Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191 Кб
Скачать
☆

12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.

Рекреациялық миграцияның  өсуінің басты факторы халықтың ірі индустриялы орталықтарға  шоғырлануы көлеңкелі жағдай болып саналады. Өндіріс жүйесін механикаландыру  және автоматтандыру  дене еңбегін азайтуда, бір жағынан жаман емес, бірақ дене еңбегінің болмауы геподинамияға әкеліп соғады (қозғалыстың жетіспеуі). Осыған байланысты қозғалыстың жетіспеуін белгілі бір дәрежеде қалпына келтіретін белсенді рекреацияның ролі өсуде.

Рекреацияның үздіксіз дамуы және көлемі өзінің өзекітілігімен әлеуметтік-экономикалық құбылыстың және оның негізгі функцияларының қажетілігі туралы мәселе қойып отыр. Кейбір зерттеушілер рекреациялық қозғалыстың мәнінің бірінші орнына инстинк (түйсік) теориясына негізделген миграцияны қоюда. Мұндай көзқарасты жақтаушылар, адамға туа бітті саяхатқа шығуға қызығушылық тән деп есептейді. Екінші бір зерттеушілер инстинктің орнына қажетілік ұғымын қояды.  Кейбір авторлар барлығын біріктіріп «еңбекке қажеттілікті қалпына келтіру» немесе адамның дене және психикалық күшін қалпына келтіру деп атайды. Сондықтан рекреация демалыс және еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру ұғымдарымен мәндеседі. Ол жалпы қажеттілік болып саналады. Халықтың уақытша жағдайын өзгертуге талпынуы, демалысқа, дене және жан дүниесін қалпына келтіруді қанағаттандыруы жалпы қоғамдық құбылыс болуда.

13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.

Туризм географиясының теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуде географиялық орта кеңістігінің таксономиясы маңызды рөл ойнайды. Туристік жергілікті жер – бұл қоныстану бірлігі (қала, кент, ауыл), ол туристік құндылығына, туристік инфрақұрылымы мен көлік ыңғайлылығына орай туристік қозғалыс мақсаты немесе кезеңі болатын белгілі бір елді мекен. Таулы немесе жағажайлы туристік жерлер болады. Туристік жерлердің олардың туристік қасиеті мен орындалатын функцияларына байланысты бірнеше түрі бар: а) демалуға арналған орындар; б) курорттар; в) танымдық туризм жерлері; г) транзиттік туризмнің орындары (мысалы, шекаралас жерлер). Туристік орталық (туризм орталығы) – бұл елді мекен, белгілі бір жердің учаскесі, табиғи объект және т. б. Мұнда туристік-рекреациялық ресурстардың негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін кешен құрылады. Кешеннің құрамына туристерді орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін мекемелер кіреді. Туристік орталық бірнеше көрсеткіштер бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, маңыздылығы бойынша – халықаралық, мемлекеттік, ауданаралық, жергілікті; функционалдық бағыты бойынша – емдік, сауықтыру, танымдық орталықтар болып бөлінеді. Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи- мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдай-лары бар салалық экономикалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Әртүрлі дәрежедегі – жергілікті туристік, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі туристік аудандар болады. Рекреация-лық география мен туризм географиясының тағы бір маңызды ұғымы – «рекреацияның шаруашылық әулеті» немесе «демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы» болып табылады (кейбіреулер оны «туристік инфрақұрылым» деп атайды). Бұл ең алдымен демалушыларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің негізгі қорлары және бұл үрдіске тікелей қатыспаса да, рекреация жағдайын өңдейтін қосымша еңбек құралдары. Туристік инфрақұрылым (туризмнің материалдық базасы) ресурстар мен көлікпен қол жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандар мен құрылғылардың жиынтығы. Туристік инфрақұрылымына бір күннен астам уақытта болуына мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы;

коммуникациялық база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я. Варшиньска, А. Яц- ковский, 1978). ЮНВТО бойынша, түнеу базасы – жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект. Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі бөлігі, туристердің түнеуі үшін бұл жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу базасы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер, қонақ пәтерлері) және лагерлерге (кемпингтер, шатыр қала-шығы) бөлінеді. Пайдалану мезгілі бойынша үнемі пайдалану (жыл он екі ай) және маусымдық базалары болады; қызмет көрету мүмкіншілігі бойынша ашық (жұрттың барлығы үшін) немесе жабық – тұтынушылардың белгілі топтары үшін – базалары болады. Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады. Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге және дестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиалайнер) өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]