Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376 Кб
Скачать
☆

Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары

  1. Шоқан Уәлиханов

  2. Еңбектерi мен ойлары

Ш.Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерiнiң бәрiнде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрiсi мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округi туралы», «Өлкенiң өкiмет басқару жүйесi мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтестi әлецметтiк мәселелер зерттеледi.

Қазақтардың өмiр сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткiзген эволюциялық дамуы өзге елдердегi сияқты елдi өркендеудiң биiк сатысына көтередi деп түсiндiрдi. Оның әлеуметтiк-экономикалық негiздерi бар екендiгiн дәлелдедi. Ол Ресей державасының «құрамына енiп отырған барлық бұратана тайпалардың iшiнде халқының санының көптiгiнен, байлығы жөнiнен бiз бiрiншi орын аламыз. Менiңше, алдағы өркендеу де бiздiң – қазақтардың үлесiне тиедi»,- деген қорытындыға келедi.

Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотивi болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркiн ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елiнiң өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзiрленi және оны қалай жүргiз қажеттiгi жөнiнде аса құнды ой-пiкiрлер тұжырымдады. Оның пiкiрiнше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәттi орындалады, соның негiзiнде қоғамдық организмнiң дамуы iске асады. Мұндай реформаны аяғына дейiн жеткiзудi маңызды процес деп санайды.

Егерде қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгiлi болса, қоғаның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез-келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетедi.

Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемiстi жүргiзу үшiн өзгерiстердiң iшкi қайнар көздерiн көрiп бiлу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерiстердi жасау қажеттiлiгi қоғамның даму деңгейiнен және бұқара халықтың өмiр салтынан туындауы тиiс деп түйдi. Ал бұның өзi дифференциялау принципi тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргiзiлетiн реформалардың iшiнде адамның тұрмысын жақсартуға ықпал ететiн реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергi келтiретiн реформа «зиянды». Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез-келген реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ елiне қоғамдық өмiрдiң «экономикалық және әлеуметтiк» жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Ш.Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтiк реформа, олар «халықтың маңызды мұқтаждарына тiкелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажеттi экономикалық реформаларды iске асырудың құралы ретiнде қолданылуы тиiс, өйткенi жеке алынған әрбiр адам және барлық адамзат тұжырымдаса отырып өзiнiң дамуында бiр ғана түпкi мақсатқа - өзiнiң материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзi прогресс болып саналады».

Шоқанның пiкiрi бойынша, экономикалық және әлеуметтiк реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетудi мақсат ету керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегiнде халықтың материалдық халiн жақсартуға қызмететуi тиiс. Саяси реформа белгiленген экономикалық мақсатқа жетудiң құралы қызметiн атқарып соған бағындырылады. Сол халықтың пайдасы үшiн iске асырылатын қоғамдағы өзгерiстер «материалдық қажеттiлiгiне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бiрнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп отырғаны қазақтың ауылдық-рулық қауымдастығының жердi ұжымдасып пайдалауы еңбекшi жұрттың әлеуметтiк қауымдастығы сияқты жақсы жақтары едi. Сонымен қатар оның өзара көмек, тұрмыста бiр-бiрiне қол ұшын беру және өзiн өзi басқару белгiлерiн де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсеттi. Шоқанның пiкiрi бойынша, бұлар «оқыған еуропалықтардың елiктеуiне» тұрарлық құбылытар.

Ғұлама ғалымның бұл пiкiрiнiң бүгiнгi таңда бiздiң елiмiзде жүрiп жатқан реформа үшiн практикалық маңызы зор. Бiрақ осы құнды пiкiрдiң ескерiлмеуi қоғамды келеңсiз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамның күйiн және халықтың салт-дәстүрi мен әдеп-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдiң тәжiрибесi көзсiз енгiзе салуды республика өз басынан кешiрдi. Бұның бәрi жүргiзiлiп жатқан реформаның барысына әсерiн тигiзбей қоймады.

