Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

9. Ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа ағыны ағзаға қалай әсер етеді?

Ауа температурасы – атмосфераның жылулық күйін сипаттайтын метеорологиялық өлшемдердің бірі.

Оптималды ауа температурасы -22-24 градус.

Гипертермия (жоғары температура)- бастапқы кезде денедегі жылу кетеді, қан тамырлары кеңейеді, жүрек қағысы жиілейді, тер шығады. Температураның әсері жалғаса берсе, ағзада жылу жиналады, дене қызуы жоғарылайды, адам басы айналады, құлағы шулайды, лоқсиды, тыныс алуы пульсі жиілейді, ағза көп тұз жоғалтады, майлар, белоктар тез ыдырайды, адамның денесі бозарады, көзі бадырайып, есінен танады, көмек болмаса адам өледі. Көмек: адамды салқын жерге шығару, денесін салқын сумен сүрту, шатқа, қолтық астына мұз қою, салқын минералды су беру және де банан, жүзім беруге болады.

Гипотермия(төмен температура)-ағза тоңазиды. Адамның тыныс алуы сирейді, пульс сирейді, қан тамырлары тартылады, зат алмасуы жоғ-ды, қалшылдайды(энергия жылуға айналады), дене температурасы төмендейді. Ары қарай суықтың әсерінен аяқ-қол тартылады, бозарады, дене температурасы 22-25 градусқа түссе, адам өледі.

Көмек: жылыту; денесін спиртпен, жүн матамен уқалау; денесі тоңазыса жылыту керек; ыстық шай беру керек.

Ауаылғалдылығы –ауа райы мен климаттық ерекшеліктерді сипаттайтын негізгі метериологиялық өлшемдердің бірі.Ауа ылғалдылығы:абсалютті,салыстырмалыб\п б\ді.Ылғал-қ жоғары болса;тер аз бөлінеді,ағза қызады,ал егер төмен болса;тер көп бөлінеді,ауыз кеуіп,жарылады,микробтар көбейеді. Адамның шырышты қабаттары: мұрны, аузы кеуіп, жарылып кетеді, микроағзалар көбейеді.

Оптималды ауа ылғалдылығы -40-60%.

Ылғалдылықтың аздығы: денесінде ылғалдылық жоғалса адам ағзасы құрғап кетеді, сменеда 8-10л сұйық жоғалтады, 60 г ас тұзын жоғалтады. Тұздың ағзадан кетуі қан суды ұстау қабілетінен айырылады. Ауа құрамындағы от­тегі мөлшерінің қажетті деңгейден ауытқуы да адам ағ­засына жайсыз тиеді. Бұл әсіресе қа­лалықтарға қатыс­ты. Өйткені қалаларда ауа ыл­ғалдылығы жоғары, шаң-тозаң, түрлі газдар көп.

Ауа райының жоғары ылғалдылығында гипертония, стенокардия, астма ауруларымен ауырған науқастар зардап шегеді. Өйткені, ауа құрамындағы оттегі азайып, ағзаға қажет болып жетпей тұрады. Содан адам әлсіреп, жұмысқа икемі келмей шаршайды. Ұйқысы келіп, шаршаңқы жүреді.

Ауа ағынының әсері. Оптималды ауа ағыны-0,1-0,3м/сек. Негізінен ауа бірқалыпты болмаса,жұмыс жасауға ыңғайсыз болады,адам тез шаршайды,әлсізденеді,жұмысқа деген қабілеттілік азаяды.Ауа ыстық болса,ауа жетіспей,бас айналады.Ал егер суық болса,қалытырап,тез жаурағыш болады.Денесін салқын сезінген адамда жұмысқа деген құлшыныс азаяды.

10.Ағзаны қызудан және тоңазудан сақтау.

Дені сау ересек адамның дене температурасы +35,50C +370C. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады.Мысалы: түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты .Адам дене температурасының мүндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +430C көтерілуі немесе +250C төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасының бір қалыпты сақтауға бағытталған физиялогиялық үдерістерін жылуын реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылғы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13500Дж болса, оның 80% тері арқылы сыртқа бөлінеді.

Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледі.

  • Химиялық жол

  • Физикалық жол

Химиялық жолмен – жылудың реттелуі зат алмасу кезіндегі ағзада түзілетін жылу мен бұлшықеттердің жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындығы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін энергия арқылы реттеледі.

Физикалық жолмен –ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады. Оған теріден судың тер арқылы булануы мысал болады. Тері арқылы ағзадағы жылудың реттелуі тер бездерінің қантамырлардың тері қабатының қатысуымен жүреді. Мысалы, сыртқы орта температурасы көтерілсе, зат алмасу бәсендейді де қан тамырлары кеңейеді.Теріге көп мөлшерде қан ағып келіп, теріде температура көтеріледі де, бұл кезде сыртқа көп жылу бөлінеді . Осылау ағза өзін қызып кетуден қорғайды. Егер сыртқы орта температурасы ағзаның дене температурасынан төмен болса, қантамырлар тарылады. Бұл кезде теріге қан өзі келеді де, ағзада жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісе қызарып не бозарып кетеді.Бұл да теріге келетін қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Тері арқылы жылудың реттелуі тікелей жүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады.

Ағза ішкі ортаның тұрақтылығын ғана емес температурасын да сақтайды. Ағзаның жылу реттеуіне жүйке жүйесі де қатысады. Ағза салқын тартқан кезде ми терінің қантарту тамырларының тартылуына дабыл береді. Бұдан дене бетіндегі қан ағымы төмендейді, сондықтан қоршаған ортаға жылудың бөлініп шығуы азаяды. Дене температурасы қалыптан артқан кезде жылу беруді ұлғайтатын әртүрлі физологиялық тетіктер іске қосылады. Бұл денеден тердің көп бөлінуінен іске асады. Өйткені суды буландыруға көп мөлшерде жылу жұмсалады.Жазғы ыстықта адам денесіне ылғал көп буланады, сондықтан дене температурасының тұрақтылығы сақталады. Өзге жағдайларда терідегі қан ағымының мөлшері артады: соның нәтижесінде жылу шығару арқылы жылу беру шамасы ұлғаяды.

Салқындау.

Салқындау кезіндегі клиникалық көріністер: салқындаған жағдайда ашық немесе қорғалмаған дене бөліктерінің кейбір мүшелер мен жүйелердің зақымдауы көрінеді.

Клиникалық көріністерде негізгі өзгерістер облитрлген эндортрит үсу мен дененің жалпы салқындауы. Облитерленген эндортрит, аяқ-қолдан ұзақ салқындауы кездеседі. Аурудың клиникалық көрсеткіштеріне саусақ терісінің ағаруы, тері сезімталдығына төмендеуі парестезия, аяқ-қол қозғаысының қиындауы мен перифериялық қантамырларының пульсінің әлсізденуі жатады.Дененің жалпы салқындауы деп-суықтың ағзаға ұқсас әсері.Гипотермияға көмірсу мен ақуыз алмасуының бұзылысы, тотығу процесінің баяулауы, қан тамырларының өткізгіштігі тән. Тоңу кезіндегі еңбекке қабілеттілікті сараптау. Салқындаудыңжеңіл формасымен ауырып сауыққан адамдар өз жұмыстарына қайтарылады. Ауыр формасы басынан кеміргендер функциональді бұзылыстары қалған , ондай ауруларды ұтымды жұмысқа орналастыру керек .

Алдын-алу шаралары: тоңудың алдын алу, арнайы киім, жылы аяқ-киім, уақытында ыстық тамақ ішу, үзілістерде арнайы бөлмелерде жылыну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]