Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

3. «Өндірістік санитария» және еңбек гигиенасының негізгі мақсаттары

Өндірістік санитария – жұмыс орындарында адамдарға әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық, гигиеналық, санитарлық-технологиялық шаралар және құралдар жүйесі.

Міндеттері:

  1. Ауа ортасын сауықтыру және жұмыс аймағында микроклимат параметрлерін нормалау;

  2. Жұмысшыларды шудаң, шаңнаң, дірілден, электромагниттік сәулелерден және т.б. өндірістің зиянды, қауіпті факторларынан қорғау;

  3. Табиғи және жасанды жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз ету;

  4. Өнеркәсіп аймағын, негізгі және қосымша бөлмелерді санитарлық талаптарға сай ұстау.

Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайы мен еңбек түрлерінің денсаулыққа әсерін зерттеп, өндірістің зиянды және қауіпті факторлардың алдын алуға бағытталған ғылыми негізде нормаларының практикалық шараларын жасап шығаратын ғылым және медицина саласы. 

Еңбек гигиенасының негізгі  бағыты: еңбекті қорғау мәселелерін  Қазақстанда шаруашылық және кәсіподақ органдары медицина мекемелерімен бірлесе отырып, еңбек туралы заңға сәйкес комплексті түрде шешу. Өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың денсаулығын медициналық санитариялық бөлімдер, сауықтыру пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттер қадағалап отырады.

Денсаулық сақтау,сауықтыру шараларының  тиімділігіне баға беру еңбек гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі. 

Еңбек гигиенасы 2 бөлімге бөлінеді: жалпы және жеке еңбек гигиенасы.

Жалпы еңбек гигиенасы  өндірістің барлық саласына тән физикалық  факторлардың, шаңның, токсикалық заттардың әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Жақын арада шешімді талап ететін сұрақтар тізімі:

- өндірістік желдету мен газдардан тазарту және өндірістік тастамаларды зарарсыздандыру әдістерінің тиімділігі;

- өндірістің санитарлы жағдайына әсер ететін өндірістік құрылыс факторларын зерттеу;

- мекеменің ауа бассейнінің гигиеналық сұрақтары (құрылыс тығыздығын, ғимараттардың арасындағы үзіліс өлшемдерін негіздеу);

- радиотехника, электроника, электровакуумды, жартылай өткізгішті өндірістің дамуына байланысты жаңа жарық көздеріне қойылатын талаптарды құрастырады;

- жоғары бірлікті қуатты агрегаттарды (мысалы, қуатты электр пешінде 100 – 200 т болатты алу) қолданумен байланысты жаңа эргономикалық сұрақтар дамиды;

- ауылдық жерлердің жалпы гигиеналық проблемасы пестицидтердің зиянды әсерінің алдын алу.

Жеке еңбек  гигиенасы ТМД-да жақсы дамуда. Жеке еңбек гигиенасы ауыл шаруашылығының жеке салаларындағы еңбек жағдайын, жеке мамандықтардың еңбек гигиенасын (еңбек сипаты, зияндылықтар, шаң, шу, химиялық заттар, еңбек тәртібі ж.б.) зерттейді. Жеке еңбек гигиенасының міндеті кәсіптік зияндылықтардың денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне кешенді әсерін зерттеу және оларды болдырмау шараларының жүйесін құрастыру.

Жалпы және жеке еңбек гигиенасының жетістіктерінің негізінде жалпы мемлекеттік өндірістік-санитарлы заңдылықтар, өндірістік мекемелерді жоспарлаудың санитарлы нормалары құрастырылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]