Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikhi_geologia_OK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆
    1. Тақырып. Палеоботаника

    2. Тақырып. Қазбалы қалдықтарды жинау және құжаттау ерекшеліктері

Жоспар:

  • Қазба қалдықтарын жинау

  • Тас-нұсқаларды талдауға дайындық

  • Қазба қалдықтарын консервациалау әдісі.

1.Геология үшін таснұсқалар өте маңызды. Себебі олар беретін мәлімет дәрежесі өте жоғары. Бірақ осы мәліметтерді алу тек қана дұрыс жиналып сақталған тас- нұсқалар арқылы алуға болады. Жинау төмендегі ережелері арқылы іске асырылады.

  1. Органикалық қалдықтарды жинау қатаң түрде әр-бір қабат бойынша жүргізіледі.

  2. Жинау анағұрлым көлемді болуы тиіс. Мүмкіндігінше қазба қалдықтардың әр-бір түрін жинау қажет. Егер де бүкіл материал жиналмаса онда көбірек тараған түрлерін көлемді қылып жинап, аз тарағандарын аздау қылып жинайды.

  3. Өсімдіктердің қалдықтарын жинағанда оның әр-бір бөлігі жиналады және де гүлдерді олардың жемісін, тұқымдарын мұқият іздеу қажет.

  4. Қазба қалдықты сыйдырушы жыныстардан босатпайды, себебі осы жыныстар қалыптасу жағдайының индекаторы.

  5. Барлық жағдайда қазба қалдықтардың мөрлі іздерін жинайды.

  6. Омыртқалылардың сүйектерін жоғарыдағы ережелер бойынша жинайды. Егер де өте ірі сүйектер кездессе онда палеонтологиялық институттың өкілдері шақырылып жинау жалғастырылады.

  7. Өте жіңішке және нәзік қалдықтарды алдын ала, арнайы әдістер арқылы бекітіп мықтылайды. Мысалы: желіммен, лакпен, су аралас желатинмен немесе сазбен кейде гипс немесе парафинмен. Аталғандарды жеке- жеке орап арнайы ыдыстарда сақтап зерттеу орталықтарында жүргізеді.

  8. Егер де тас- нұсқа сынып қалса онда әр- бір бөлшегін орап жабыстыру жерлерін белгілейді.

  9. Мекендеу іздері де жиналу тиіс(жануарлар аяқ іздері, індер т.б)

  10. Дала күнделіктеріндеқазба қалдықтары құжатталуы тиіс. Құжаттау кезінде келесідей ерекшеліктер белгіленеді:

  1. Саны, мөлшері( көп, аз, сирек немесе жеке экземплярлар)

  2. Қабаттың ішіндегі орналасуы немесе жалғасымы (біріңғай, әр жағында таралған, жеке қабатшалар бойынша тараған, конкрецияларда)

  3. Түрлер мен туыстардың алуан түрлілігі.

  4. Қабыршақтардың абсалютті және салыстырмалы өлшемдері және қалыңдығы)

  5. Сақталу дәрежесі және көкжиекке байланысты орналасу бағыттары.

Жоғарыда аталған ерекшеліктер ортаның физико - географиялық көрсеткішін анықтауға және қазба қалдықтарының көмілу жағдайларын анықтауға көмектеседі.

2.Препарациялау- деп палеонтологиялық үлгілерді сыйдырушы жыныстардан зертханалық жағдайда босатуын айтады. 2 түрі бар. Механикалық және химиялық. Олар өте жиі бірге жүргізіледі.

Механикалық препарациялау- күш жұмсау арқылы іске асырылады. Құралдар қолданылады: алуан түрлі балғалар, сыпыртқылар, тістеуіктер, инелер және т.б

Химиялық препарациялау- қышқылдар мен сілтілер арқылы орындалады. 10% HCl арқылы карбонатты жыныстар ерітіледі. KOH қазба қалдықтарын саздардан,мергельдерден бөлу үшін қолданылады. Аталған реактивтерден басқа үлгілерді суытып қыздыру да қолдануға ие. Егер де таснұсқаларды бөліп алу қиынға түссе немесе мүлдем орындалмаса, онда геологияда шлифтер мен аншлифтер зерттеледі.

Шлиф- тау жыныстарының өте жіңішке кесіліп алынған пластинасының шыныға арнайы желіммен жабыстырылған көрінісі (канадалық бальзам).

Аншлиф- тау жыныстарының жақсы көріністегі бөлігін жоғары сапалы құралдармен өңдегендегі көрінісі.

3.Сыйдырушы жыныстарда босатылған тас нұсқалар арнайы қорабша, пробирка, камерада сақталады. Егер де қазба қалдықтары бос қуыстар түрінде болса. Осындай жағдайда құйылмалар мен жасанды іздер қолданылады (еңбек саз, сұық қоспа түріндегі гипс және т.б). Стоматологияда қолданылатын стенс қоспасы.

Сонымен қоса барлық үрдістерді үлгілердің өзін немесе суреттеу немесе бейнесуреттегі жиі жүргізіледі. Бейнесуреттер өте сапалы болуы тиіс. Себебі фотоларды компьютермен қарағанда жиі ұлғайту қолданылады. Ұлғайтқанда кішігірім ерекшеліктерде көзге түсуі қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сыйымды тау жынысынан таснұсқаларды іріктеудің негізгі ережелері.

  2. Сыйымды тау жынысынан таснұсқалар қалай ажыратылады?

  3. Көшірме бедерлер, құймалар, тілімтастар, тегістемелер дегеніміз не және олар не үшін дайындалады?

  4. Палеонтологиялық материалды анықтау неден көрінеді және ол қалай жүргізіледі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]