- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Барлық:
586 Адам Анықтамалық сөздік
Авторитаризм – (лат. Autoritas – билік, ықпал жасау, салмақ) бүкіл биліктің бір адамның немесе белгілі бір басқарушы топтың қолына шоғырлануымен, сондай-ақ басқа да, әсіресе өкілеттік органдардың, әлеуметтік және саяси институттар мен ұйымдардың биліктерін қатаң шектеп, рөлін төмендетумен сипатталатын саяси әлеуметтік режим.
Аграрлық қоғам – натуралды ауыл шаруашылығы мен сословиялық иерархияның үстемдігімен, әлеуметтік-саяси өмірде шіркеу мен армияның шешуші рөлімен сипатталатын қоғам дамуының индустриалдық қоғамға дейінгі тарихи стаысы.
Азаматтық қоғам - әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары, жалпы және әлеуметтік-саяси мәдениеті жоғары дамыған, өз азаматтарынан әлеуметтік және саяси белсенділігі артқан, мемлекеттен тәуелсіз, онымен өз қарым-қатынасын қоғамның басымдығын және оған мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Анкеттеу – зерттеушінің жауапшымен анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Әлеуметтану сауалнамасы – жеке адамға немесе адамдардың үлкен не шағын топтарына ауызша немесе жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдерінің бірден-бірі.
Әлеуметтанудағы латенттілік – (лат. Latens-жасырын, көзге көрінбес) – қайсыбір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің, олардың ерекшеліктері мен белгілерінің сыртқы көзге көрінбеуі.
Әлеуметтанудағы сандық әдістер – қазіргі математика мен есептеу техникасының жетістіктерін қолданып, формальды әлеуметтану білімін алудың тәсілдері мен ретінің (процедура) жиынтығы және көрінісі.
Әдет-ғұрып – қоғамның немесе әлеуметтік мүшелері үшін әдетке айналған және оларды тұрақтылықпен ұдайы өндірілетін стереотиптік мінез-құлықтың өткен тәжірибесінің көріністері.
Әлеуметтену – ұйымдасқан және бақыланатын процесс ретінде жеке адамдардың бүкіл өмірі бойы жүзеге асады, оларға қоғам және оның құрылымы тарапынан стихиялы ықпал жасалады, соның нәтижесінде қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда адамдар өміршең әлеуметтік тәжірибені жинақтайды, тұлғаларға айналады.
Әлеуметтік байланыс – адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Әлеуметтік бақылау – қоғамды және әлеуметтік топтардың өзін-өзі реттеу механизмі, тәртіп пен тұрақтылықты нығайту мақсатында олар адамдардың мінез-құлқына мақсатты ықпал жасауды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік динамика – а) қоғамның және оның әлеуметтік құрылымының өмір сүруі, өзгеруі мен дамуы, оларды жаңалауға әкелетін процестің жиынтығы; ә) қоғамның заңдылықтарын, кезеңдерін, жолдары мен қозғалыс формаларын, оның өзгеруін және дамуын зерттейді.
Әлеуметтік жоспарлау – қоғам дамуы мен оның құрылымын ұйымдастыруға, алдын ала белгілеуге, мақсатқа жетушілікке, кезеңге бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік басқару әдістерінің бірі.
Әлеуметтік жүйе – тұтас құрылымдық бірлік, оның негізгі элементтеріне адамдар, олардың топтары мен қауымдастықтары, байланыстар мен өзара әрекеттер, әлеуметтік құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар жатады.
Әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, ынтымақтастық әрекетті іске асыруға деген олардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тұтас жиынтығы.
Әлеуметтік қатынастар - әлеуметтік өзара әрекет формаларының бірі, ол ұзақтығымен ауқымды әлеуметтік байланыстарымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік құндылықтар – жалпы көпшілік таныған мінез-құлық стандарты, яғни қоғамның немесе әлеуметтік топтың алға қойған мақсаттары жөнінде және сол мақсаттарға жеткізер негізгі жолдар мен құралдар туралы сенімдер.
