Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikhi_geologia_OK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆
    1. Тақырып. Кембрийге дейінгі геологиялық тарих

Жердің пайда болуы осыдан шамамен 4,6 млрд.ж. (4568,5). Є-ге дейінгі геохронологиялық кестенің қазіргі жіктелуі XX ғ. соңындағы кестемен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ие.

КЕМБРИЙГЕ ДЕЙІНГІ ГЕОХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЭОН

ЗАМАН

ДӘУІР

БАС-ТАЛУЫ

НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕР

К РИ П Т О З О Й ( Є-ГЕ ДЕЙІНГІ )

PR

НЕО-PR

эдиокарий

635

Аллғашқы көпжасушалы жануарлардың пайда болуы

криогений

850

Жердегі ең ірі мұзбасу үрдінің бірі

тоний

1,0

Суперконтинент бөлінуі

МЕЗО-PR

стений

1,2

Полиметаморфты белдем. Жынысты ағзалар

эктазий

1,4

Алғашқы көпжасушалы өсімдіктер

калимий

1,6

Шөгінді тыс ауданының өсуі

ПАЛЕО-PR

статерий

1,8

Эукариоттар, кратондану

оразирий

2,05

Бредерфорд астроблемасы, Садбери. Оттегінің көп бола бастауы

риасий

2,3

Бушвелбд кешені, Гурондық мұзбасу

сидерий

2,5

Оттектік катастрофа, магнетит

AR

НЕОАРХЕЙ

2,8

Құрлықтық жер қыртысы, фотосинтез

МЕЗОАРХЕЙ

3,2

Строматолит (Аустралия)

ПАЛЕОАРХЕЙ

3,6

Батыс Аустралия бактериялары 3,02млрд.ж

ЭОАРХЕЙ

4

Примитивті прокариоттар п.б.(Гренландия)

КАТАРХЕЙ

4,6

Жердің қалыптасуы

БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕР 2012ж ақпан-наурыз айларына сай келеді

ЭОНО-ТЕМА

(ЭОН)

ЭРАТЕМА (ТОП)

ПРОТЕРОЗОЙДЫҢ ЖАЛПЫ БӨЛІМДЕРІ

ҰЗАҚТЫҒЫ

млн.жыл

БАСЫ

СОҢЫ

млн.жыл

ҚАТПАРЛЫҚ

ДӘУІРЛЕР

(эпохалар)

КРИПТОЗОЙ

ЖОҒАРҒЫ ПРОТЕРОЗОЙЛЫҚ - PR2 н/е РИФЕЙЛІК - R

ВЕНДТІК-Vd

110

1030

570

1600

БАЙКАЛДЫҚ

СОҢҒЫ РИФЕЙ-R3

320

ОРТАҢҒЫ РИФЕЙ-R2

350

ЕРТЕ РИФЕЙ-R1

250

ТӨМЕҢГІ ПРОТЕРОЗОЙЛЫҚ (ЕРТЕ ПРОТЕРОЗОЙЛЫҚ)– PR1 н/е КАРЕЛЬДІК - К

900

1600

2500

КАРЕЛЬДІК

АРХЕЙЛІК - AR

1500

2000

2500

4000

БЕЛОМОРЛЫҚ

УФА жиылысында негізделген 1977ж мәлімет

КАТАРХЕЙ (гр. Көнеден төмен, «хэдий, преархей, азой»)- геологиялық эон AR ге дейінгі уақытты қамтиды (мөлшері 500млн.ж). Осы уақыттағы шөгінді тау жыныстардың белгісі,онда қалыптасқан литосфера жоғарғы мантияның ішіне толықтай еніп кеткен. Сондықтан КАТАРХЕЙ бойынша мәліметтер болмайды. Жер бедері әрдайым өзгеріске ұшырап отырған. Себебі, жер сілкіністері тоқтаусыз өткен жердегі аспан қара болған, атмосфераның құрамы және күннің жылуы өте төмен мөлшерде болған(қазіргімен салыстырғанды 30% төмен). Айдың көрінісі өте ірі болған Жер мен Айдың арасындағы қашықтық 17мың км ғана (қазір 384000км) болды. Сол кездегі тәулік ұзақтығы 6 сағатқа тең, осы уақыт ішінде Ай Жерді толық айналып шыққан, бірақ осы уақыт үдемелі өсіп отырған.

АРХЕЙ Жер тарихындағы негізгі эондадың бірі. Осы уақытта Жерде оттекті атмосфера болмаған. Алғащқы анаэробты бактериялар пайда болды. Осы бактерялармен қазіргі күкірт, графит, темір, және никель кендері байланысты. «АРХЕЙ» термині 1872ж Американ геологы Джон Данамен ұсынылған.

АРХЕЙ 4 заманға бөлінеді:

ЭОАРХЕЙ (осыдан 4-3,6млрд.ж.бұрын) прокариоттардың осы уақытта пайда болуы туралы көзқарастар бар және эоархейде Гренландияның көне тау жыныстары қалыптасқан.

ПАЛЕОАРХЕЙ (3,6-3,2 млрд.ж.бұрын) бөлінуі хронологиялық болып табылады, ол стратиграфияға негізделмеген. Осы уақытта Батыс Аустралияда табылған бактерия лар жатқызылады. Олардың жасы 3,02млрд.ж.

МЕЗОАРХЕЙ (3,2-2,8млрд.ж.бұрын) Аустралияда табылған қазба қалдықтары бойынша осы уақытта строматолиттер өмір сүрді депайтуға болады.

