- •Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері
- •1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты
- •2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
- •3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
- •4)Рекреацияның мәні және негізгі формалары
- •5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
- •6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз
- •7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде
- •9.Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы.
- •8)Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз
- •10.Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы.
- •11.Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары.
- •12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.
- •13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.
- •14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.
- •15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.
- •16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.
- •17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.
- •18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері
- •23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
- •25 Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму
- •26 Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу
- •27 Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.
- •29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар
- •30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны
- •31 Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері
- •32 Тмд мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)
- •33.Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері.
- •34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі.
- •35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
- •38.Рекреациялық туризмді дамытудың формалары және алғышарттары.
- •39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.
- •40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы.
- •41 Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары
- •42 Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз
- •43 Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз
- •44 Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі
- •45 Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты
- •46 Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы
- •47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
- •50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз
- •51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)
- •52.Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •53.Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •54.Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •55.Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •56.Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы
- •57.Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •58.Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •59.Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
- •61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?
47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
Қазақстанда жасалған турөнім батысеуропалық және шығысазиялық өнімнен ерекшіленеді. Біріншіден, турөнім сыртқа шығарылатын туризмнің дамуына және шоп-қызметтерді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен, туризм және туристік ресурстар тұрақты даму мен өзгеріс қалпында болады, айқын айшықталған сипаттамаға ие. Қазақстанда орын алған экономиканы реформалау туристік қызметте де айтарлықтай өзгерістер әкелді. Бұл жағдайда туризм нарығының ең табысты және тартымды сегментіне айналады деп күтілуде. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басымды бағыттары болып: Бір. Туризмнің Қазақстан Республикасында экономиканың жоғары табыс әкелетін саласы ретінде қалыптасуы; Екі. Туристік ресурстарды пайдалану кезінде мемлекеттік мүдделерді ескеру, Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрасын қорғау; Үш. Балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер мен халықтың аз қамтамасыз етілген топтары арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдік жағдайын енгізу; Төрт. Туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау; Бес. Қазақстан Республикасының территориясында сырртан келетін және сыртқа шығатын туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту; Алты. Ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру. Турфирмалардың қазақстандық рыногы сырттан келетін немесе қабылдау туризммен айналысатын фирмаларға ие –«Хан-Тенгри», «Саяны-тур», «Жібек жолы» және б. Аталған компаниялардың сату көлемінде Қазақстан бойынша турпакеттің 80 пайызы мен шетелдік cапардың 20 пайызы ғана бар . Аталған фирмалар арқылы Қазақстан Республикасында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасымен белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Дәл осы қабылдайтын фирмалардың жұмысы арқылы шетелдік туристердің санасында елдің образы қалыптасады, Қазақстанның табиғатына, басқа да табиғи байлыққа мәпелеп қарау әдетке айналады. Осындай түрдегі туристік бизнес халықтың ұлттық ерекшілігін, мәдениетін және этнографиясын жандандыру мен дамытуға үлкен ықпал етеді. Қазақстандық туристік фирма шетелдік туристерді қабылдаумен айналысу үшін халықаралық стандарттарға сай келетін талаптарды орындау тиіс. Шетелдік фирмалар –серіктестер қазақстандық туристік ұйымдарды таңдаған кезде қаржы мөлдірлігін, сенімділікті, кәсібилікті, жоспарланған туристік пакеттерді және т.б талап етеді. Сонымен бірге фирманың ұйымдастырушылық-заңдық формасы, |
