- •0704000«Пайдалықазба кенорындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері»
- •Vсеместр: ____________________
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Зертханалық жұмыстар
- •Пәннің негізгі мақсаттары.
- •Даму тарихы. Пәннің негізгі мақсаттары.
- •Даму тарихы
- •Өсімдіктер мен жануарлар.
- •Теңіздер мен мұхиттардағы өмір сүру жағдайлары.
- •Теңіздер мен мұхиттардың биономиялық белдемдері.
- •Бақылау сұрақтары
- •Органикалық әлем және эволюция заңдылықтары.
- •Бентосты және пелагилі ағзалар.
- •Ағзалардың қазбалы қалыпта сақталу жағдайлары.
- •Жүйелеу негіздері.
- •Тақырып. Қарапайымдылар, губкалар, археоциаттар
- •Қарапайымдылар
- •Губкалар
- •Археоциаттар
- •Тақырып. Уландырғыштар (ішекқуыстылар)
- •Сурет. Уландырғыштардың өмірлік циклдары (гидроидтылар мысалында)
- •Сурет. Calceola. А – жоғарыдан қарағандағы сыртқы көрінісі; ә – кескіні; б – реконструкциясы
- •Тақырып. Құрттар, буынаяқтылар, мүктер
- •Сақиналы құрттар
- •Буынаяқтылар тектүрі
- •Буынаяқтылар тектүрі - phylum arthropoda
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып. Моллюскалар
- •Тақырып. Иықаяқтылар
- •Тақырып. Тікентерілілер
- •Тақырып. Жартылай хордалылар және хордалылар
- •Тақырып. Палеоботаника
- •Тақырып. Қазбалы қалдықтарды жинау және құжаттау ерекшеліктері
- •II Бөлім. Тарихи-геологиялық реконструкциялардың әдістері
- •Тақырып. Стратиграфия және геохронология
- •Стратиграфия және оның міндеттері
- •Шөгінді және магмалық тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау
- •Геохронологияық шкала және оның құрылу тарихы
- •Тақырып. Таскелбеттік талдау және оның міндеттері
- •Тақырып. Шөгінді жыныстардың таскелбеттері. Таскелбеттердің литологиялық белгілері
- •Тақырып. Тектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
- •III Бөлім. Тарихи геология.
- •Тақырып. Материктерді геотектоникалық аудандау
- •Тақырып. Кембрийге дейінгі геологиялық тарих
- •Тақырып. Палеозойдың геологиялық тарихы
- •Тақырып. Мезозойдың геологиялық тарихы
- •Тақырып. Кайнозойдың геологиялық тарихы
- •IV Бөлім. Қазақстан геологиясы
- •Тақырып. Қазақстанның геологиялық зерттелуі және геотектоникалық аудандалуы
- •Зерттелу тарихы
- •Қазақстанның жер бедері және гидрографиясы.
- •Геотектоникалық аудандау.
- •Зертханалық жұмыс №1 Қарапайымдылар, губкалар, археоциаттар тектүрлерін оқып білу және анықтау.
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •Зертханалық жұмыс №3 Моллюскалар тектүрін оқып білу және анықтау.
- •Зертханалық жұмыс №4 Иықаяқтылар тектүрін оқып білу және анықтау.
- •Зертханалық жұмыс № 7 Геологиялық қималарды талдау. Палеогеографиялық қисықты құру.
- •Әлемнің географиялық және геологиялық карталарын оқып білудің негізінде материктерді тектоникалық аудандаудың схемалық картасын құру.
- •Зертханалық жұмыс№ 9 Қазақстанды тектоникалық аудандаудың схемалық картасын құру.
Тақырып. Қарапайымдылар, губкалар, археоциаттар
Жоспар:
Қарапайымдылар
Губкалар
Археоциаттар
ЖАНУАРЛАР ПАТШАЛЫҒЫ
REGNUM ZOA (ANIMALIA)
Қарапайымдылар
SUBREGNUM PROTOZOA
Протозоа дүние тармағы (protos – бiрiншi, zoon – жануар) бiр клеткалы организмдердiң түрлi топтары.Қазiргi уақытта, су бар жердiң барлығында қарапайымдыларды кездестiруге болады. Олардың 50000 астам түрлерi белгiлi. Әр қарапайым организмдi жеке протоплазма деп қарастыруға болады және ол тiршiлiкке тән барлық функцияларды орындай алады. Қарапайымдылар протоплазма құрылымының күрделiгiмен ерекшеленедi
Протозоа дүние тармағының өкiлдерi клеткалық құрылым деңгейiне жатады. Қарапайымдылардыбейнелейтiн, бионт ретiнде, ядросы және цитоплазмалық барлық құрылымдары бар клетка болып табылады. Цитоплазмада кез-келген жануар клеткасына тән әртүрлi органоидтар (эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, лизосомалар, центриольдер және т.б.), сонымен қатар, тек қарапайымдыларға тән органоидтар, мысалы, түрлi жалған аяқтары, кiрпiкшелер мен талшықтар, клеткалық ауыз қуысы, клеткалық жұтқыншақ, ас қорыту және зәр шығару вакуольдерi, трихоцисттер, сезiм аппараттары кездеседi. Өлшемдері 1мкм-ден 5-6см-ге дейін(кейде 10-16см), көбінесе тараған мөлшері 0,-1мм дейін.
