- •1.Өндірістік орта,жұмыс аймағы,жұмыс орны дегеніміз не?
- •2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларға түсінік беріңіздер
- •3. «Өндірістік санитария» және еңбек гигиенасының негізгі мақсаттары
- •4. Өндірістегі қауіпті және зиянды факторлардың жүйеленуі
- •5. Еңбек түрлеріне сипаттама беріңіздер
- •6. Дене және ой еңбегі кезінде ағзада қандай физиологиялық өзгерулер болады?
- •7. Қажу, жалығу және зорығу себептері және оны болдырмау
- •8. Өндірістік микроклимат және оның адам ағзасына әсері. Өндірістік микроклиматты гигиеналық нормалау
- •10.Ағзаны қызудан және тоңазудан сақтау.
- •9. Ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа ағыны ағзаға қалай әсер етеді?
- •11. Өндірістік желдету және конденцирлеу жүйелері
- •12.Табиғи және механикалық желдетудің ерекшелігі мен кемшілігі.
- •13.Жергілікті және жалпы желдету жүйелерін қолдану ерекшеліктері
- •14. Жарықтандырудың және жарықталған ортаның негізгі сипаттамасы, олардың өлшем бірліктері
- •15.Өндірісте қолданылатын жарықтандыру түрлері қандай?
- •16. Табиғи жарықтандыру түрлері және оны нормалау.
- •17. Өндірісте жасанды жарықтандыруда қандай шам түрлері қолданылады? Олардың артықшылықтары және кемшіліктері.
- •18.Жасанды жарықтандыру түрлері. Жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талап
- •19. Электр тоғымен зақымдану себептері
- •20. Электр тоғымен зақымдану қаупі бар бөлмелердің жүйеленуі.
- •21.Өндірістік шаңның физика-химиялық қасиеті және шаң құрамының жүйеленуі.
- •23.Шу,оның өлшемі және жүйеленуі.
- •24. Шудың әсерінен адам ағзасындағы өзгерістер. Өндірістегі шуды төмендету шаралары
- •25. Инфра- және ультрадыбыс дегеніміз не? Олардың ағзаға әсерінтөмендету үшін жүргізілетін әдістер қандай?
- •26. Діріл, оның шығу көздері, дірілдің ағзаға әсері
- •27. Өндірістегі электромагниттік өріс және сәулелену көздері, адам ағзасына әсері және қорғанудың жалпы әдістері
- •28. Өндірістік бөлмелердегі лазер және ук-сәулелер және оларды санитарлық нормалау.
- •29. Кәсіби аурулар.
- •30. Маңызды өндірістік улар және кәсіби уланумен күресудің жалпы шаралары
- •31. Өндіріс бөлмелерінің температурасы және оны анықтау.
- •32.Өндіріс бөлмелерінің ылғалдылығы және оны анықтау .
- •33. Өндіріс бөлмелерінің ауа ағыны және оны анықтау
- •34.Табиғи жарықтандыруды бағалау .
- •35. Жасанды жарықтандыруды бағалау және есептеу
- •36. Шуды анықтау және санитарлық бағалау, шуды нормалау әдісі
- •37. Дірілді анықтау және өлшеу
- •38. Дірілден ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік бөлмедегі улы затттарды анықтау.
- •41. Еңбек жағдайын бағалау
- •42. Шудан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
- •43.Шаңнан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
- •45. Иондаушы сәулелерден қорғанудың ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдары.
- •46. Ук және лазер сәулелерінен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары
- •47. Иондаушы сәулелерді нормалау, бақылау және өлшеу құралдары
- •48. Дірілді нормалау әдістері, бақылау-өлшеу құралдары
- •49. Өндірістік шаңды анықтау әдістері мен құралдары
- •50. Өндірістегі шуды бақылау әдістері қандай және шуды өлшеу үшін қолданылатын құралдың жұмыс істеу приципі.
- •51.Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау және есептеу әдістері
- •52. Өндіріс ауасын шаңнан, т.Б зиянды заттардан тазарту әдістері
- •53. Өрт қауіпсіздігінің пассивті және активті шаралары.
- •54. Жарықтандыру параметрлерін бақылау (өлшеу) әдістері
- •55. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талап
- •56. Жарықтандыру параметрлерінің адам ағзасына әсері.
- •57. Электр тоғынан туатын ағзадағы зақымданулар
- •58. Электр тоғынан адамды босату жолдары және алғашқы көмек көрсету шаралары
- •59. Діріл деңгейін төмендететін әдістер. Дірілден қорғанудың гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралары
- •60. Электр тоғынан зақымдануды болдырмау үшін жүргізілетін ұжымдық, техникалық қорғаныс шаралары
- •39. Өндірісітік шаңды анықтау әдістері мен құралдары.
39. Өндірісітік шаңды анықтау әдістері мен құралдары.
Шаң – бұл қатты бөліністерден құралған ұсақ бөлшектер.
