Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191 Кб
Скачать
☆

39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.

Туристік-рекреациялық ресурстар – туристердің рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар. Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады.

Рекреациялық туризм. Рекреациялық туризм мақсаты – адамның толыққанды демалысы және оның денсаулығын туризм арқылы қалпына келтіру болып табылады.

Рекреациялық туризм, әсіресе оның белсенді түрлері, адам ағадам ағзасына тиетін кері әсерін жояды немесе төмендетеді (гипокинезия, дұрыс тамақтанбау, стресс т.б.). Оған, біріншіден, бұлшық еттер қимылы септігін тигізеді. Екіншіден, денсаулыққа күнделікті қоршаған ортаның өзгеруі, табиғат, достарымен қатынас жасаудың өзі пайдалы болады. Осындай жағдайда физикалық ауыртпалық та оңай болып көрінеді. Үшіншіден табиғаттың рекреациялық ресурстарының өзі сауықтыру эффектіне ие: таза ауа мен су, күн, қарағай орманындағы фитонцидтер және т.б. Жорық кезіндегі ауа-су әсері шынығу үшін де пайдалы. Табиғи рекреациялық ортада адам иммунитеті шынығады, адам ағзасының ауруларды туғызатын микроорганизмдерге қарсыласу қабілеті жоғары болады. Туристерді сауықтыруға және олардың толыққанды демалысына, сонымен қатар, сапалы туристік қызмет; тамақтану, жұмыс пен демалыстың жүйелі режимы, салауатты диета өз септігін тигізеді. Сөйтіп, рекреациялық туризм сауықтыру факторларының кешеніне ие деп айтуға болады.

Емдік-сауықтыру туризмнің географиясы.

Емдік мақсаттағы саяхаттардың да тарихы бар. Ежелгі гректер мен римдіктер шипалы жерлер мен климаты тамаша жерлерді өздерінің денсаулықтарын сауықтыру мақсатында қолданған. Мұндай шипажайларға ауру амдамдармен қатар сау адамдар да тынығу үшін келетін.

Уақыт өзгергенімен саяхаттар мотивациялары өзгермей қала берді. Табиғаттың шипалы ерекшелігі ауру адамдарды шипажайларға келуіне негіз болды. Емдік мақсаттағы туристердің ағыны демалу немесе ойын – сауық мақсатындағыдай демалушылардай көп емес, бірақ олардың саны өсіп келеді.

Емдік сауықтыру тризмінің бірнеше ерекшелігі бар.

Біріншіден, шипажайдарда жақсы нәтижелерге жету үшін үш аптадан кем демалуға боламайды.

Екіншіден, шипажайларда емделу арзан тұрмайды, яғни тек қалталылардың қалтасы көтереді.

Үшіншіден, шипажайларға ауру өшіккен кезде , орта жастан асқан адамдар келеді.

Шипажайлардың негізгі типтері.

  1. бальнеологиялық

  2. балшықтық

  3. климаттық

Бальнеологиялық шипажайларда табиғи минералды сулармен емдейді.олар сыртқы және ішкі тұтынады. Минералды сулар көптеген ауруларды сауықтырады. Солардың ішінде асқазан – ішек ауруларын, жүрек тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп келеді. Жүргізілгне медециналық зерттеулер кейбір аурулардың осы шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерді көрсеткен.

Балшықты шипажайлар шипалы балшықтар бар (пелоидтар) жерлерде болады. Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекалогиялық және кейбір ауруларды емдеуге осы балшықпен емдеу жақсы нәтиже береді.

Климаттық шипажайлар климат сияқты әртүрлі. Негізгі түрлері: теңіз жағалаулық, климаттық – қымыз сауықтыру. Бұл жердің климаттық табиғиғ факторларын (температура, атмосфералық қысым, күн шуағын) сауықтыру – профилактикалық мақсатта қолданады. Континенталды климат тән орманды шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын амдарға шипалы, ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына шипалы болады.

Климаттық шипажайлардың ішіндегі кең тарағаны – теңіз жағалаулы шипажайлар. Мұнда туристер теңіз жағалауындағы демалыс пен нәтижелі емделуді үйлестіре алады. Бұл қан ауруларына, лимфа темірлері, костная ткань ауратын амдарға шипалы.

Климаттық шипажайлардың тағы бір түрі – климаттық – қымызбен емдейтін шипажайлар. Олар олар дала зонасында кең тараған. Қымыз ол жылқының қышқыл сүті. Қымыз адамдарда май мен ақуыздардың, салмақты көбейтеді. әлемде олардың саны 40 жуық. Оның көп бөлігі Ресей, Қазақстан және Түркменістан аумағында.

жоғарыдағы шипажайлармен қатар, бірнеше табиғи факторларды пайдаланып емдейтін шипажайлар да ьар. Оларды қайсібір түріне жатқызу қиын.