Әлеуметтік мәдениет – адамдарға ортақ белгілі бір өмір салтымен байланысқан және бүкіл қоғам немесе әлеуметтік топтар шеңберінде тәжірибені тәртіпке келтіру және әлеуметтік реттеушілік қызметін атқаратын дүние, құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы түсінік жүйесі.
Әлеуметтік мотивация – (фр. Motif талаптану, ниеттену) тұлғаның немесе әлеуметтік топтың белсенділік пен қызметке іштей талаптануы, олардың мұқтаждықтарын тудыратын және осы белсенділік пен қызметтің бағытын анықтайтын ниет.
Әлеуметтік-саяси шиеленіс – қоғамда әлеуметтік және саяси қарама қайшылықтар дамуының жоғары сатысы, екі жақтың (адамдардың, әлеуметтік және саяси топтардың, күштердің, институттардың т.б.) бір шама шиеленісті қақтығысуын, қарама-қарсы мүдделерді жүзеге асыру барысында олардың саналы түрде қайшылықты күшейту тенденциясын сипаттайды.
Әлеуметтік-саяси элита – қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымында негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Басқарушы аппараты – басқарушы биліктің шешімін жүзеге асырумен шұғылданатын ұйымдар мен мекемелердің және олардың қызметкерлерінің жиынтығы.
Бедел – белгілі бір тұлғаның немесе адамдар тобының қоғамға немесе мемлекетке, әлеуметтік топқа немесе партияға, ұйымға, ұжымға т.б. жағдайға нақты немесе салмақты ықпал ететінін көрсететін жеке бастық және қоғамдық саласы, қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның мемлекеттің, қоғамдық саяси ұйымның мойындауы.
Билік - әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесі, өзінің еркін жігері мен беделіне, құқық пен моральдық нормаларға күш көрсету мен жазалауға, дәстүр-салтқа арқа сүйеген басқа адамдардың және олардың таптарының әрекеті мен мінез-құлқына шешуші ықпал жасай алатындай қабілетті, құқ пен мүмкіндікті көрсетеді. Биліктің мәні үстемдік пен бағыныштылыққа, ол басшы мен қол астындағы адамдардың қатынастарынан өзінің көрінісін табады.
Бихевиоризм – (ағыл. Behavior – мінез-құлық) АҚШ-та кеңінен тараған және адамдардың сыртқы ортаның ықпалына таза физиологиялық реттегі түсіндірілген реакциясына адамдардың мінез-құлқын өзінің пәні санаған позитивистік әлеуметтану мен психологияның бірден-бір маңызды бағыты. Бұның негізін қалаған американдық психологтар Э.Торидайк пен Дж.Б.Уотсон.
Бюрократия – (фр. Bureau – бюро, канцелярия және гр. Kratos - билік) 1) мемлекеттегі басқару әкімшілік жұмысымен, партиядағы және өзге аппараттағы басқарумен айналысатын және ұйымдық-саяси құрылуды қамтамасыз ететін және соған сәйкес биліктің өмір сүруін қамтамасыз ететін, шенеуніктік аппаратшылар, кең мағынада канцелярия қызметкерлері, кез келген мемлекетте болмай қоймайтын қажетті қызметкерлердің жігі; 2) шенеуніктер мен бюрократтар аппаратының билігі.
Гендерлік зерттеу – берілген мәдениет шеңберінде адамдардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін жынысына қарап, яғни әйелдерге және еркектерге айрылуын ғылыми ізденістің негізі етіп алған әлеуметтану зерттеуінің түрі.
Дәстүр - әлеумәдениет мұраның бөлігі, ол әдетте ұзақ уақыт бойы адамдардың – ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесіне енуі.
Демократия – (грек. Demos – халық, kratos - билік) халық билігі, халықтық билік, яғни саяси форма ең алдымен мемлекет формасы, оның саяси режимі, онда халық саяси, мемлекеттік биліктің қайнар көзі және билікті қолына ұстаушы қызметін атқарады.