НЕОАРХЕЙ (2,8-2,5 млрд.ж.бұрын) Осы уақыттағы тау жыныстар белгісіз. Сондықтан НЕОАРХЕЙ стратиграфияға негізделмеген. Осы уақытта нақты құрлықтық жер қыртысы қалыптасады. Отттектік фотосинтез бастауын алады сол себептен атмосфераға оттегі көптеп жиналады.

ПРОТЕРОЗОЙ 3 заманнан тұрады:

ПАЛЕОПРОТЕРОЗОЙ осы уақытта цианобактериялар эволюцияға ұшырайды. Негізгі үрдісі оттектік катастрофа. Осыған дейін өмір сүрген ағзалардың барлығы анаэробты болған, яғни олардың өмір сүруіне оттек қажет емес. Осы үрдістің мөлшерінің өсуінен көптеген ағзалар жойылып кетеді, ал қалғаны ортаның өзгерісіне төзімді болған.

ПАЛЕОПРОТЕРОЗОЙзаманы 4 дәуірден тұрады:

СИДЕРИЙ (гр. Темір) стратиграфияға негізделмеген осы дәуірдің басында темірлі кварциттер қалыптасады. Магнетит минералдары келесідей жолмен көптеп пайда болады: анаэробты бактериялар оттегін түзіп , осы отттегі темірмен әрекеттесіп магнетит қоспасын түзеді.

РИАСИЙ (гр. Лава ағыны) осы уақытта Бушвельд кешені және оған ұқсас интрузиялар түзіледі. Осы дәуірдің соңында Гурондық мұзбасу аяқталады. Ағзаларда ядро қалыптасады.

ОРАЗИРИЙ (гр. Таулар тізбегі) бүкіл құрлықтарда орогенез белсенді өтеді, Жер атмосферасы оттегіне бай болады, цианобактериялар арқасында. Жерге өте ірі 2 астероидты соққылар әсерінен Бредерфорд астроблемасы, осы дәуірдің соңына қарай 2ші соққы орнын алады нәтижесінде темір-никель Садбери кенді бассейні п.б.

СТАТЕРИЙ (гр. Төзімді) палеопротерозойлық аяқтаушы дәуір. Нақтылы ядролы тірі ағзалар п.б. көптеген қатпарлы белдемдер кратондану үрдісіне ұшырайды.

МЕЗОПРОТЕРОЗОЙ заманы(осыдан 1,6 млрд.ж.бұрын) 3дәуірге бөлінеді:

КАЛИМИЙ (гр. Тыс,жапқыш) стратиграфияға негізделмеген. Белгілі шөгінді тыстардың аудандардың өсуімен сипатталады.

ЭКТАЗИЙ (кеңею) шөгінділер қалыптасуының және шөгінді тыстарының кеңеюімен сипатталады. Канадалық Сомерид аралында қызыл балдырлардың қазба қалдықтары табылды. Олар бізге белгілі ағзалардың ең көнесі.

СТЕНИЙ (төзімсіз, тар) осы уқытта полиметаморфты белдемдер түзіледі. Жынысты жолмен көбеетін ағзалардың көбісібелгілі болды.

НЕОПРОТЕРОЗОЙзаманының соңына қарай көптеген тірі ағзаларда қаңқаға ұқсас құрылымдар байқалады. Бұл замандағы жануарлар қазіргі фаунаның ататектері деп санауға болмайады және олардың эволюциядағы орнын анықтау өте қиын. Аталған заман 3 кезеңге бөлінеді:

ТОНИЙ (тартылу) ірі суперконтиненттің бөлінуі байқалады.

КРИОГЕНИЙ (мұзды суық, аяз) ең үлкен мұзбасу үрдісі байқалған, қалыптасқан мұздықтар экваторға дейін жеткен.

ЭДИАКАРИЙ - Є алдындағы дәуір аталуы Оңтүстік Аустралиядағы Эдиакар жоталарымен байланысты. Осы дәуірдің халықаралық ресми атауы геологиялық ғылымдар халықаралық одағында 2004ж наурызында бекітілген. Оған дейін ТМД қарамағында «Венд» атауына ие болған. Жерде жұмсақ денелі ағзалар мекендеген, көбінде қаңқасы болмағандықтан олардың тек іздері белгілі. Венд атауы ҚСРО палеонтологы Борис Соколовпен 1955ж ұсынылған. Ол Шығыс Еуропалық платформадағы Венд горизонтымен көп шұғылданған, осы горизонтта құмтастар мен саздар көптеп кездеседі.

ЖЕРДЕГІ ТІРШІЛІКТІҢ ДАМУЫ

Тірі табиғаттың пайда болуы мен тіршіліктің мәні – адамзаттың өзін қоршаған ортаны түсініп білуінде, өзінің табиғаттағы орнын анықтауында үлкен қызығушылық тудырды.

Жалпы, ғылымда тіршілік пайда болуы туралы 5 концепция бар:

  1. креационизм, немесе тіршілікті құдай жаратуы;

  2. тіршіліктің өз-өзінен пайда болуы туралы концепция;

  3. стационарлық күй концепциясы;

  4. панспермия концепциясы;

  5. жер бетінде тіршіліктің өткен тарихи кезеңдерде физикалық және химиялық процестердің нәтижесінде пайда болуы туралы концепция.

Бақылау сұрақтары:

  1. Докембрийдің бөлімшелері, олардың ұзақтығы.

  2. Жаралуы мен құрамы бойынша қандай жыныстар докембрийге тән?

  3. Докембрий жыныстарынан ағзалардың қандай қазбалы қалдықтары белгілі?

  4. Қандай пайдалы қазбалар кембрийге дейінгі уақытқа тән?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]