Еуропадағы емдік скуықтыру туризмі. Бұл ауданның негізні емдік сауықтыру туризмі орталық және Шығыс Еуропа мен Батыс еуропада орналасқан. Баяғы социалистік елдер табиғаттың емдік қасиеттері көп шипажайлрдың басым бөлігі орналасқан. Олар жоғарғы емдік нәтижеге ие бола отырып, салыстырмалы төмен бағаларды олрнатып еуропаның емдік сауықтыру нарығын жаулап алып, бәсеке құруда.

Туристердің келуі бойынша Чехия көшбасшы болып табылады. Ең негізгі сауықтыру орны – Карловы – Вары. Мұны жыл айын әлемнің 70 елінен 50 мыңға жуық адамдар мен 2 млн жуық экскурсанттар келеді. Мұнда 12 гейзер, минутына 2000 литр ыстық суды 12 м биіктікке лақытарды.

Чехия аумағында карловы – варыдан басқа, Теплице, әлемдегі ең алғаш радондық курорт Яхимов, Марианске – Лазне, Франтишковы- Лазне, соынмен қатар жас балалардың паралич ауруын емдейтін Янске – Лазне шипажайлары оранласқан.

Еуропаның емдік сауықтыру туризм нарығыныда Чехияның ең басты бәсекелесі Венгрия болып табылады. Оны термалды баня елі деп де атайды. ХІХ ғ Венгрия Еуропаның сумен емдейтін орталығы болады. Бүгінгі таңда венгрияның 22 қаласы мен 62 елді мекенң ресми түрде саықтыру орталықтары болып табылады.

1998 жылғы мәлімет бойынша елге келген әрбір үшінші адам емдік мақсатта келеті. Венгерлік шипажайларға емделу үшін Германия, АҚШ, Австрия елдеріне адамдар келеді.

Туристік ағындар екі бағытта: будапештке және Балатон көліне ағылады. ХІХ ғ Будапешт қаласы сумен емдейтін қала статусына ие болды. Халықтың назар аударатыны Түрік басшылғы кезінен қалған ХҮІ – ХҮІІ ғ шығыс банялары. Ал сауықтыруды көлдің жағасында демалыспен үйлестіргісі келетіндер Еуропаның ең жылы көлі Балатонға келеді. Бұл балық аулау үшін, шомылу, желкенді спортпен , су шаңғысымен айналысуға керемет орталық. Мұнда жалды әр елден 100 мыңға жуық туристер келеді.

Польша өзінің бальнеологиялық және климаттық курорттарымен танымал. Негізгі шипажайлары – Свиноуйсьце, Камень – Поморски, Колобжег – Балтық теңізінің жағалауында орнаслақан. Олар чехиялық және венгриялық шипажайлар сияқты атақыт емес, сондықтан олрағ бәсекелес бола алмайды.

Елдің таулық климаттық шипажайлары Судет және Карпат таулары маңында шоғырланған. Шығыс беткейінде польша шипажайларының інжуі - Крыница қаласы орналасқан. Бұл минаралды сулар мен емдік балшықтар мен қатар, соңғы уаықтта спортық орталық болып танымал.

Бұл елдермен қатар БОлгария, Румыния, және Югославияда да емдік сауықтыру туризмі дамып келе жатыр. Бұл елдердің барлығы жылы теңіздерге шығатын жолдары бар, соныдықтан да олартеңіз жағалаулық шипажайларды ұсынады.

Еуропаның батыс бөлігінде әлемнің танымал шипажайлары орналсқан: Германиядағы Баден – Баден, Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Спа және т.б.

Басты еуропадағы шипажайлардың басым бөлігі Германия, Австрия, Швейцарияда орналасқан. мұнда шипажайлардың бальнеологиялық және климаттық түрлермен басым. Германияда жоғарыда айтқандармен қатар, Баденвейлер, Вильдбад және Байерсбронн бальнелогиялық шипажайларымен, Франкфурт – на - Майне жаныдағы Бад – Хомбург және Бад – наухайм, елдің батысындағы Ахен шипажайларымен танымал. Климаттық шипажайлардың ішінде таулық және орманды (Кведлинбург, Оберхоф, Фюссен), сонымен қатар теңіз жағалаулық (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург) шипажайлары танымал. Жыл сайын Германияның шипажайларын 1 млн. Дейін адамдар келеді. Мұнда Франциядан, бельгиядан, Люксембург, АҚШ және Канададан келеді.

Австрия өзінің көптеген шипажайларымен танымал. Солардың ішінде ең атақытысы Зальцбург провинциясының оңтүстігінде ораналасқан Бадгастайн бальнеологиялық шипажайы танымал. Ол ыстық радонмен емдейді. Соынмен қатар мұндакөл жағалық емдік сакуықтыру туризмі де дамыған. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе, Оссиахер – зе және Топлицзе көлдерін 1 млн жуық туристер келеді.