Диаспора – (грек. Diaspora - шашырау) – қайсыбір этностың (немесе діни топтардың) өз елінен басқа елде тұрақты өмір сүріп жатқан көпсанды бөлігі.
Еңбек бөлінісі – қоғамдағы дамудың маңызды қайнар көздерінің бірі болып қызмет атқаратын тарихи дамушы еңбек әрекетінің жіктелісі.
Индустриалды қоғам – қоғам дамуының тарихи сатысы, оған жоғары деңгейдегі өнеркәсіп өндірісі, оны механикаландыру, дамыған еңбек бөлінісі және оның мамандандырылуы, ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін қолдану, әлеуметтік-саяси өмірді ұйымдастыруда ілгерілеу, икемділік және ашықтық тән.
Қоғам – адамдар жиынтығы, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, олардың мінез құлқын анықтайтын ерекше әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың болуымен, тұрақтылық пен тұтастықтың, өзін-өзі дамытудың болуымен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан өзара байланыс формаларына бірігуі.
Қоғамдық пікір – қоғамдық құбылыстар мен процестерге, жекелеген тұлғалардың, олардың топтарының, ұйымдарының т.б. қызметіне қоғамның немесе оның бөлімінің жасырын немесе ашық түрдегі қатынасын бейнелейтін көпшілік санасының хал-жайы.
Қоғамдық-экономикалық формация – тарихта маркстік, материалистік тұрғыда ұғынудың маңызда категориясы, өндіріс тәсілінің анықталуымен жалпы жағдайды көрсететін, оның тарихи дамуының белгілі бір сапалы сатысы.
Қоғамның тұтастығы – қоғамдық өмірдің ерекше сапалы қалпы, қоғамға өзіндік ерекше мүдделері мен мақсаттары бар әртүрлі әлеуметтік топтардың және саяси күштердің болуына қарамастан олардың жоғары деңгейде сеніміне, келісіміне, өзара әрекетіне, ынтымақтастығына, принципиалды ұстанымдарын мейлінше жақындастыруға және нақты проблемаларды шешуге күштерді жұмылдыру келісіміне қол жетеді.
Қолданбалы әлеуметтану - әлеуметтану ғылымының саласы, іргелі әлеуметтану негізінде әлеуметтік өмірді оптимизациялау, ұйымдастыру және дамытудың практикалық мәселелерін шешудің жолдарын, формалары мен әдістерін зерттейді және соған орай, сәйкес ұсыныстар, жоспарлар, болжамдар және т.б. жасайды.
Макро-микроәлеуметтану - әлеуметтанудың түрлі деңгейлері. Макроәлеуметтану – бүкіл қоғамды тұтастай алып және үлкен әлеуметтік топтардың, қауымдастырқтардың және олардың өзара әрекеті деңгейлерінде жүргізілетін әлеуметтану зерттеулері болып табылады. Микроәлеуметтану – тұлғаның, ұсақ әлеуметтік топтардың және олардың өзара әрекеті деңгейінде жүргізілетін әлеуметтану зерттеулері.
Маргиналдар – (лат. Marginalis – шетте тұрған) – адамдардың , әлеуметтік топтардың немесе кіші топтардың өкілдерінің жиынтығы, олардың санасы, мінез-құлқы және мәртебесі олардың түйісер жерінде, екі аралықта қалып өзара әрекет етуші әлеуметтік топтар немесе мәдениеттің біріне бейімделуі ұзаққа созылған ықылассыздығы немесе шорқақтығы іспетті қайсыбір себептермен анықталады.
Мемлекет – қоғамның маңызды саяси-әлеуметтік институты, оның саяси жүйесінің негізі. Ол адамдардың, олардың топтары мен бірлестіктерінің мінез-құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты реттеу процесінде және өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу барысында саяси билікті іске асырушы.