|
|
|
|
жарғылық капиталдың мөлшері, құрылтайшы құжаттардың мазмұны, сақтық қордың, лицензияның, сапа сертификатының болуы және бюджет алдындағы қарыздың жоқтығы секілді сипаттамалар мен талаптар есепке алынады. Бұдан басқа ұйымның халықаралық туристік ұйымдардағы мүшелігі, оның халықаралық туристік көрмелерде, симпозиумдарда және басқа да мамандандырылған жиындарға қатысуы, сондай-ақ серіктестердің қалауы бойынша көптеген қосымша мәліметтердің болуы үлкен маңызға ие. Келесі мәселелер де маңызды болып есептеледі: компанияның туристік қызметтер рыногындағы тәжірибесінің болуы, персоналдың кәсіби дәрежесі, офистердің техникалық жарақталуы, жұмыс үшін қажет байланыс құралдары, топтасқан әкімшілік команданың болуы және де жобаны қаржыландыру мүмкіндігі. |
48 Емдік-рекреациялық туризмнің ерекшеліктері және оның дамуына себеп болатын факторларды анықтаңызЕмдік мақсаттағы саяхаттардың да тарихы бар. Ежелгі гректер мен римдіктер шипалы жерлер мен климаты тамаша жерлерді өздерінің денсаулықтарын сауықтыру мақсатында қолданған. Мұндай шипажайларға ауру амдамдармен қатар сау адамдар да тынығу үшін келетін. Уақыт өзгергенімен саяхаттар мотивациялары өзгермей қала берді. Табиғаттың шипалы ерекшелігі ауру адамдарды шипажайларға келуіне негіз болды. Емдік мақсаттағы туристердің ағыны демалу немесе ойын – сауық мақсатындағыдай демалушылардай көп емес, бірақ олардың саны өсіп келеді. Емдік сауықтыру тризмінің бірнеше ерекшелігі бар.Біріншіден, шипажайдарда жақсы нәтижелерге жету үшін үш аптадан кем демалуға боламайды. Екіншіден, шипажайларда емделу арзан тұрмайды, яғни тек қалталылардың қалтасы көтереді.Үшіншіден, шипажайларға ауру өшіккен кезде , орта жастан асқан адамдар келеді.
Шипажайлардың негізгі типтері.
бальнеологиялық
балшықтық
климаттық
Бальнеологиялық шипажайларда табиғи минералды сулармен емдейді.олар сыртқы және ішкі тұтынады. Минералды сулар көптеген ауруларды сауықтырады. Солардың ішінде асқазан – ішек ауруларын, жүрек тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп келеді. Жүргізілгне медециналық зерттеулер кейбір аурулардың осы шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерді көрсеткен.
Балшықты шипажайлар шипалы балшықтар бар (пелоидтар) жерлерде болады. Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекалогиялық және кейбір ауруларды емдеуге осы балшықпен емдеу жақсы нәтиже береді. Климаттық шипажайлар климат сияқты әртүрлі. Негізгі түрлері: теңіз жағалаулық, климаттық – қымыз сауықтыру. Бұл жердің климаттық табиғиғ факторларын (температура, атмосфералық қысым, күн шуағын) сауықтыру – профилактикалық мақсатта қолданады. Континенталды климат тән орманды шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын амдарға шипалы, ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына шипалы болады.
Климаттық шипажайлардың ішіндегі кең тарағаны – теңіз жағалаулы шипажайлар. Мұнда туристер теңіз жағалауындағы демалыс пен нәтижелі емделуді үйлестіре алады. Бұл қан ауруларына, лимфа темірлері, костная ткань ауратын амдарға шипалы.
Климаттық шипажайлардың тағы бір түрі – климаттық – қымызбен емдейтін шипажайлар. Олар олар дала зонасында кең тараған. Қымыз ол жылқының қышқыл сүті. Қымыз адамдарда май мен ақуыздардың, салмақты көбейтеді. әлемде олардың саны 40 жуық. Оның көп бөлігі Ресей, Қазақстан және Түркменістан аумағында.
жоғарыдағы шипажайлармен қатар, бірнеше табиғи факторларды пайдаланып емдейтін шипажайлар да ьар. Оларды қайсібір түріне жатқызу қиын. Санаторлық-емдік рекреация – бұл туризмнің еуропалық түрі деп те айтуға болады, себебі ол әлемнің басқа жерлерінде Еуропаға қарағанда онша дамымаған. Мысалы, АҚШ-та туризмнің бұл түрі тіпті аз тараған. Бұрынғы КСРО-да бальнеологиялық емдеуге үлкен назар аударылған, ол кезде 500 жуық курорт жұмысын атқарған. Олардың ішінде әлемге әйгілі Солтүстік Кавказ курорттары – Ессентуки, Пятигорск, Железноводск, Грузиядағы Цхалтубо, Қырымдағы Саки мен Феодосия, Карпатыдағы Трускавец, Қазақстандағы Сарыағаш пен Алмаарасан және т. б. Соңғы жылдарда халықаралық тау шаңғы курорттарының саны жылдам өсуде. Осындай курорттардың дамуы үшін мынадай табиғи алғышарттары: қалыңдығы 50-60 сантиметрден кем емес қардың үш айдан кем болмай жатуы, жайлы климат жағдайы, беткейлерінің көлбеуі орташа есеппен 17° жететін орташа немесе аз тілімделген жер бедері, қар көшкіні жағынан қауіпсіз болуы қажет. Елді мекендер аралығындағы қала маңындағы және ұзақ мерзімді қаладан тыс жердегі рекреациялық іс-әрекет алдынғы қатарға шықты. Мұның себептері – демалыс белсенділігінің өсуі, оның центрден тепкіш бағыты мен көшпелі сипаты. Туризм мен демалысқа арналған аумақтарды ұйымдастыру формасының бірі – табиғи рекреациялық саябақтарды ұйым-дастыру болып табылады.