Қарапайымдылардың бионты, коректену, тыныс алу, зәр шығару, қозғалу қызметтерi арқылы қоршаған ортамен барлық қарым-қатынастарын iске асырады.Клетка дербес тiршiлiк ететiн жеке организм ретiнде жыныссыз және жынысты жолдарымен көбейедi. Әр түрдiң тiршiлiк циклi бiрнеше даму кезеңдерiнен және ұрпақтардан тұрады.
САРКОДАЛЫЛАР ТЕК ТҮРІ
PHYLUM SARCODINA
( сарс,саркос- ет )
Көбінесе теңіздерде мекндейді. Асын ұстау, орын ауыстыру, дем алу үшін олардың арнайы жалған аяқтары бар( псевдоподалар ). Аталған тек түр ішінде геологиялық маңызы бар 2 класс ажыратылады:
РАДИОЛЯРИЯЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ
CLASSIS RADIOLARIA
Радиоляриялар – планктонда, стеногалинді,жылы су қабатында тiршiлiк етедi. Формалары геометриялық әртүрлi ұсақ теңiз саркодолылар. Түрдiң саны 7-8 мыңға жетедi. Олар тереңдiгi 8000 метрге жететiн су түбiнде де кездеседi. Олар қаңқаның iшкi күрделi құрылысымен ерекшеленедi, ядро маңындағы капсуламен, тармақталған және тармақталмаған өсьтiк жiпшелерiмен аксоподияларменерекшеленедi. Радиоляриялардың көптеген түрлерiнiң цитоплазмалрында, оларды өттегiмен қамтамасыз ететiн және қорек көзi болып табылатын бiрклеткалы симбиотикалық балдырлар (зоохлореллалар – жасыл және зооксантеллалар – сарғыштау) тiршiлiк етуi мүмкiн.
Радиоляриялардың геологиялық қабаттардың жасын анықтауда маңызы: өте көне ағзалар болып табылады PR бастап белгілі. Олар опока, яшма сияқты тау жыныстарын түзген ( PZ, MZ) KZ-қарқын дамыған. Олардың қазба қалдықтары арқылы кремнийлі жыныстардың жасын анықтайды.
ФОРАМИНИФЕРАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ
CLASSIS FORAMINIFERA
Фораминифералар басқа тамыраяқтыларға қарағанда күрделi. Қазiргi түрлердiң саны 1000 асады. Олардың денесi бақалшақтармен қапталған. Бiркамералы және көпкамералы бақалшақтар кездеседi. Көптеген тесiктер арқылы бақалшақтан ризоподиялар (ұзын жiнiшке жалған аяқтар) шығады. Тұздылығы қалыпты теңіздерде мекендейді, кейбіреулері тұздылықтың өзгеруіне төзімді. Көбінесе планктонды және бентосты ағзалар. Мекендеу тереңдігі 200м-ден аспайды.Жынысты және жыныссыз жолмен көбейедi, тiршiлiк циклiнде ұрпақтың алмасуы байқалады. Фораминифералардың көпшiлiгi су қоймалардың түбiнде тiршiлiк етiп, ұсақ организмдермен қоректенедi. Тек кейбiр түрлерi ғана планктон құрамына кiрiп су қабатында тiршiлiк етедi алады.Фораминифералар кембрий кезеңiнен табылған көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Олар әктастың, бордың қабаттарын түзедi. Фораминифераларды мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды iздеу үшiн, геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн қолданады. Аталған класс келесідей отрядтардан тұрады:
Ordo Fusulinidae
Ordo Nummulitidae
Ordo Rotaliida
Фораминиферлердің геологиялық маңызы. Олардың 30000-ға жуық түрі бар. Є-ден бастап белгілі, С, Р, К және палеоген үшін өте маңызды. Аталған дәуірлер үшін олар тау жыныстан түзуші ағзалар ретінде қарастырылады, көбі қазаіргі уақытта да мекендейді.