Шаң факторын және оның жұмысшыларға әсерінің салдарын бағалау үшін, еңбек гигиенасы бойынша дәрігер әдебиеттермен танысу, жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануын және ондағы бос қостотықты кремнийдің мөлшерін химиялық анықтау (себебі оның болуы өндірістік шаңның фиброгендік дәрежесін анықтайды) негізінде қажетті материалдарды жинап, оларға талдау жүргізу керек. Шаңға бақылау жүргізудің негізгі мақсаты – жұмысшылардың еңбек жағдайын гигиеналықбағалау және шаңмен күрестің тиімділігін анықтау. Ерекше көңілді технологиялық процесстердің үздіксіз жүруіне және қолмен жасалатын әртүрлі операциялардың барына аудару керек, себебі бұларда шаңдануы жоғары келеді.Мұнда тағы шаңның тұрақты немесе мезгілді түзілуі анықталады, себебі, осыған байланысты шаңның сынамаларын алудың әртүрлі жұмыс орындары ғана емес, ауысымның әртүрлі кезеңдері де жоспарланады. Жұмыс орындарында шаңдануды анықтауды тыныс алу аймағында (еденнен 1,5 м биіктікте) жүргізу қажет. Егер жұмыс орны тұрақты болмаса, онда шаңдардың концентрациясын өлшеуді ауысымның 50 % жоғары уақытында жұмысшы болатын жұмыс аймағының нүктелерінде жүргізеді. Шаңдануды анықтауда оның массасын (мг/м3) анықтайды және дисперстігіне, яғни өлшемдері әртүрлі шаң бөлшектерінің проценттік қатынасына сипаттама береді. Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануына бақылау әдістері мен құралдары көптеген, оларды екі топқа біріктіруге болады:
Тікелей әдістері - шаңның сынамаларын алу құралында дисперстік фазаны бөліп алу (сүзу, электро және термопреципитация, өкпіндік шектіру арқылы), соңынан шаңның салмағын (массасын) өлшеу әдістері;
Жанама әдістері (дисперстік фазаны бөліп алмай) шаңның массалық концентрациясын (мг/л) анықтауға мүмкін береді. Бұл үшін мына әдістері қолданылады: радиациялық оптикалық, радиоизотоптық, электрлік немесе электрондық, депреометрлік,пьезометрлік т.б.
Шаңға гигиеналық бақылауды- мезгілдік (шаңның конентрациясын қысқа уақыттық бір мертелік өлшеу) немесе жекелік шаң сынамаларын алу құралдарымен) түрлері болуы мүмкін. Өлшеу жүргізудің мақсаттарына байланысты, бөлшектердің массасы бойынша шаңның максимальды – бір реттік және орташа ауысымдық концентрациялары анықталады.
Шаңды анықтау құралдары.
Аспираторлар – шаң-тозаңды филтьрлі патрон арқылы белгілі жылдамдықпен (л/мин) сорып отыруға арналған құрал. Ауаның құрамын анықтайтын аспиратор жұмысының негізі: ауаның құрамындағы бөлшектерді анықтап, оны анализден өткізіп, құрамындағы ұсақ бөлшектерді санитарлы – эпидемиологиялық станцияларда, лабороторияларда, ғылыми зерттейтін институттарда зерттеу болып табылады және жұмыс орнындағы аурудың алдын алу үшін зерттеледі. Аспиратор қолайлы климаттық жағдайға негізделген, (10 — 35ºС) 25ºС – та салыстырмалы ылғалдылық 80% және атмосфералық қысымы 84 – 106,7 кПа дейін (630 – 800 мм рт. ст.)
Тікелей өлшеуге арналған АФА фильтрі қабылдағыш құралдар, фильтрұстағыш, ауаның әрбір фильтрден үлкен жылдамдықпен өтуін қамтамасыз ететін (20 – 140 дм /мин) аспиратордан құралған. Ауаның шаңдануын зерттеу үшін гидрофобты материалдан жасалған АФА-ВП-10 және АФА-ВП-20 фильтрлері қолданылады. «В» әріпі фильтрдың салмақтық әдіске жарамдылығын, ал 10 және 20 сандары фильрт дөңгелегінің ауданын (см) білдіреді.
Шаңды анықтаудың тағы бір құрал түрі – салмақтық әдіспен массалық концентрацияны анықтауға арналған құрылғы. Ол шаң-тозаң камерасы мен басқару пультінен тұрады. Шаң-тозаң камерасы ауа ортасына зерттеу жүргізілетін өндірістік бөлме ретінде қарастырылады. Камерада ауа шаңдануының әр түрлі дәрежесі болуы мүмкін. Камераның ішкі жағында шаң-тозаңы бар бункер-дозатор орналасқан. Дозатор тұтқасын бұрған кезде камераға шаң порциясы енеді. Камераның ішкі жағында арнайы қарау терезесі бар, ол арқылы қаншалықты шаң мөлшері бар екендігіне визуальді түрде баға беруге болады. Жұмыс жағайында фильтрлі патрон ауа алуға арналған саңылауға орналастырылады. Басқару пультнде аспираторға және желдеткішке регулировка жасау үшін арнайы тұтқалар орналастырылған.