Швейцария шипажайлар саны жөнінде германия мен Австрияға жол береді, соныдқтан да емдік сауықтыру туризмінің орталығы ретінде аз танымал болғанымен, мұндағы емделу тек қалталы азаматтарға ғана қалтасы көтереді.

Бальнеологиялық шипажайлары (Баденғ Бад - Рагац) және таулы климаттық шипажайлары (Ароза, Давос, Санкт – Мориц, Церматт және т.б. ) өте танымал. Швейцария емдік шөптермен емдеуді бірінші болып тәжіребиелеуде. Мұнда ірі фитотерапевтік орталық Кран – Монтана орналасқан.

Оңт Еуропада емдік сауықтыру туризмінің орталығ Италия болып табылады. Оның бальнеологиялық шипажайлары елдің солт шығысында Эмилья – Романья ауданында жәнетермалды сулар мен емдік балшықпен танымал Искья аралында орналасқан.

Испания, Португалия, Греция сынды мемлекеттер өздерінң климаттық теңіз жағалаулық шиажайларымен қызықтырғанымен, олра демалыс және ойын- сауық орталығы ретінде көбірек танымал.

Америкадағы емдік сауықтыру туризмі. Америкадағы көшбасшы әрине АҚШ: АҚШтың медецина саласындағы жетістіктері әлеммен мойындалған. (кардиохирургия, плстикалық операциялар). Бірақ мұнда емделу өте қымбат тұрады.

Америкалық шипажайларджың негізі типі Бальнеологиялық. Олар көптеген штаттарда бар. Минералды сулармен танымал шипажайлар; Маммот – Спрингс, Хибер – Спрингс, Хот – Спрингс АҚШтың Арканзас шататында орналсқан. Соынмен қатар теңіз жағалаулық климаттық шипажайлар да сұранысқа ие: Нюю – Йорк маңындағы Лонг – Бич, Атлант мұхияты жанындағы Хаттерас, Фолоридадағы Майами – Бич, Калифорниядағы Сан – Диего және Санта –Круз.

Таяу шығыс маңындағы емдік сауықтыру туризмі. Таяу шығсты емдік сауықтыру мақсатында туристер Өлі теңізге аттанады. Ол тұздар мен минералды заттарға бай болғанымен, оның суы ешбір ағза өмір сүруіне қолайсыз. Осыған қарамастан туристерӨлі теңіздің жағалауында орналсқан израйлдің атақыт шипажайларына: Эйн – Бокек, Эйн – Букек, Эйн – Геди, неве – Зохар келуге асығады. Термалды минералды сулар, емдік балшықтар және ерекше биометеорологиялық жағдай табиғаттың ерекше қасиеттері туристерді қызықтырады.

Азия, Тынық мұхиты және Африкадағы емдік сауықтыру туризмі.

Оңт Азия, Шығыс және оңт шығыс Азия елдерінің емдік сауықтыру туризмі әлсіз дамыған. Шығыста кең тараған дәстүрлі емес медецина, фитотерапия, ине шаншу шет ле туристерін аз қызықтырады.

Австралия емдік суықтыру туризміне қажет табиғи факторларға ие. Ірі бальнеологиялық шипажайлары Дейлсфорд, Морк, Спрингвуд материктің оңт шығысында орналасқан. Теңіз жағалаулық шипажайлары да танымал: Золотой Берег, Дэйдрим – Айленд, Кэрнс демалыс пен емдік мақсатта тамаша орын болып табылады. Бірақ Австралияның басқа материктен алшақтығы сыртқы туристік ағндардың келуіне кедергі, соныдқтан Австралия ішкі сұранысты ғана қанағаттандыруға бағытталған.

Африкада емдік сауықтыру туризм дамуда. Тунистің шипажайларының атағы өсуде. 1996 жылы мұнда сумен балшықпен емдейтін Жаңа орталық ашылып, әлемдегі ең ірі орталыққа айналды.

Африканың солтүстік жағалаулары теңіз жағалаулық климаттық курорттар орналасқан. Египетте – Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Хургада, халықаралық деңгейдегі шипажай Шарм – эш – Шейх, соынмен қатар Дахаб және Нувейба, Мароккода – Агадир, Мохаммедия, Танжер, Эль – Хосейма және т.б.

Үнді мұхитының жағалауында Кенияның теңіз жағалаулық шипажайлары : Момбаса, Кипини, Малинди, Ламу, Килифи орналасқан.ОАР да бірнеше шипажайлар бар. Африканың қалған бөлігі шипажайлық іс дамуыға болатын табиғи ресурстарға ие емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]