- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
«Әлеуметтену» ұғымына қатысты ғылыми танымға алғаш рет өткен ғасырдың соңында американдық социолог Ф.Гидденс және француздың әлеуметтiк-психологтары енгiзген едi. «Әлеуметтену» ұғымы тұлғаның әлеуметтiк ортаның әсерiмен қалыптасу процесiн зерттеуде кеңiнен қолданылып отыр. «Әлеуметтену» ұғымы адамзат қауымы мен жеке адамдардың даму процесiн бiлдiредi.
Әлеуметтену – ұйымдасқан және бақыланатын процесс ретiнде жеке адамдардың бүкiл өмiрi бойы жүзеге асады, оларға қоғам және оның құрылымы тарапынан стихиялы ықпал жасалады, соның нәтижесiнде нақты қоғамда, әлеуметтiк топтар мен ұйымдарда адамдар өмiршең әлеуметтiк тәжiрибенi жинақтайды, тұлғаларға айналады.
Әлеуметтену процесi түрлi дәрежеде және нақты түрде жүзеге асырылады: 1) тұлғаның әлеуметтенуi; 2) қоғамның әлеуметтенуi.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, тұлғаның әлеуметтенуi қоғам мен жеке адамның әлеуметтенуiнiң бiрiгуiнен құралады. Яғни, қоғам адамды қалыптастыратын болса, онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсiз тәуелдi. Ол қоғамсыз өмiр сүре алмайды. Бiрақ оның өзiндiк тәуелсiздiгi бар ма? Керiсiнше әсердiң болуы мүмкiн бе? Әлеуметтену процесiнiң осы принциптi, негiзгi сұрағына жауап беруде социологияның классиктерi Э.Дюркгейм мен М.Вебер қарама-қарсы көзқарастарды жақтайды. Э.Дюркгейм әлеуметтiк шындықты жеке шындықтан жоғары тұратын автономды шындық ретiнде қарастырады. Ол «жеке деректерге» «әлеуметтiк деректердi», «жеке санаға» «коллективтiк сананы» қарсы қояды. «Коллективтiк түсiнiктердi жекелерден шығаруға болмайтындығы сияқты, қоғамды да жеке адамдардан, тұтасты – бөлiктерден, күрделiнi – қарапайымнан шығаруға болмайды» - деп, есептейдi Э.Дюркгейм. Осы сұраққа байланысты М.Вебердiң көзқарасы тiкелей қарама-қарсы бағытты бейнелейдi. Ол қоғамның дамуында жеке адамдардың iс-әрекеттерiне маңызды орын беретiндердiң қатарында. Әлеуметтiк iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде қоғамды немесе коллективтiң басқа да түрлерiн қарастырған Э.Дюркгеймнен айрықша, М.Вебер субъект ретiнде жеке адамдарды қарастырады. Әлеуметтiк әрекет – деп, М.Вебер жеке адамның саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған iс-әрекетiн атайды.
Батыстың және отандық социологтардың тұлғаның әлеуметтену процесiне қатысты қалыптасқан теориялық концепцияларын топтастырып көрсетуге болады.
«Эволюциялық». Әлеуметтенудi антропогенез заңдылығы, яғни адамның қалыптасу және даму процесi – деп, түсiндiредi. Олар табиғаттың әлеуметтенуi туралы да айтады. (Сен-Марк)
«Бейiмделу». Жеке адамның қоғамға бейiмделу процесiн әлеуметтену процесi ретiнде қарастырады. Бұл бағыттың өкiлдерi әлеуметтенудi адамның қоғамға белсендi түрде бейiмделуi – деп, тұсiндiредi (Т. Парсонс, И.Кон, Н.Смелзер т.б.).
«Iс-әрекеттiк». Әлеуметтенудi қоғам мен жеке адамның өзара әрекеттесу процесi – деп, түсiндiредi. Сонымен қатар, екi жақтың да белсендiлiгiн ерекше атап көрсетедi. (К.Маркс, Ф.Энгельс).
«Психологиялық». Бұл бағыттың өкiлдерi әлеуметтену теориясының негiзiне елiктеу принципiн қояды (Г.Тард).
«Мәдени». Әлеуметтенудi тұлғаның мәдени ортаға енуi арқылы iс-әрекеттер мен мiнез-құлық үлгiлерiн игеру процесi – деп, түсiндiредi (И.Хейзинг).
«Өзара әрекеттер немесе қарым-қатынас теориясы». Тұлғаның әлеуметтенуi, оның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуi арқылы жүзеге асады – деп, түсiндiредi (Дж. Мид, Ч.Кули, У.Томас т.б.).
Әлеуметтенудiң биологиялық негiзi
1)Физикалық тәуелдiлiк; 2) Үйрену қабiлетi; 3) Тiл; 4) Инстинг.
Әлеуметтендiру агенттерi - әлеуметтендiру процесiнiң барысына бағытталған мақсатпен ықпал жасап, әлеуметтендiрудi жүзеге асыратындардың немесе соған әсер ететiндердiң бiрi.
Алғашқы әлеуметтенудiң негiзгi агентi американдық социолог Т.Парсонстың көзқарасы бойынша, тұлғаның мотивациялық бағдарының фундаментi қаланатын «семья-отбасы-жанұя» болып табылады. Т.Тернер және басқаларының еңбектерiнде алғашқы әлеуметтендiрушi коллектив ретiнде барлық уақытта отбасын қарастыру дұрыс емес делiнген. Кембридж университетiнiң профессоры Энтони Гидденс өзiнiң «Социология» деген оқулығында адамның әлеуметтенуiне әсер ететiн негiзгi агенттердi атап көрсетедi. Оларға мыналар жататындыр:
Отбасы. Мәдениеттiң әрбiр түрiнде адамның әлеуметтенуiне әсер ететiн негiзгi ұйым. Қазiргi қоғамда әлеуметтену процесi, негiзiнен саны жағынан аз кiшкене отбасыларда жүрiп жатыр. Көптеген дәстүрлi қоғамдарда отбасы баланың болашақта әлеуметтiк орнын анықтайтын ұйым. Гидденстiң айтуы бойынша, қазiргi батыс қоғамдарында баланың болашақ әлеуметтiк орны туғаннан бастап анықталмайды. Яғни, дамыған елдерде, адам өзiнiң әлеуметтiк мәртебесiн өзiнiң күшiмен жасай алады. Аймақтық, сонымен қатар, әлеуметтiк-таптық ерекшелiктер де жеке адамның әлеуметтенуiнiң барлық процесiне өз әсерiн тигiзедi.
«Теңдiк» қатынасы. Әлеуметтенуге әсер ететiн агенттердiң басқа бiр түрi «теңдес топтар». Олар бiрдей жастағы қатарлас достарды қамтиды. Әрбiр ұрпақтың өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi бар. Дж. Мид және Ж.Пиаже «теңдес топтарды» әлеуметтенудiң маңызды факторы ретiнде қарастырады.
Мектептегi оқу.
Көпшiлiк байланыс құралдары.
Еңбек.
Түрлi ұйымдар – дiни, еркiн ассоциациялар, клубтар т.б.
