Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сист.админ емтихан сұрақтары(жауаптарымен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87 Кб
Скачать
☆

11. /Etc/group файлдары..

/etc/group – бұл топ туралы, яғни группа туралы, ақпаратты қамтитын файлОл файлдарға мына қолданушылар кіреді:  project: $1$QydTRu2w$Cm5gk.6w6nmNdUjerh5pu:100: root,bin,daemon топ аты шифрленген пароль GID бірнеше топтарды қамтитын қолданушылар Топ аты – newgrp сияқты программалар тиімділігі үшін қолданылатын атау. Шифрленген пароль – топты алмастыру кезінде newgrp командасымен қолданылады. Топ үшін пароль болмауы мүмкін.  GID – топтың сандық идентификаторы. Жүйе оны құқықтарын файлдар және процесстер үшін қолданады.  Бірнеше топтарды қамтитын қолданушылар – бұл жолда үтір арқылы үнсіздік бойынша басқа топ белгіленген қолданушылар көрсетіледі (/etc/passwd файлында). Қазіргі кезде passwd және group файлдарындағы парольдерді сақтау сенімді емес. Linux- тің жаңа нұсқаларында көлеңкелік деп аталатын файлдардың парольдері қолданылады– shadow және gshаdow. Бұл файлдарды оқу суперқолданушының көмегінсіз мүмкін емес болатындай етіп құқықтар тағайындалған. Көлеңкелік файлдарды қолданған кезде жүйенің дұрыс істеуі үшін бір уақытта passwd және group файлдарының бар болуын қажет ететінін ескеру керек.

12. /Etc/shadow файлдары..

Shadow файлы қолданушылар туралы қорғалған ақпаратты сақтайды, және де парольдар мен есеп жазбаларының ескіру механизмін қамтамасыз етеді. shadow файлының құрылымы келесідей болады: cisco: (а) $1$oAJZcVg0$EGORy8Mh3swT1RfJeX.UR0 (б) :13770(в) :10 (г) :99999 (д) : 7 (е) :30(ж ) :99999 (з) ____ (и) Енді осы құрылымдарға жеке тоқталайын: а) қолданушының аты. б) шифрленген пароль – хештеу алгоритмдері қолданылады, ереже бойынша MD5. в) 1970 жылдың 1 қаңтарынан бастап парольдың соңғы өзгеруінің күндер саны. г) пароль қзгеруі мүмкінге дейінгі күндер саны. д) осы күндер санынан соң пароль өзгеруі қажет. е) парольдың ескіре бастағаны жайлы қолданушыны ескерте бастайтын күндер саны. ж) пароль ескірген соң есептеу жазбасын блоктау үшін күндер саны. з) 1970 жылдың 1 қаңтарынан бастап есеп жазбасы блокталғанға дейінгі күндер. и) резервтелген жол.

13. /Etc/gshadow файлдары..

gshadow файлдары да парольдар тобын қорғалған сақтауы бар қосымша функционалдықты қамтамасыз етеді. Оның құраылымы мынандай:

  • root: Топ аты.

  • $1$QydTRu2w$Cm5gk.6w6nmNdUjerh5pu-шифрленген пароль.

  • root: Топ басқарушысы.

  • cisco,oem- қолданушылар тізімі.

Топ аты – newgrp сияқты программаларды қолдану ыңғайлығы үшін қолданылатын атау.  Шифленген пароль – newgrp командасымен топты ауыстыру кезінде қолданылады. Топтар үшін пароль жоқ болуы мүмкін.  Топ басқарушысы – gpasswd көмегімен парольды өзгертуге құқысы бар қолданушы. Қолданушылар тізімі – бұл жолда үнсіздік бойынша басқа  топ белгіленген (/etc/passwd файлында) қолданушылар үтір арқылы көрсетіледі.

14. Root тіркеу жазбасы.

Linux-та қарапайым қолданушылардан басқа шексіз құқығы бар бір ғана қолданушы болады. Ондай қолданушының UID және GID идентификаторлары әрқашан 0 болады. Әдетте оның аты root. Root қолданушысы үшін файлдар мен процесстерге рұқсат құқығы жүйемен тексерілмейді. Root есеп жазбасын қолданып жұмыс істеген кезде ерекше абай болу қажет, өйткені әрқашан да жүйені жойып жіберу мүмкіндігі болады.