- •Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері
- •1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты
- •2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
- •3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
- •4)Рекреацияның мәні және негізгі формалары
- •5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
- •6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз
- •7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде
- •9.Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы.
- •8)Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз
- •10.Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы.
- •11.Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары.
- •12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.
- •13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.
- •14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.
- •15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.
- •16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.
- •17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.
- •18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері
- •23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
- •25 Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму
- •26 Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу
- •27 Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.
- •29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар
- •30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны
- •31 Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері
- •32 Тмд мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)
- •33.Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері.
- •34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі.
- •35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
- •38.Рекреациялық туризмді дамытудың формалары және алғышарттары.
- •39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.
- •40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы.
- •41 Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары
- •42 Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз
- •43 Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз
- •44 Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі
- •45 Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты
- •46 Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы
- •47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
- •50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз
- •51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)
- •52.Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •53.Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •54.Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •55.Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •56.Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы
- •57.Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •58.Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •59.Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
- •61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?
5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық шаралар" – бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер /1/. Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреациялық шараларды бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с. Рекреациялық шараларды екі топқа бөлуге болады, олар негізгі төрт шараның басын қосады. Рекреациялық-емдеу шаралары – бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу, батпақпен емдеу және т. б. Рекреациялық- сауықтыру шараларының түрі әр алуан болып келеді. Бұған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс, саңырау-құлақтарды жинау және т. б. Рекреациялық-спорт шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға бағытталған. Бұған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу асулардан өту, тау шыңдарына көтерілу және т. б. Рекреациялық-танымдық шаралар адамды рухани дамытуға арналған. Бұған жататындар: мәдени ескерткіштерді көру, табиғаттың құбылыстарымен танысу және т. б. Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды жай рекреациялық шаралар дейді. Жай рекреациялық шара – бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық қызметтің элементтері. Жай рекреациялық шара (ЖРШ) – демалыс бағдарламасын құрастыру негізі. Социологтар 100 мың шақты ЖРШ есебін шығарып отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі. Сондықтан ЖРШ-ды ірі топтарға (рекреациялық іс-әрекеттің түрлеріне) жинастыруды қажет.
Реациялық іс-әрекеттің түрі (РЭТ) – жай рекреациялық шараларды біртекті топтау, олардың әрқайсысы өзара алмаса алады. Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері: суға түсу, су аттракционы, су процедуралары, кун ванналары, альпинизм, жартасқа шығу, спелотуризм, серуендеу, белсенді ойындар, шоппинг, батпақпен емделу, мұражайларға бару,балық аулау, дайвинг, аң аулау, театр, спорттық жарысқа бару, жергілікті мейрамдарға қатысу және т.б. Барлық рекреациялық іс-әрекет түрлері рекреациялық іс-әрекет циклімен бірігіп, соның құрамына енеді. Белгілі уақыт ішінде қайталанып тұратын рекреациялық шаралардың комбинациясын "рекреациялық іс-әрекеттің циклі" (РӘЦ) деп атайды.
Саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттың қозғалу түрі, оның жасы, шаралар жиілігі және тағы басқалары – бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы деп аталынады (3-кесте) /1/. Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторларына қарай бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік батпақтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу және батпақпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео- батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең тараған түрлеріне суға түсіп, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т. б. Серуендеу және кәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді: ашық-таза ауада демалу, көрікті - көз тартатын жерлерді көру, саңырау-құлақ пен жидек, теңіз моллюскаларын және басқа да табиғат сыйлықтарын теру. Танымдық рекреациясы. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір бөлігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық
шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстарымен және шаруашылық объектілерімен танысу.
