Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

46. Ук және лазер сәулелерінен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары

Лазер сәулеленудің негізгі қорғанысына жататындар: қаптамалар және қорғаныс экрандарын қолдану, технологиялық лазер процестерді қолдану кезінде телевизиялық бақылау жүйелерін қолдану, сонымен қатар, сигнализация жүйесі, лазер қауіпті аумақтардың қоршауға алынуы. Бұлардың барлығы тәжірибелік жолмен анықталады. Тек қана тікелей лазер сәулеленуден ғана қорғанбау керек, және де шағылысатын да сәулеленуден сақтану қажет.

Электромагниттік сәулеленуден қорғану үшін арнайы металданған маталардан жасалынған комбинезондар және халаттар қолданылады.

Электромагниттік сәулелену әсерінен көзді қорғау үшін, қалайы диоксидімен жабылған, 3П5-90 маркілі көзәйнектер пайдаланылады.

Жеке қорғаныс құралдары ретінде арнайы әйнектен жасалған қорғаныс көзілдіріктері қолданылады. Қол мақта-мата қолқаптармен қорғанады. Дененi қалған бөлiктердiң қорғанысы үшiн кәдiмгi киiм жеткiлiктi.

УК сәулеленудің қарқындылығын төмендету және оның әсерінен қорғану «қашықтықтан» қорғанумен, сәуле шығару көздерін экрандау, жеке бас қорғаныс құралдарымен, бөлмелерді арнайы бояу және жұмыс орнын тиімді орналастыру арқылы жүзеге асады

УК сәулеленуден қорғану үшін міндетті түрде жеке бас қорғаныс құралдары қолданылады, олар арнайы киімдерден (кеудешелер,шалбарлар), қолқаптардан тұрады. Арнайы маталардан жасалынған алжапқыштар, түс сүзгісі бар щиткалар сәулеленудің белгілі бір қарқындылығына сәйкес келеді. Көздерді қорғау үшін, мысалы қолмен электрдәнекерлеген кезде келесі түрдегі түссүзгілерді қолданады: электрдәнекерлеушілер үшін дәнекер ток 30...75 А кезінде — Э-1;75...200А—Э-2;200...400А—Э-3 және 400 А ток кезінде Э-4. Теріні УК сәулеленуден қорғау үшін құрамында осы сәулеленуге түссүзгі ретінде қызмет атқаратын заттары бар мазьдер (салол, салицил—метил эфирі,т.б.), (спецодежда, изготовляемая из льняных и хлопчатобумажных тканей с искростойкой пропиткой и из грубошерстных сукон) сонымен қоса зығыр және мақта матадан, отқа тұрақты арзанқол материалмен және қалың жүннен жасалынған арнайы киімдер пайдаланады. Өолдарды УК сәулеленуден қорғау үшін арнайы қолқаптар киеді.

47. Иондаушы сәулелерді нормалау, бақылау және өлшеу құралдары

Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды. Ионданушы сәулелердің үш түрі бар:

1. Көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының екі бөлшектер α ағымы;

2. Электрондар мен бетта бөлшектер ағымы

3. Қысқа толқынды электромагнитті гамма сәулелері 2-бөлшектер адамның киімі арқылы да, тері эпителий арқылы да өтпейді.

Альфа сәулелер организмдегі биохимиялық процесстерді өзгертіп физикалық, химиялық және физиологиялық потологияға әкеледі. Альфа бөлшектерімен салыстырғанда бетта бөлшектері организмге ену қабілеттігі жоғары. Организм ұлпасына 1-2 см тереңдікке ене алады. Гамма сәулесінің ену қабілеттігі өте жоғары тек қорғасын қабатымен және бетон плиталарымен қорғануға болады.

Иондағыш сәулелену көздерін қалыпты пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі принциптері басшылыққа алынады:

  • барлық сәулеленудің көздерінен адамдардың жеке басының сәулеленуге ұшырау дозаларын рұқсат етілген шегінен асырмау (нормалау принципі);

  • иондағыш сәулеленудің көздерін пайдалану кезіндегі адамның және қоғамның алған пайдасы оларды қолдану кезіндегі қосымша сәулеленудің келтіретін зияндылық қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тыйым салу (негіздеу принципі);

  • кез келген сәулелену көздерін пайдалану кезінде, экономикалық жөне әлеуметтік факторларды ескеріп жеке бастың (персонал) сәулеленуге ұшырау дозаларын және сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санын мүмкіншілігінше және қолдан келгенше төменгі деңгейде ұстау.

Жасанды және табиғи сәулеленудің барлық әсер етуі жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиациялық қауіпсіздік нормаларын қолданады (РҚН-99). “Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының заңы, талаптардың шектейтін негізіне алынатын құжат.

Персоналдың жұмыс істейтін кезеңіндегі (50 жыл) эффективті дозасы — 1000 мЗв, ал халық үшін бүкіл өмір сүретін кезеңінде (70 жыл) – 70 мЗв-тен аспауы қажет. Адамға бір мезгілде ішкі және сыртқы сәулеленуге ұшырататын кездер әсер еткен кезде жылдык эффективті доза орнатылған доза шектерінен аспауы қажет.

Иондаушы сәулелерді табу, олардың энергиясымен басқа да қасиеттерін өлшеу үшін дозиметрлік приборлар: радиометрлер және дозиметрлер қолданылады.

Дозиметрлер — радиоактивті сәулелер немесе рентген сәулелері дозасын өлшеу аспаптары.

Бүл аспаптарды алты топқа бөлуге болады: 1) гамма-сәулелердің, рентген сәулелерінің дозасын және нейтрон ағындарын өлшеу аспаптары; 2)радиоактивті заттармен ластанған жазықтықтықтар бетіндегі альфа- және бета-бөлшектер ағымын өлшеу аспаптары; 3)ауаның радиоактивті газдармен және аэрозольдармен ластану дәрежесін өлшеу қондырғылары; 4) судың және азық- түліктің нақты белсенділігін өлшеу аспаптары; 5) гамма-сәулелердің, рентген сәулелерінің және нейтрон ағындарының жеке адам қабылдаған дозаларын анықтау аспаптары; 6) радиоактивті бөлшектермен уланған адамдардан тарайтын сәулелерді және олардың демінен шыққан ауа радиоактивтілігін өлшеу аспаптары.

Қоршаған ортаның радиациялық күйін бағалауда детектор ретінде бір немесе екі Гейгер есептегіші қолданылатын әртүрлі индикатор-өлшеуіштер (ИМД-70, ИМД-100, ИР-02 Б1, ДМП-1, СИД-01 және т.б.) пайдаланылуы мүмкін. Бұл құралдар радиоактивті ластануды тауып қана қоймай, дозаның күшін дәл бағалау мүмкіндігін береді.

Дозиметр (ИРД-02 Б1 типті тұрмыстық радиометр) гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасының күшін өлшеуге, сонымен қатар ластанған беттегі бета-сәулелену ағымының тығыздығын және су, топырақ, тамақ, өсімдік және жануарлар өнімдерінің және т.б. бета-гамма-сәулеленудің нуклидтерімен ластануын бағалауға арналған.

ИР-02 Б1 типті құрал гамма-сәулелену бойынша радиациялық өзгерістің орналасуын бақылау үшін қолданылады. Бета-сәулеленудің көрсеткіштерін, бағалауды тек нағыз кәсіпқой жұмысшы жүргізуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]