Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359 Кб
Скачать
☆

Етiстiктердiң диахрониялық сипаты. Есiмше мен көсемшелердiң тарихи дамуы

Сұрақтар:

  1. Қазақ тіліндегі етістіктердің тарихи негіздері.

  2. Етістіктердің морфологиялық құрылымдарының лингвистикалық заңдылықтары.

  3. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі есімше, көсемше тұлғалар.

Дәріс мәтіні (тезис)

Етістіктер тарихы. Етістік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы — қимыл мен әрекет болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан айрықшаланып тұрады.

Етістіктердін, дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі — қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғанады. Мысалы, қазақ тілінде инженер-мін, бара-мын, инженер-сің, бара-сың.

Тарихи — түркологиялық зерттеулер қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларынын, арғы негізі қимыл есімдері деп дәлелдеді. Қимыл есімі атауы тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан бүкіл етістіктермен немесе етістік деп аталатын грамматикалық категориямен бірге қалыптасқан топ деген мәнде қолданылады. Қимыл есімдері есім мен етістік қызметін қоса атқарған синкреттік түбірлерден жіктеліп шыққан топ, сонда көш, той, ақ тәрізді синкреттік түбірлердің сөйлем құрамындағы бір қызметінен іс-әрекеттің уақыт — мерзімге қатысын, сөйлеушінін, іс-әрекет пен оның орындаушысы арасындағы қатысына көзқарасын білдіретін, екінші сөзбен, шаққа, райға жіктелетін сөздердің грамматикалық класы қалыптасты. Қысқасы, қимыл есімдері шақ пен рай тұлғаларының семантикалық көп түрлілігіне негіз болды. Ол тұлғалардың шақтық парадигма жасау дәрежесі де бірдей емес: -ған, -ар, -а тұлғалары бұл қызметте актив болса, -ыр, -ғы, -ы, -мақ тұлғалары пассив, кейбір етістіктер құрамында ғана қолданылады. Ал -ыс, -ыт, -ық, -ғын, -дық тәрізді тұлғалар шақ -жасауға қатыспайды. Түркі тілдерінің кейінгі дәуірлерінде осы тұлғалардың негізінде екінші дәрежелі қимыл есім тұлғалары қалыптасты: -ығчы (>-ушы), -мақчы (>-мақшы), -ығлы (>-улы), -ғалы, -асы, -ажақ, т. б.

Қимыл есімдерінің кейбір түрлері қолданылу процесінде субстантивтер мен адъективтерге айналып кетті, біразы вербализацияға ұшырады. Вербализацияға ұшырағандар біздің бүгінгі тілімізде есімше деп ұғынылатын топтар; -ғалы тәрізді бірен-саран тұлғалар ғана көсемшеге айналды. Ал субстантив пен турур (тур етістігінің есімше тұлғасы) етістігінің тіркесі жаңа дәуірде осы процеске ұшыраса, жатыс жалғаулы қимыл есімдерінің вербализациясы біздің заманымызда қалыптасқан құбылыс: жеңудеміз, жетудеміз т. б.

Тілдің даму барысында қимыл мен күйдің атауы болған қимыл есімдерінен косымшасыз түбір тұлғалы етістіктер II жақ бұйрық мәнін беретін семантикалық топ болып жіктеліп шықты. Мұның нәтижесінде тіл құрамында атау тұлғасына негізделген есімдер мен II жақ бұйрық рай тұлғасына негізделген етістіктер жүйелері сараланды, ал етістіктің өз ішінде бұйрық рай мен ашық рай жүйесі жіктелді. Кейінгі даму барысында II жақ бұйрық рай тұлғасы, яғни, қосымшасыз тұлға басқа рай түрлеріне негіз болды.