Отбасы – шағын әлеуметтік топ, ол некеге, қандас туыстыққа негізделген және тұрмыстың ортақтығымен, балалар тәрбиесі үшін өзара жауапкершілікпен, өзара көмектесу қатынасымен байланысқан.
Өзін-өзі басқару – сапалы басқарудың ерекше түрі, онда қайсыбір әлеуметтік-саяси жүйенің өмір сүруі сырттан іске асырылмайды, керісінше, оның құрылымдарының ішкі проблемаларды шешуде белсенді араласуы арқасында автономды, өзіндік негізде жүзеге асады.
Өмір салты – адамдардың өмір қызметі формаларының тұтасқан жиынтығы, нақты тарихи жағдайлар мен олардың өзара әрекетінің шарттарына негізделген.
Постиндустриалды қоғам - адамзат қоғамы дамуының үшінші (аграрлық және индустриалдық қоғамнан кейінгі) сатысы, әлемдік көпшілікке олардың болашағын көрсетіп, қазіргі ғылыми технологиялық, басқа да төңкерістердің қол жеткен табыстарымен және келешегімен байланысқан әлеуметтік өзгерістерді сипаттайды. Оның көрнекті өкілдері: Д.Белл, З.Бжезинский, Р.Дарендорф және т.б.
Репрезентативтілік – (фр. Representatif - өкілдік) – белгілі әлеуметтік құбылыстар немесе процестерді, олардың белгілерін, т.б. осындай бүкіл зерттелетін жиынтық сипатын көрсететін сұрыптау зерттеуінің қабілеті.
Респондант – (ағыл. Respond – жауап беру) – анкеттеу немесе сұхбаттама барысында сұрақтарға жауап қайтарушы (жауапшы, жауапкер).
Саяси төңкеріс - әлеуметтік төңкерістің құрамдас бөлігі, қоғамдық өмірдің саяси саласындағы оның көрініс табуы, біреулердің саяси билігін алмастырудан ескі әлеуметтік-саяси күштерді басқалармен, жаңамен, әдетте, прогрессивті күштермен ауыстырудан байқалады.
Сословия – құқықтармен және міндеттермен ерекшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп берілетін көптеген индустриялыққа дейінгі, аграрлық қоғамдағы әлеуметтік топтар.
Социум - әлеуметтану ғылымының объектісі, яғни қоғам адамзаттық өзара әрекеттің жалпы формасы ракурсындағы әлеуметтік ақиқат.
Сұрыптау – тікелей зерттеуге жататын әлеуметтану зерттеу объектісінің шектелген элементтерінің жиынтығы.
Сұхбат, Сұхбатнама – әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады.
Урбанизация – (лат. Urbanus – городской, қалалық) – қалалардың, қала халқының өсуінің, олардың қоғам дамуындағы рөлінің артуы және ірі қалаларға, басқа да халыққа тән белгілердің, ерекшеліктердің, өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
Ұлт – адамдардың этноәлеуметтік қауымдастығының тарихи формасы негізінде тауар-ақша қатынастарының шығуы мен дамуы дәуірінде пайда болып, осымен байланысты ол бір тілде сөйлейтін халық орналасқан территория қалыптасуымен және ортақ тіл, мәдениет, психология, тарихи тағдыр, этникалық сана, салт-дәстүрімен сипатталады.
Ұлыс – аграрлық, индустриалдыққа дейінгі қоғам үшін тарихи сипатты және ең алдымен этнотерриториялық негізде қалыптасатын адамдардың этноәлеуметтік қауымдастығының бірден-бір формасы.
Іштей бақылау - әлеуметтану зерттеуінің формасы, алғашқы әлеуметтану ақпаратын жинаудың тәсілі, әдісі. Мұнда әлеуметтанушы зерттелетін топтың немесе басқа да әлеуметтік объектілердің күнделікті өміріне енуі.
Құрастырған: Сулеймен М.А.
Каф.меңгерушісі: Серікбаев Е.Қ.