Шоқан реформаны халыққа таңуға да қарсы болды. Оның көқарасы бойынша, «ерiксiз, күштеп iске асырылған реформа қазiргi таңға дейiн адамзатта ауыр зардапқа соқтырып келедi». Ол қазақ елiн басқарудың мұндай әдiстерiнен сақтандырды, өйткенi олар халықты толқытуы мүмкiн деп санады. Ойшылдың пiкiрi бойынша, реформа қайсыбiр қоғамға тән терең қажеттiлiктерден туындауы керек. Бұдан керi жағдайда қоладнылған шаралар iске аспайды, тiптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал ететiн процестердi тудыруы мүмкiн.

Оның пiкiрiнше, мұндай апаттарды «жөнсiз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмiрiнен алынған» реформа қалыптастыруы мүмкiн. Шоқан өлкеде жүргiзiлуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкiмет чиновниктерiнiң реформа жөнiнде еңбекшi халықтың пiкiрiмен санаспай, «танымал қырғыздардың» пiкiрiн бiлуге ұмтылуын қателiкке есептедi. «… танымал және бай адамдардың мүдделерi, тiптен жоғары өркениеттi қоғамдардың өзiнде, көбiне-көп бұқараның, көпшiлiктiң мүдделерiне қарсы болады».

Реформалардың сәттi жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негiзделсе ғана дұрыс болады. Оның пiкiрi бойынша дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнiң дамуы дұрыс, орынды жүредi. Осыдан келiп халықтар: өзiн-өзi дамту, өзiн-өзi қорғау, өзiн-өзi басқару және өзiн-өзi жазғыру iспеттi саяси прерогативтердi жүзеге асыруы тиiс.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтiк организмнiң күрделi объектiсi ретiнде қарастыра отырып, оның әлеуметтiк-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерiстерге ұшырап отыратынын көрсеттi. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақсүйек және қарасүйек деп аталатын екi топқа бөлiнуi феодалдық қоғам кезiнде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екi iрi әлеуметтiк топқа бөлiне себебiн ол адамның шыққан ата-тегiнен, мал-мүлкiнен, билiк ету деңгейiнен көредi. Ақсүйектер түрлi жеңiлдiктерге ие болған индивидтердiң жабық сословиесi едi. Оған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар ендi. Шоқан қожаларды ақсүйектердiң қатарына жатқызбаған. Бiрақ халық оларды бiлiмi үшiн құрметтейтiн едi, деген ой айтады. Қарасүйектер қазақтың билерi, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық өмiрдiң әлеуметтiк иерархиясының ең төменгi сатысының негiзгi бөлiгiн шаруалар құраса, қалған бөлiгiн төрелердiң әр түрлi тапсырмаларын атқарған төлеңгiттерi толтырды. Шоқан осы жiктi құлға балайды. Өмiрде олардың статусы құлдардан жоғары едi. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесiнiң енгiзiлуi және т.б. себептер қазақ қоғамының әлеуметтiк құрылымына жаңа өзгерiстер енгiздi. Қоғамды ақсүйек пен қарасүйекке бөлу бiрте-бiрте бәсеңдеп, тоқтады. Ендiгi жерде қазақ халқының әлеуметтiк-таптық құрылымының бай және кедейге бөлiнгенiн, кедейлердiң «сахара пролетариаты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екi таптың әлеуметтiк мүдделерiнiң тiптен үйлеспейтiнiн, соның салдарынан олардың арасында шиеленiстiк жағдайлардың блумүмкiндiгiн ашады. Орыс казактарының қазақ жерiне қоныстандырылуы қоғамның әлеуметтiк құрылымына өзгеше сипат берiп, ұлтаралық қарым-қатынастарды қалыптастырды.

Шоқан өз еңбектерiнде таптар арасындағы әлеуметтiк теңсiздiктiң мотивiн зерттеп, соның негiзiнде адамдардың қоғамда иеленетiн статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтiк шиеленiстердiң пайда болуының негiзгi себептерiн көрсете бiлдi.

Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пiкiрiмен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңiрегiнде қалып қоймады. Қоғамның кейбiр әлеуметтiк мәселелерi жөнiнде олардан iлгерi кеттi. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор үлес.