Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376 Кб
Скачать
☆

Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi

  1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев

  2. Еңбектерi мен ойлары

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектерi ықпал еттi. Абай Г.Спенсердiң орыс тiлiне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкiл тiршiлiк атаулының өзгермелiлiгi туралы ой Абайдың өлеңдерi мен қара сөздерiнде жиi ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзiнде»: «Дүние бiрқалыпты тұрмайды десе, өлеңiнде: «адамзат күнде өзгерер» дей келiп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткiзiп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтерiне зор сенiммен қарайды.

Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенiн бiлетiн Абай, ьұғаудағы қазақтардың жағдайын «Осы мен өзiм -қазақпын» деп басталатын «Тоғызыншы қара сөзiнде» баяндайды: «Мен өзiм тiрi болсам да, анық тiрi емеспiн… Сыртым сау болса да, iшiм өлiп қалыпты. Ашулансам – ызалана алмаймын. Күлсем – қуана алмаймын. Сөйлегенiм өз сөзiм емес, күлгенiм өз күлкiм емес, бәрi де әлдекiмдiкi. Сол себептен бiр жүрген қуыс кеудемiн…». Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды. Өйткенi патша үкiметi ру басыларын бiр-бiрiне айдап салып, өзiнiң отарлау саясатын тоқтаусыз жүргiзiп жатқан едi. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрдi. Ол үшiн халқын оқу, бiлiм, ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пiкiрiнше, бақастық адамды түземейтiн, керiсiнше, оны бұзатын нәрсе, әсiресе ол адамгершiлiктi азайтатын құбылыс екенiн ескертедi. Қазақ қоғамының әлеуметтiк-таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлiнгенiн, бұл бөлiнудiң мүлiктiк теңсiздiктен туындағанын, мүлiктiк теңсiздiк бай мен кедей арасындағы мүдденiң алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтiк қарама-қайшылыққа соқтыратынын былайша түсндiредi:

Абай ел билеушiлерiн сайлаудың оң құбылыс екенiн түсiндi. Алайда, оның да ел шырқын бұзатын келеңсiз жақтары бар екенiн айта келiп, одан ел билiгiне нұсқан келтiретiн мотивтi көре бiлдi. Ғұлама Абай өзiнiң «Болды да партия», «Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мiнеки», «Бөтен елде бар болса» атты өлеңдерiнде аталмыш мәселенi үлкен әлеуметтiк проблема ретiнде көтердi.

Абай өз шығармаларында әлеуметтiк мобильдiк, адам статусы мәселелерiне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биiк мансап – биiк жартас…» дей келiп, оны билiк, байлық, бiлiм деңгейi, т.б. айқындайтынын түсiндiрдi. Оның пiкiрiнше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бiтiп едi» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы тағы қайыршылыққа түседi». Адамның қоғамдық баспалдақпен биiкке өрлеуi мен керi қозғалуын көрсетiп, оны индивидтiң әлеуметтiк жағдайының өзгеруiмен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдың малы жұтта қырылып, кедейленуi жиi орын алғаны рас және еңбегiмен кедейлердiң орта шаруа, одан кейiн байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес едi. Сөйтiп, олардың қоғамдық баспалдақта орын ауыстыруы әлеуметтiк заңды процесс болды.

Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтiк дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектiң терең әлеуметтiк мәнiн түсiндiредi. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық процестiң негiзi, материалдық құндылықтарды шығару көзi, халықтың тұрмыс деңгейiн түзетудiң басты құралы ретiнде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, ерiншектiк, жалқаулық сияқты келеңсiз құбылыстардың әлеуметтiк мәнiн ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергi болып отырғанын, халықтың негiзгi бөлiгiнiң материалдық жағдайының төмендiгiн айта келiп, халықты аянбай жұмыс iстеуге шақырды. Кедейлiктiң мотивiн еңбексiздiктен iздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтедi тентiремей» деп, еңбектi ұтымды жүргiзуге насихаттайды, өйткенi ұтымды еңбек ету әлеуметтiк прогреске жеткiзудiң жолы, кедейлiктен шығудың бiрден-бiр басты құралы едi. Кедейлiкпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кiсi кер келедi. Еңбектiң сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:

Түбiнде баянды еңбек егiн салған,

Жасынан оқу оқып, бiлiм алған, -

деп, егiн салу мен бiлiм алудың баянды еңбек екенiн қорытады. Баянды еңбектi ол материалдық игiлiктердi өндiрудiң және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзi деп түсiндi.

Қазақ қоғамында халықтың бәрi бiрдей еңбекке тартылмай, оның белгiлi бiр бөлiгi жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтiк салдарын ашып көрсеттi.

Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа үйiр етедi деп ескерттi.

«Қарны аш кiсiнiң көңiлiнде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-iшуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлi бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секiлдi нәрселерге үйiрлендiруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мiнез-құлқын өзгертетiнiн айтып, адамды хайуандандырып жiберетiнiн ескерттi. Адамның бәрiнде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш-қуат, жiгер табыла да бермейдi. Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бiр iлiгiп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлiк қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел iшiнде тоқтату жолдарымен қатар, сырт елдерге барыап жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмiтпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен iздеп, өрiстерлiк күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пiкiрi бүгiнгi қоғамда жұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсiз әлеуметтiк жағдайларды: қылмыстың өршуiн, қайыршылықтың, нашақорлық пен маскүнемдiктiң, жезөкшелiктiң, т.б. мәнiн сол кезде-ақ көрiп тұрғандай айтылғаны анық.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа бiлiм беру, оларды ғылымға тарту деп есептедi. Ғылымды ол әлеуметтiк жағдайларды жақсартудың ғана бiрден-бiр құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкiл прогреске жеткiзетiн жол деп түсiндiрдi.

Абай елдiң әлеуметтiк-экономикалық хал-жағдайын: мал, егiн шаруашылығын, елдiң әлi де жартылай көшпелi, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезiндi. Мұндай жағдайда өркениеттi елдер дәрежесiне қосыла алмайтынын бiлдi. Ол ғылым мен бiлiмнiң маңызды функциясы адамда тұлғалық қасиеттердi қалыптастыру деп санады. Қоғамның болашағы саналатын жастарға бағыттап жазған өлеңдерi мен қара сөздерiнде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керектiгiн түсiндiрiп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттердi белгiлеп бердi. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңiнде Абай:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңiз…

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның бiлсеңiз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл iс, көнсеңiз, -

деп, адамды тұлға етерлiк әлеуметтiк қасиеттердi саралап көрсетедi. Ол тұлға мәселесiн әлеуметтендiру процесiмен ұштастырады. Әлеуметтендiрудiң негiзгi агенттерiне Абай баланың ата-анасы, ағайын-туыстарын, бiлiм мен ғылым орындарын, дiн мекемелерiн, т.б. жатзыады. Осы агенттер арқылы әлеуметтендiру процесi жүзеге асады, соның нәтижесiнде тұлға қалыптасады.

Абай дiнге қоғамның маңызды институты ретiнде қарады. М.Әуезовтың пiкiрiнше, Абай үшiн дiн адамның жеке басының моральдық жетiлуiнiң құралы болған. Абай дiн мәселесiн өзiнiң өлеңдерiнде, қара сөздерiнде алға тартып, оның әлеуметтiк мәнiн, мазмұнын ашады. Дiнге берiле сенедi. «Алланың өзi де рас, сөзi де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды.

Абай жеке адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына ұңiлiп, оған әлеуметтiк процесс iспеттi қарады.