Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

60. Электр тоғынан зақымдануды болдырмау үшін жүргізілетін ұжымдық, техникалық қорғаныс шаралары

Электр тоғы – электр зарядтарының (зарядталған бөлшектер не дене) бағытталған қозғалысы.

ПУЭнің талаптары бойынша тоқ сымдары адамдар мен жануарлардың жанасуына қауіпсіз болуы қажет. Тікелей зақымданудан мынадай шаралар жүргізіледі:

1) тоқ тасымалдаушы бөліктердің негізгі изоляциясы

2) қоршаулар мен қабықшалар

3) қол жетімсіз жерге оналастырылуы

4) төмен кернеулі тоқ күшін қолдану

Жанама зақымданудан қорғануды мыналардың көмегімен жүзеге асырады:

1) қоректендіру көзінің автоматты түрде сөндірілуі

2)потенциалдарды теңестіру

3)екі еселі немесе күшейтілген изоляция

4) электрлі тізбекті бөлу

Электр тоғымен зақымданудың алдын алу мақсатында электр приборларын арнайы қорғаныс материалдармен қаптайды. Сонымен қатар үнемі тоқпен жұмыс істейтін адамдарға арнайы қорғаныс киімдері беріледі және де оларға тоқпен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.

Адамның электр тоғынан зақымдануы, тек электр тоғы адам денесі арқылы өткенде жүреді. Ол мына жағдайларда болуы мүмкін:

• Екі фазалық электр тоғын біріктірген кезде

• Бір фазалық электр тоғын клемма, шина, басқа сымдармен қосқанда

• Электр тоғы өтпейтін прибор көрсеткіштерінде, олар изоляцияның бұзылуынан пайда болады

Адам электр тоғына ұрынған кезде, оның денесіндегі токты электр кернеуін үлкейту немесе жер бедеріндегі жанасу аумағын көбейту арқылы кемітуге болады.

Адамды электр тоғынан зақымдануын азайту үшін төмендегіндей шаралар қолдануы тиіс:

• электр тоғының күші аз желілерді қолдану

• электр тоғының желілерін өзара бөлу

• электр тоғын изоляциялау

• электр тоғының күшті жағынан әлсіз жағына өту кезінде қауіпсіздік шараларын қолдану

• изоляцияланған аймақтарды тексеріп және олрады қайта қалпына келтіру

• электр тоғыны өтіп жатқан аймаққа кездейсоқ тиіп кетпеу

• электр тоғын жерге көму, нолдеу, автоматты түрде сөндіру

• жеке басқа арналған қорғаушы құралдар

Электр тоғын оқшаулау(изоляция) дегеніміз ток жүріп жатқан сымның сыртындағы диэлектр қабаты немесе ток көзін өткізбейтін материалдан жасалған қабат. Электр тоғынын изоляциялаудың келесі түрлері бар:

• жұмыстық изоляция- ток көзі жүретін электр құрылғыларын изоляциялау,ол жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, адамды электр тоғынан зақымданудан сақтайды

• қосымша изоляция- бұл изоляция жұмыстық изоляция зақымдалған кезде адамды электр тоғынан зақымданбау үшін қосымша ретінде қолданылады

• екіқабаттық изоляция- электр тоғын жұмыстық және қосымша изоляцияны қолдану

• күшейтілген изоляция- бұл жұмыстық изоляцияның жетіктірілген түрі

• Электр тоғын жерсіндіру (заземление) дегеніміз электр құрылғының ток көзі өтпейтін металл сымын жермен қосуын атаймыз. Бұл шара егерде ток өтпейтін аймақтан ток көзі өткен жағдайда бар токты жерге таратып жіберу үшін қолданады. Бұндай жағдайлар электр тоғы тебісіп немесе изоляция құртылып ток көзі электр құрлғымен түгелдей таралғанда көмектеседі.

• Автоматты түрде сөндіру – адам электр тоғынан зақымдану кезінде автоматты түрде ток көзін өшіретін жылдам әсер ететін қорғаныс құрылғысы. Қауіп фаза құрылғының сыртқы қабатына тиген кезде немесе жерге көмілген металл желісі дұрыс істемеген кезде т.б жағдайларда туындайды. Бұндай жағдайларда электр желісінің параметрлері өзгереді.

• Желіден ток көзінің параметрлері қауіпсіз сөндіргіш құрылғысына беріліп отырады. Егер сигнал берілген парметрге сай келмесе онда АТС 0,2 секунд ішінде ток желісін өшіріп тастайды. АТС түрлері олардың қандай параметрлермен жұмыс істейтініне байланысты бөлінеді.

• Электр тогымен зақымданудан қорғану

• Жеке бас қорғаныш құралдары-ток көзінен қорғайтын құралдар екіге бөлінеді: негізгі және қосалқы болып.

• Негізгі ток көзінен қоғайтын құралдар- олар ток көзін өткізбеуін ұзақ уақыт бойы сақтай алады. 1000В элекрт тоғы өтетін желілермен жұмыс істегенде қолданылады. Оларға изоляциялайтын штангілер, изоляциялайтын қысқыштар, диэлекртлі қолғаптар, слесорлі- монтаждық құралдар және ток көзін өлшейтін құралдар жатады.

• Қосымша ток көзінен қоғайтын құралдар- олар ток көзін өткізбеу мерзімі аз. Олар жүрген кезде немесе ток көзіне тиген кезде сақтау үшін жасалған. Оларға диэлектрлі галоштар, көрпешелер, изоляциялайтын қойғыш тақтайлар жатады. Сондықтан 1000В жоғары ток көзімен жұмыс істеген кезде негізгі ток көзінен қоғайтын құралдармен жұмыс істеу керек.

• Ток көзінен қорғайтын құралдарда қандай ток көзінің қуаттылығына шыдайтыны жазылған және олардың эксплуатациядағы мерзімі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]