КӨПЖАСУШАЛЫ АҒЗАЛАР
SUBREGNUM METAZOA
( грекше «meta»-аралық, кейінгі)
Көпжасушалылар денесі көптеген жасушалардан құралған жануарлар жатқызылады. Құрылыс деңгейіне байланысты олар екі бөлім үстіне бөлінеді примитивті және нақты көпжасушалылар.
ПРИМИТИВТІ КӨПЖАСУШАЛЫЛАР БӨЛІМ ҮСТІ
SUPERDIVISIO PARAZOA
(грекше « para »- маңында, жанында )
Аталғандарда жасуша нақты түрде функциялары және морфологиясы бойынша бөлінбеген. Олардың мүшелері болмайды. Ас қорыту қабырға маңайлық және жасушалық болады. Соңғы көрсеткіш оларды қарапайымдылармен жақындатады. Бентос болып табылады. Осы бөлшм үстіне екі тектүр жатқызылады:
Пориферлер PHYLUM PORIFERA ( pora, porus - тесікше;fero- әкелу). Олар ащы және тұщы ортада мекендейді. Бентос, қаңқасы әктасты және кремнийлі, денесі көптеген тесікшелер және каналдармен сипатталады. Геологиялық маңызы: губкалар классында Classis Spongia. Жылы теңізде мекендейді, барлығы бекітілген бентос. 150-300 м терең аралығында мекендейді. Губкалар пішіні бақалшақ, қап немсе ағаш тәрізді келеді. Орталық бөлігінде мезоглея атты қоймалжың зат орналасқан. Ол губканың спикулалары бар біртекті қаңқасын құруға қатысады. Көбеюі жынысты және жыныссыз. Өлшемі 1,5 м-ге дейін жетеді. Қаңқаның құрамына байланысты олар үш класс астына бөлінеді: әктасты Galcispongia, кәдімгі Demospongia, алты сәулелі Hexactinellida.
Геологиялық маңызы алты сәулелі губкаларар көп тараған өкілі Ventriculites J-дан бастап белгілі. Аса көп таралуы K.
Геологияық маңыздылығы айтарлықтай емес, губкалардың спикулалары Є-ге дейін белгілі Спонголит атты тау жынысы көбінесе кремнийлі губкалардың спикулаларынан құралған.
АРХЕОЦИАТТАР ТЕКТҮРІ
PHYLUM ARCHAEOCYATHI
( archaios- көне; cyathus- шағын кубок )
Өлген ертекембрий даралары сирек колонияльды біріккен ағзалар. Қаңқасы құмыра тәріздес келеді. Ол бір немесе қос аралық кеңістікті әртүрлі кеңдікпен бөлінген, ізбесті қабырғалардан тұрған. Губкалар тәрізді қабырғаларының саңылаулары кіші, ал сыртқысы үлкен. Тесікшелері болғандықтанолар губкаларға жақын, алайда пішіні мен басқа да қассиеттері бойынша пориферлер тектүрі сфинктозоа классына жақынырақ. Олар қоректенуі бойынша фильтраторлар және ертекембрийдегі қозғалмайтын бентостың едәуір бөлігін қамтыған. Пішіні төңкерілген конус тәрізді, цилиндр, қап, құмыра тәрізді. Диаметрі бірнеше см, биіктігі 30-150 см, орт. 1-3см. Интерваллюм-қабырға арасын толтыратын элементтер. Орталық қуыс – щсьтік білігі, кей кезде онда көпіршіктер тәрізді затқа толы болады. Септа- тік радиалды қима кескіні.
PHYLUM ARCHAEOCYATHI
Classis Regulares Classis Irregulares
Бақылау сұрақтары:
1. Қарапайымдыларда жасуша қандай қызмет атқарады?
2. Қарапйымдылардың көлемі.
3. Қарапайымдылардың тіршілік ортасы.
4. Геологиялық маңызға ие саркодалылардың класс тармақтары.
5. Губкалар денесі қандай формаға ие?
6. Спикулалар дегеніміз не?
7. Губкалар неше класқа бөлінеді? Оларды атаңыз.
8. Вентрикулитес түрі қандай класқа жатады?
9. Археоциат денесінің құрылысы.
10. Археоциаттар қандай геологиялық маңызға ие?