49. Курорттардың негізгі түрлерін анықтаңыз және олардың дамуына әсер ететін факторларды анықтаңызКурорт – табиғи емдік ресурстары бар игерілген және емдік-профилактикалық қолданыстағы территория. Курорттарды жіктеуде олардың басты табиғи емдік факторларына назар аударылады. Осыған сәйкес курорттар бальнеологиялық, балшықтық және климаттық болып жіктеледі. Ал егер курорттар бірнеше емдік факторларға ие болса, онда оларды аралас, яғни бальнеоклиматтық, бальнеобалшықтық, климатты-балшықтық, климатты-бальнеобалшықтық немес климаттық қымызбен емдеу курорттары деп санаймыз. Курорттарда табиғи емдік факторлардан басқа физиотерапия, диетотерапия, емдік дене шынықтыру және тағы басқа емдеу түрлері жинақталған кешенді терапия жүргізіледі.Санаторлы-курортты емдеу- климат, минералды су және емдік балшықтар сияқты табиғи емдік факторлармен тығыз байланысты. Климаттың емдік-профилактикалық әсері -бірнеше табиғи факторлардың есебінен анықталады: жергілікті жердің теңіз деңгейінен орналасу орны, теңізден қашықтығы, атмосфералық қысым, температура, ауа циркуляциясы мен ылғалдығы, жауын-шашын мөлшері, бұлттылық, күн радиациясының интенсивтілігі және т.б.Бальнеология – минералды сулардың физико-химиялық құрамын, шығу тегін және оларды емдік-профидактикалық мақсатта қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін медицина ғылымының саласы. Бальнеотерапия (латын тілінен “balneum” – ванна, шомылу және грек тілінен “therapeia” - емделу) – табиғи және жасанды минералды суларды емдік және профилактикалық мақсатта қолдану. Бальнеологияың негізгі міндеті минералды сулар арқылы адам ағзасы ауруларын емдеу, профилактика, қалпына келтіру мақсатында тиімді әсерін көрсету.Емдік балшықтар(пелоидтар) – судан, минералды және органикалық заттардан тұратын, біркелкі жұқадисперсті пластикалық масса түріндегі балшықтардың торфты бөлінділері, түрлі су қоймаларының қалдықтары, балшықты вулкандардың атылуынан болған табиғи балшықтар. Қазақстанда шипалы балшықты орындар көп. Олардың ірілері: Тұзкөл (Алматы облысы), Сегізқыз, Әлжан, Аралсор (Батыс Қазақстан облысы), Жасыбай, Аламерген (Павлодар облысы), Борсықты, Соркөл, Ақсуатсор, Ащыкөл (Қостанай облысы), Қарасор (Қарағанды облысы), Қарабұлақкөл (Шығыс Қазақстан облысы), т.б. Санаторийлерде Балшықпен емдеу кеңінен қолданылады.Климатотерапия – адам ағзасына климат пен ауа райы факторларының және арнайы климатопроцедуралық әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Климатотерапияның негізгі түрлеріне жатады: гелиотерапия, аэротерапия, талассотерапия. Ауа және күн ванналары, теңізге шомылу, ауада және теңіз жағасындағы ұйқы және т.б. процедуралар климаттық факторлардың адам ағзасына максималды тиімділігіне жағдай жасайды. Климатотерапия нәтижесінде табиғи ультракүлгін сәулесінің, аэроиондардың жетіспейтін орны толығады, терморегуляция механизмі жаттығады, ағзаның жұмысы және реактивтілігі дұрысталады, зат алмасу процесі жақсарады.
