. Ауыспалы орталар.
- •11. Midnight commander.
12. Архивтендіру. Tar және gzip утилиттері.
Кез-келген операциялық жүйеде жұмыс істеген кезде маңызды ақпараттың резервті көшірмесін жасау қажеттігі жиі туындайтыны белгілі. Ондай жұмыс үшін архиватор-бағдарламалар және сығу бағдарламалары қажет. Линукс ОЖ-нің жеткізу жинағына негізінде бірден бірнеше архивтеу және/немесе сығу бағдарламалары кіреді. Бірақ unix-like ОЖ үшін tar архиваторы және gzip(GNU zip) сығу бағдарламасы de facto стандарты болып табылады. Tar (GNU tar – GNU tape arhiver) – архивтер жасауға арналған бағдарлама. Қазіргі заманғы tar сығуды қамтамасыз етеді, бірақ Линукс пен Юникстің ертерек версияларымен сәкестендіру үшін, сығылған tar архивін қолданған дұрыс, немесе оны сығу утилиттарының біреуін жасаған соң сығуға болады. tar-дың көптеген параметрлері мен қасиеттері бар. Біз олардың ішіндегі ең көп қолданылатынын қарастырайық: -c – архив жасау -r – файлдарды архивке қосу -A – tar-файлдардың құрамын архивке қосу --delete – файлдарды архивтен жою (архивтік ленталарда қолдану мүмкін емес) -t – архивтегі файлдар тізімін шығару -x – архивтен файлдар шығарып алу -f – ақпарат файлдан шығарылып алынатын болады -v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару Gzip options filename - файлдарды компресстеу (сығу) утилиті. filename файлын сығуды|декомпресстеуді жүргізу немесе options қасиеттеріне сәйкес басқа да қатар әрекеттер: тек қана файл атауы – осы файлды сығады. -d – файлды декомпресстеу -t – архивтің бүтіндігін тексереді -v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару Көптеген файлдардан сығылған архив жасау үшін бірден осы екі утилитті каналдар арқылы ақпараттар жіберу арқылы қолданыңыз немесе оларды командалық жолдардан тізбектеп жіберу арқылы.
Процесстер.
6. Linux-тегі процесстер . Процесстердің идентификаторлары. Демондар.
Процесс – бұл программалық кодтың және ЭЕМ жадына жүктелген деректердің жиынтығы туралы түсінік. Процесс бұл іске қосылмаған программа (қосымша) немесе команда, себебі қосымша тек бірнеше процесстерді бір уақытта құра алады. Процесс коды дәл сол уақытты орындалуы шарт емес, себебі процесс ұйқы жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай процесс кодының орындалуы тоқтатылады. Процесстің барлығы 3 жағдайы болады: Жұмыс кезіндегі процесс – сол берілген уақытта мұндай процесс коды орындалады. Ұйқыдағы процесс – сол берілген уақытта коды қайсыбір оқиға орындалмайынша процесс жүзеге аспайды (клавиатурада батырмалар басылғанша, желіден деректер түскенше және т.б.) Зомби -процесс –процесстің өзі жоқ, оның коды мен деректері оперативті жадысынан алынған, бірақ процесс кестелеріндегі жазбалар сол немесе басқа себептер бойынша қалады. Жүйедегі әр процесске сандық идентификаторлар бекітіледі (жеке нөмірлер), олар 1 –ден 65535 –ке дейінгі диапазонда болады (PID – Process Identifier) және туыстық процесс идентификаторлары (PPID – Parent Process Identifier) болады. PID әр түрлі қарау құралдары мен процесстерді басқаруды қолдану арқылы операциялық жүйедегі процесстерді адреске жібере алатын процесс аты болып табылады. PPID қомақты дәрежеде қасиеттері мен мүмкіндіктерін анықтайтын процесстер арасындағы туыстық қатынастарды анықтайды. Программа жұмысына арналған басқа параметрлер “ процесс айналасы” деп аталады. Сондай параметрлердің бірі – басқаратын терминал – барлығы дерлік процесстерді қамтиды. Нақты бір терминалға арналмағн процесстер “демондар” деп аталады (daemons). Қолданушы іске қосқан мұндай процесстер өз жұмысын сеанс соңында аяқтамайды, керісінше жұмысын жалғастырады, себебі олар ағымдағы сеанспен ешқандай байланысы жоқ және автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Ереже бойынша демондар арқылы серверлік қызметтер жүзеге асырылады, мысалы осылай баспаға шығару сервері cupsd демон – процесс арқылы жүзеге асырылады, ал журналдау сервері– syslogd арқылы.
