Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ӨС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

59. Діріл деңгейін төмендететін әдістер. Дірілден қорғанудың гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралары

Қаладағы вибрацияның, шудың көптігін, оны таратын негізгі көздерін айтқаннан кейін, сақтану жолдарын да қарастырған дұрыс. Қаржыны, материалды үнемдейміз деген сылтаумен көшелерді тар, үйлерді бір-біріне жабыстырып салып, шудан, вибрациядвн сақтану ұмыт қалып жатыр.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп орындары, көшелер тұрғын үйлер, демалыс орындары үшін шектеуші – рұқсат етілген санитарлық нормалар белгіленген. Мұндай нормалар ұзақ уақыт зерттеу және бақылау нәтижесінде пайда болады. Олар адамдардың денсаулығына зиянды болмауы ескеріледі.

Қысқаша айтқанда, бұл нормалар адам организміне зиянсыз, рұқсат етілген табалдырық болып есептеледі.

Осы кезде қолданылып жүрген шектеулі – рұқсат етілген дыбыс күшінің мөлшері орта ерекшеліктеріне сәйкес мынадай:

Мемлекеттік үлгіге (Стандартқа) сәйкес (гост 121. 003-73. «Шу қауіпсіздік жөнінде жалпы ереже») жұмыс орындарында шектеулі – рұқсат етілген дыбыс күші мына мөлшерлерден аспауы керек.

Орта

Децибел (дБа) есебімен

Күндіз

Күндіз Түнде

Өнеркәсіп орнында, құрылыс-монтаж алаңында, жұмыс орнында т.б. кәсіпшілік мекемелерінде

Тұрғын аудандарда

Қала көшелерінде

70 –80

60

65

70 –80

50

55

Мемлекеттік үлгіге (Стандартқа) сәйкес (гост 121. 003-73. «Шу қауіпсіздік жөнінде жалпы ереже») жұмыс орындарында шектеулі – рұқсат етілген дыбыс күші мына мөлшерлерден аспауы керек.

Жұмыс орны

дБа

Бөлмелерде, лабораторияларда, конструкторлық бюрода, ауруханада қабылдау бөлмесінде

Басқару қызметкерлерінің бөлмесінде

Алыстан басқаратын жұмыс орындарында:

Байланыс телефон арқылы болса

Кәсіпорын территориясы мен жұмыс алаңдарында

50

60

65

80

85

Қатты дыбыстан сақтанудың бір жолы дыбыс тарайтын көздерді тексеріп, оларды жоюға шара қолдану. Әрбір қондырғы, станок, жабдық өзінің қисынымен жиналып, дұрыс орнатылса, мезгілінде майланып, жөндеуден өтсе ірге тасқа бекіткенде, жұмыс істегенде бөлшектер бір-бірімен соқтықпас үшін арасына дыбыс жібермейтін немесе азайтатын қосымша төсем салынса дыбысты азайтуға болады.

Егер дыбыс көздерінде оның күшін азайтуға мүмкіндік болмаған жағдайда дыбыс тарайтын жолға кедергі болатын заттардан қалқан қойып, ағаш отырғызып, тұрғын үйлердің қабырғаларын дыбыс өткізбейтін материалдан салып, оларды дыбыс көзінен әрірек әкетуге т.б. жолдарды іздестіруге болады.

Автомәшинелер көп жүретін көшелерде дыбыстың күші 78 – 80 дБаге дейін жететін болса, оны алпыс беске дейін кеміту үшін тұрғын үйлерді көшеден 80 - 90 м. қашық салу керек болар еді. Көшенің өзі бетін есептегенде жолдың ені 180 – 250 мге дейін кеңейіп, әр көше бойында осыншама жерді бос тастау әрине дұрыс емес. Өйткені құрылыстың бағасы өсіп, қаладағы ең қымбат байлық жер орынсыз жұмсалған болар еді.

Аэропорт айналасындағы санитарлық – қорғау аймағының ені оның класына байланысты болады:

Тұрғын үйлерге дыбыс өткізбей мақсатында құрылыс салғанда қабырғаларын, төбелерін және едендерін дыбыс жұтатын материалдардан салып, терезе аралығын бітеп, ашпалы көздерін перископ тәрізді жасап дыбыс өтпейтін етеді.

Көшедегі дыбыстың күші жолға төселген құрылыс материалдарына да байланысты. Мысалы: асфальтпен салыстырғанда бетон төселген көше 5 дБа ге, тас төселген көше – 10 дБаге дыбысты көп таратады.

Көп қабатты үйлер аралығында дыбыс көп сақталып, аз қабатты аудандарда тез жойылады. Кең көшелерде дыбыс аз, тар көшелерде көп болады.

Дыбыстың тарайтын жолына кедергі ретінде ағаштар мен бұталар отырғызылып, кісі тұрмайтын құрылыстар салынып, жер бетінің ой – шұқыры мен биік қыраттарын пайдаланады. Қолдан топырақ үйіп, қалқан тұрғызады, қабырға салып, сурет пен плакаттар іледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]