Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359 Кб
Скачать
☆

Тарихи синтаксис

Сұрақтар:

  1. Қазақ тілі морфологиясының тарихи негіздері.

  2. Морфологиялық құрылымдардың лингвистикалық заңдылықтары.

  3. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздердің құрылымдық ерекшеліктері.

  4. Түбірлер мен қосымшалардың даму ерекшеліктері.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу тәсілдері

Қандай құбылыстың, оқиғаның болсын тарихы дегеніміз — оның даму, өзгеру жолы деген сөз. Даму, өзгеру жоқ жерде тарих та жоқ. Олай болса, қазақ тілі синтаксисінің тарихы дегеніміз де тіліміздің синтаксистік құрылысыньщ дамуы, өзгеріп жетілуі, толығуы болмақ.

Қай тілде болмасын тілдік категорияларды тарихи тұрғы-дан зерттеудегі' көзделетін максат зерттеу объектісі болып отырған категорияның зерттеліп отырған дәуірлер ішіндегі өзгеру, даму жолындағы заңдылықты, оның өзгеру себептерін ашу; алғашқы категория, норма неге өзгерді, оның орнын не басты, соңғының алғашқыдан артықшылығы несінде дегендер тәріздес сүрауларға жауап беру болмақ. Қазақ тілі тарихи синтаксисшің міндеті де осы.,,а.йтылғандар тәріздес міндет. Дәлірек айтсақ, қаза ішінде қазақ тілі тарихи синтаксисі белгілі дәуірлер ішінде қазақ тілінің синтаксистік құрылысында, синтаксистік нормасында қандай өзгерістердің болғандығын, қандай синтакпктік коііструкциялардық, синтаксистік қатынастардың, синтаксистік элементтердің жойылып, қандайлардың жаңадан пайда болғандығын айқындайды; ескі конструкцияның ескілігі, көнелігі несінде, жаңаньщ жаңалығы, прогрестігі қандай екендігін ашып көрсетеді.

Тілдің синтаксистік құрылысындағы мұндай өзгерістер етксп дәуірлерден сақталған жазба ескерткіштер тілінін, сиитаксистік құрылысын зерттеу, оларды қазіргі әдеби тілі-міздің синтаксистік құрылысымен салыстыра қарау арқылы айқындалады.

Тілдің синтаксистік құрылысындағы құбылыс, ең алдымен, оның құрамына енетін жеке сөздер тіркесінен айқын көрінеді. Адамдардың өзара пікір алысып, бір-бірімен түсінісуінде шешуші рөл атқаратын сөйлемдердің бірден-бірге жетіліп жақсаруы, икемді, орамды болуы, бәрінен де бұрын, сөздер тіркесіндегі құбылыстарға байланысты. Сондықтан тарихи синтаксистің міндеті — тіл дамуының әрбір тарихи кезеңдеріндегі сөздер тіркесінің түрін, сөздерді бір-бірімен байланыстыратын амал-тәсілдерді, олардағы құбылыстарды зерттеу болмақ. Осыған қоса тарихи синтаксис өзінің зерттеу объектісі болған дәуірлер ішіядегі сөйлем түрлерін, олардың құрылыс ерекшеліктерін, заман өткен сайьщ болған өзгеріс-құбылыстарын, толығу, жетілу, жаңару бағыттарын, ол бағыттардың себеп-терін айқындайды. Сонымен бірге, тілдің тарихи синтаксисі тмдік категориялардьщ, соның ішінде синтаксистік нормалардың да қандай түрлерінің өзгерімпаз екендігін, қандай категориялар мен нормалардың тұрақты, өмірлі болатындығын да ескерусіз қалдырмайды. Тілдің тарихи синтаксисін зерттеудегі мақсат — синтаксистік категориялардағы өзгеріс — құбылыстарды көрсетіп қана қоюмен тынбайды, соған қоса ол өзгерістердің тілдің синтаксистік құрылысын жетілдіруде, оны икемді, орамды етуде қандай роль атқарғандығын да, оның тіл дамуындағы мәнін де ашу болып табылады.

Қандай тілдің болмасын синтаксистік құрылысындағы құбылыстарды зерттеуде морфологияға соқпай кету мүмкін емес. Морфологияның қарауына жататын грамматикалық формаларсыз синтаксис жоқ. Сондықтан тарихи синтаксис сөздерді, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыру, оларды син-таксистік қарым-қатынасқа келтіру қызметінде пайдаланылатьш формалардағы құбылыстарды да ескерусіз қалдыра алмайды. Өйткені ондай формалардағы, оның функциясындағы құбылыстар белгілі бір синтаксистік нормаға, синтаксистік қатынасқа, олай болса сөйлем құрылысына езгеріс енгізбей тұра алмайды. ла берді, сөйлемдердіқ структурасын дұрыс ашуда сөйлем құрамына енген сөздердің атқаратын синтаксистік функция-ларының шешуші' мәні бар. Сөйлем құрамындағы сөздер, яғ-ни сөйлем мүшелері сәйлемді сейлем ететін ең негізгі, ең ка-жетті элемент. Құрылыс материалынсыз ешкандай құрылыстың болмайтыны сияқты, сөйлем мүшесінсіз де ешқандай сөйлемнің болуы мүмкін емес. Сөйлемдегі болатын структуралық өзгеріс, жаңалық бәрінен бұрын сөздердің сөйлем мүшелік қызметіндегі өзгерістерге, олардың бір-бірімен қарым-қатынас түрлеріне тікелей байланысты және соның негізінде ғана қалыптасады. Міне, сондықтан сөздердің синтаксистік функциялары, сөйлем мүшелері, олардың түрлері, өзара қарым-қатынастары тарихи оинтаксистің қарауына жататын елеулі объектінің бірі болып табылады.

Сонымен, айтылғандарды жинақтап келгенде, тарихи синтаксис жазба ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылысын зерттегенде, төмендегі негізгі мәселелер тұрғысынан қарау керек, Олар:

1. Сөз тіркестері, олардың тіркесу амал-тәсілдері.

2. Сөйлем мүшелері, олардың формалық құбылыстары, құрамдары, орналасу, басқа мүшелермен байланысу жолдары.

3. Сөйлемдер құрылыстары, олардың мағыналық және структуралық типтері (жай және құрмалас сөйлемдер, т. б.).

Тұжырымдар

1. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және олардың даму жолдары туралы мағлұмат береді.

2. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі сөздердің байланысу тәсілдерін саралайды.

3. Сөз тіркесінің қалыптасу тарихы көне замандардан басталады.

4. Жазба ескерткіштер материалдарындағы сөйлем құрылысы қазіргі қазақ сөйлемінің бастау көздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]