Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191 Кб
Скачать
☆

60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз

Оңтүстік еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін ел – Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе, Эмилья-Романья аймағында және Искья аралында бальнеологиялық курорттар орналасқан. Онда термальды сулармен қоса, емдік балшықтар да бар. Испания, Португалия, Греция елдері туристерді климаттық теңіздік курорттарымен тартады. Бірақ мұнда емдік процестен көрі демалыс пен көңіл көтеруге қатты мән беріледі. Бұл аймақтарда мамандандырылған емдік курорттар Батыс Еуропаға қарағанда сирек орналасқан. Испания – туризмнің ірі әлемдік орталықтарының бірі. Бұл елге жылына ондаған миллион туристер келеді. Елдің теңіздік курорттары жағалаудың бүкіл орнын алып жатыр: Каталониядағы Коста Бравадан Жерорта теңізіндегі Коста де ла Лусқа дейінгі аралықта. Қолжетімді және атақты курорттары – Коста Брава, Коста дель Маресме, Коста Дорада, Коста Бланка, Валенсия, Марбелья,т.б.

Италияны қоршап жатқан теңіз жағалау сызығымен, көрнекі бухталарымен, майда аралдарымен, жағажайларымен танымал. Италиядағы ең жоғары дәрежедегі курорттар – Вернацца, Риомаджор, Монтероссо-эль-Маре, Отранто, Тремити, Поллика, Камерота. Елдің тау-шаңғы курорттарының ең танымалы – құрамына 13 үлкен курорттарды сыйдырған Доломити Суперски курорттық зонасы.

61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?

Американың денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері – органдар пересадкасы, кардиохирургия, пластикалық операциялар – әлем дәрігерлері мен тұтынушылары арасында мойындалған. Осыған байланысты бұл континентте санаторлы-курортты мекемелрдің ерекше түрлері – яғни дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін емделушілерге қолайлы санаторий типтес ауруханалар мен емханалар бар. Дәрігерлік және көмекші медициналық персонал ең сапалы және жоғарғы квалификацияланған деп есептеледі. Клиникалық санаторлы кешендері соңғы ғылыми зерттеулерге байланысты және техникасы жаңа үлгімен жабдықталған. Американың санаторлы-курортты мекемелерінің негізгі типтеріне көптеген емдік-профилактикалық орындар жатады: санаторийлер, емдік пансионаттар, курорт емханалары, емдік жағажайлар, минералды су галереялары мен бюветтері, ванналы орындар, радонды емдік орындар, солярий, аэрарий және емдік жүзу бассейндері, т.б. Климаттық курорттарда сонымен қатар демалыс орындары, турбазалар, пансионаттар мен кемпингтер де бар. Америка континентінде емдік туризм нарығының бірінші орнында сөзсіз Америка Құрама Штаттары тұр. Денсаулық сақтау саласындағы олардың жеткен жетістіктері әлем ғалымдары мен тұтынушылармен мойындалған. Америкада медициналық қызмет өте қымбат болғандықтан, халық көбіне профилактикалық ем алу үшін курорттарға барады. Солтүстік Америка курорттарының негізгі таралған типі – бальнеологиялық курорттар. Минералды сумен емдейтін курорттық орталықтары – Мамонт-Спрингс, Хибер-Спрингс, Хот-Спрингс – Арканзас штатында орналасқан. Туристер арасында теңіздік климаттық курорттар үлкен сұранысқа ие: Нью-Йорктағы Лонг-Бич, Солтүстік Каролинадағы Хаттерас, Флоридадағы Майами-Бич, Калифорниядағы Сан-Диего және Санта-Круз. Көл маңындағы курорттарда ем алу үшін Орталық Америка, Барбадос, Куба және Багам аралдарына барған тиімді. Континенттегі курорттардың кең спектрына қарамастан ел азаматтары шетелдерге шығып емделгенді жөн көреді. Әкімшілік статистикаға сүйенсек, 2006 жылы 15000 американдық емдік туристер Латын Америкасы мен Азияға барған екен, 2007 жылы бұл көрсеткіш 300000-ға, ал 2010 жылы 1 млн-ға жеткен екен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]