Қимыл есімдерінің ашық райлы етістік ретінде біржолата қалыптасуына екі түрлі құбылыс себеп болды. Ол, біріншіден, сөз қолданудың қатаң орын тәртібі немесе сөздердің позициялық қолданыс заңдылығы. Тілдің әлі балаң дәуірінде тіркестер есімдер негізінде құралды да, компоненттерінің арасындағы қатынас сипаты сөздердің орналасуы, орын тәртібі және айтылу интонациясы арқылы айқындалды. Қимыл есімдері зат, сын атауларымен салыстырғанда семантикалық жағынан предикативтілікті білдіруге әлдеқайда бейім болды. Ондай сөздердің семантикалық осы айрық-шалығы сөйлем соңында тұрақты қолданылу арқылы предикатив қызметінде бекінуіне себеп болды. Сөйтіп бұл жерде сөздің семантикасы мен оның қолданыс орны тұтасып келіп вербализацияға негіз болды. Қимыл есімдерін предикативтілікте тұрақтандырған екінші құбылыс — оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесуі. Сөйлемнің жақтық мәні оның соңында айтылған жіктеу есімдіктері арқылы белгіленген.

Көсемше. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік 'тұлғалар сан жағынан көп болған. Бірақ олардың кейбірі қазіргі тілде сақталмаған, бірен-сараиы жеке сез-дер құрамьщда «өлі» (застывшие) элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V—VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды – қатды – қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII ғ.) қолданылған -ы, -и көсемше форманттарының ізін көреміз.

V—VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған. 1. -а, -е: уча, тута, -й, -ы: -іти, -алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі, өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2; -п, -пан, -пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір езгерістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталанады. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (көбінесе шағатай әдеби тілінің құрамында), -мадын, -мазьм, -майын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше тұлғалары дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қолданылған. Көрсетіліп отырған көсемше форманттарын шақтық мән білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері (-а, -е, -ы, -и, -ү, -ыт), өткен шақ көсемшелері (-п, -пан, орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, -ыбан) және мақсат

көсемшесі -ғалы деп топтастыруға болады. Бұл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды.

Сонымен, кесемше формаларының көпшілігіне-ақ есім сөз таптарына тән қосымшалар негіз болған. Ал онда етістік негізге есім қосымшаларының (септік жалғауларының) жалғануын қалай түсі-нуге болады? Бұл жерде түркі тілдері тарихында болған мынадай ерекшелікті еске алған жөн: есім-етістік түбірлер өз семантикасын (я есім сөз табы ретінде, я етістік сез табы-ретінде) контекс кұрамында ғана анықтады. Сабақтастырушы жалғаулықтар қалыптас-паған дәуірде сөйлем құрамында адвербиалдық мән берудің утым-ды тәсілі — септік жалғаулары болды. Тұрлаусыз мүше қызметін-дегі қимыл есім езінен кейінгі предикат мәніндегі етістікпен сеп-тік жалғауы арқылы қатысқа түсті. Нақ осы тәсіл қазіргі тіл құрамында да бар.

Есімше. Қөне түркі тілінде есімшелік тулғалар да сан жағынан әлдеқайда кеп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Буған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тулғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай үдеріспен байланысып жатады.

Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінше қолданыс тапса (кейбір фо-нетикалық айырмашылықтарын ескермесек), бір тобы жеке сез-дер құрамында «елі» қосымша болып сақталып қалған. Қене түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі -ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің кызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы -ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі). -мыш форманты ашық райлы етістік қызметінде де қолданылып, сөйлемнің баян-дауышы болған: йоқ ерміш (жоқ еді).

Орхон-Енисей жазбаларында, сол сияқты кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілдерінде -ш (-ыш, -іш), -ч (-ынч, -інч) қимыл есім форманттары жиі ұшырасады. Алайда бұл екеуінің арасындағы өзгешелігі — алдыңғы аффикс етістіктің таза, қосымшасыз түбіріне тікелей жалғанады да, соңғысы -н тұлғалы, яғни, ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып жалғанады. Қазіргі қазақ тілінде бұлардың екеуі де фонетикалық өзгеріске ұшыраған: ш>с, ч>ш. -алыс, барыс, жатыс, шығыс, қалыс, батыс, келіс, өкініш, күйініш, сүйініш тәрізді сөздер осы тұлғаның негізінде қалыптасқандар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]